Үрейлі ақпарат таратуды доғарыңыздар – Бекшин

3 Ақпан 2020, 17:52
1533
Бөлісу:
Үрейлі ақпарат таратуды доғарыңыздар – Бекшин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Шетелден келген бойда дене қызуыңыз бар екенін байқасаңыз, ол туралы әлеуметтік желілерде жазудың еш қажеті жоқ.


Емхананы шарлап, шаршамаңыз. Мұндайда бірден 1406 нөміріне қоңырау шалу қажет. Бұл туралы бүгін Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты. Бұдан басқа ол халықтан қауесетке толы қоқынышты хабар таратпауын сұрады.
Егер сіз шетелден келген болсаңыз, денсаулығыңыз сыр беріп, сәл де болса күдік туындаса, бірден 1406 call-орталыққа шұғыл хабарласу қажет. Медицианалық мекемелерге бармаңыз, - деді ол тілшілерге арналған брифингте. 

Оның айтуынша, жақында Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрлігі уақытша ұсыныстары жөнінде құжат пайда болған. Бұл да біздің мамандардың назарында. 

Бұл орайда, ол БАҚ өкілдері мен блогерлердің ақпараттық жауапкершігіне тоқталып өтті.
 
Қайталап айтамыз, қорқыныш тудыратын хабар таратуды тоқтатуларыңызды сұраймыз. Олардың бәрі қауесетке толы екенін тағы да ескертеміз. Адамдарды шатастыру жақсылыққа апармайды. Сондықтан тек ресми ақпараттарға ғана сүйеніңіздер. Денсаулық сақтау министрлігі қабылдаған шараларды жүйелі жүргізуде. Бұл бағытта барлық ресурстар жеткілікті, - деп түйіндеді өз сөзін Бекшин.

ДСМ ресми өкілі барша қазақстандықтарды министрліктің фейсбук парақшасына жазылуға шақырды.
Өзгелердің жаңалығы