Все новости за 18 сәуір 2020
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Үндістаннан чартерлік ұшақпен 6 адам елге оралды
Осы рейспен Қазақстанға коронавируспен күресу үшін гуманитарлық көмек ретінде 30 мың дәрі-дәрмек жіберілді
-
Коронавирустың күтпеген қыры
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жеке қорғану құралдарын жою экологиялық проблема тудырып отыр. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы мәлімдеді.
-
Тоқаев Үндістан үкіметіне және Премьер-министріне алғыс айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан үкіметіне және Премьер-министріне алғыс айтты. Бұл туралы Президент өзінің твиттердегі парақшасында жазды.
-
Ата-ана баласы баға үшін емес, сапа үшін оқуы керегін түсіне бастады – блогер
Бұл туралы танымал блогер Алмас Тоқабаев ҚР Білім және ғылым министрлігінің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында өткен онлайн-конференцияда айтты.
-
Қостанай облысында 3 жастағы сәбиге індет жұққан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған соңғы 6 адам жайлы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы ақпарат таратты.
-
Қашықтан оқыту. Білікті ұстаздарға сұраныс артады – Мұрат Әбенов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қашықтан оқыту – оқушылар мен ата-аналар үшін жаңа тәжірибе" тақырыбында өткен онлайн конференция барысында қоғам қайраткері Мұрат Әбенов қашықтан білім берудің тиімділігі жайлы айтты.
-
Індет жұқтырған тағы 15 адам тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 15 адам тіркелді. Бұл туралы коронавирус індетінің еліміздегі ресми ақпарат көзі хабарлады.
-
Жұмағалиев: Цифрландыру дегеніміз...
Мемлекеттік бағдарламаны уақыт талабына сай өзекті ету туралы тапсырманы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ТЖ жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында берген еді.
-
Қашықтан оқыту. Білім беру саласы үшін - дамудың жаңа кезеңі
Онлайн форматта өткен жиынға ата-аналар, қоғам белсенділері, мұғалімдер, журналистер мен блогерлер қатысты.
-
Түркістан облысы карантинге жабылады
Сонымен қатар, көшелерде және қоғамдық орындарда үш адамнан артық жиналуға тыйым салынады. 65 жастан асқан азаматтар үйден шықпай оқшаулануы тиіс.
-
Қашықтан оқыту. Ата-аналар қолдайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі пандемия жағдайына қарамастан, бала білімнен қол үзбеу керек.
-
Бекшин жаңа қызметке тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
-
Шымкентте карантин шаралары күшейтілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов мәлім етті.
-
Дәрігерлердің құрметіне тұрғын үйдің қасбетіне сурет салынып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлердің бейнесі тұрғын үй кешенінің қасбетінде пайда болады. Қаланың шығармашылық қауымдастығы суретті медициналық қызметкерлерге арнап салып жатыр.
-
Ақтөбе облысында 1 адам коронавирустан емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысында 1 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.
-
Түркиялық инвестор елімізге дәрі-дәрмектер жолдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бауырлас елдер Қазақстан мен Түркия COVID-19 індетіне қарсы бір-біріне көмек көрсетуді жалғастыруда. Түркиялық "Nobel İlaç" дәрі-дәрмек компаниясы елімізге медициналық препараттар жіберді.
-
Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясы қосымша бригадаларды іске қосты
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Карантин кезінде облыстық жедел жәрдем станциясы қосымша бригадаларды іске қосты.
-
Шымкентте қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы қоғамдық көлік бөлімінің басшысы Наурыз Сүгірәлиев мәлімдеді.
-
Арман Шораев қамауға алынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент жанындағы Қоғамдық сенім ұлттық кеңесінің бұрынғы мүшесі Арман Шораев қамауға алынды, деп хабарлайды Алматы қаласының полиция департаменті.
-
Көктемгі дала жұмыстарына қажетті жанармай құны төмендеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент тапсырмасына сәйкес Шымкентте көктемгі дала жұмыстарына қажетті жанар-жағармай құны 174 теңгеден 160 теңге төмендетілді. Барлық агроқұрылымдар дизель отынын уақтылы алып жатыр. Тапшылық жоқ.
-
Павлодарда коронавирус жұқтырған бір адам туралы ақпарат
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабының мәліметінше, Павлодар қаласының 1974 жылғы тұрғынының COVID-19-ды жұқтырғаны анықталды.
-
COVID-19: Вирус жұқтырудан сақтайтын мобильді қосымша жасалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мұндай шаралар вирустың таралу тізбегін үзуге көмектеседі.
-
Қазақстанда тағы 11 адам індеттен емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін елімізде 11 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.
-
Атырауда 2 мыңға жуық зейнеткер зейнетақысын үйден алуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы бүгін Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте "Қазпошта" АҚ Атырау облыстық филиалы директоры Алтын Садықова хабарлады.
-
COVID-19: Павлодарда анықталған науқас туралы не белгілі?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында короновирустың тағы бір жағдайы тіркелді, деп хабарлады Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
-
Коронавирус: Елімізде тағы 22 науқас анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оның басым бөлігі Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді.
-
Төтенше жағдай: "Алтын белгі" беру ережелеріне өзгеріс енгізіле ме?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Алтын белгі" беру ережелері өзгеріссіз қалады, деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.
-
COVID-19: Алматы облысында науқастар саны 2 адамға артты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Алматы облысында коронавируспен ауырғандар саны 2 адамға артты, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
-
42 500 теңге: Халыққа кез келген көмек артық етпейді – көпбалалы ана
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еліміз бойынша 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік көмек алған түрлі сала мамандары пікір білдірді.
-
Коронавирус. Ұзақ уақыт үйде отыру бала психологиясына қалай әсер етті?
Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Коронавирус пандемиясы бәрімізді дерлік үйден шығармай, төрт қабырғаға қамап қойды. Ересектер індет қаупін, вирустан сақтану үшін әлеуметтік оқшауланудың мән-маңызын түсінер. Әйткенмен, тап қазір алаңда асыр салып ойнап, мектебіне барып, күнұзаққа сыртта жүретін балаларға қазіргі жағдайды қалай түсіндіреміз? Баламыздың "Сыртқа шыққым келеді! Далада ойнағым келеді! Неге шығармайсыздар? Балабақшаға барамын, мектепке барамын, неге барғызбайсыздар?" деген сан сұрағына қалай жауап береміз? Баламен қазіргі төтенше жағдай кезінде қалай әңгемелесіміз? Баланы тәртіпке үйретерден бұрын өзімізді қалай тәрбиелейміз? Көбімізді мазалайтын сұрақтар болса керек. Осы орайда отбасы, әке-шеше мен бала, жалпы карантиндегі отбасы өмірі туралы бала психологиясы бойынша білікті маман, тәжірибелі психолог, Қаракөз Момбаевамен сұхбаттастық.
-
Қазақстан халқының саны қаншаға жетті?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылғы 1-наурызбен салыстырғанда халық саны 1,3% көбейді. Еліміз бойынша халық санағын өткізу мерзімі 2020 жылдың 1-30 қазан аралығы болып белгіленді. Осы жылы республикада кезекті ұлттық халық санағын өткізу бойынша ведомствоаралық комиссия құрылып, іс-шара жоспары бекітілді.
-
COVID-19: Қазақстанда 366 адам жазылып шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Нұр-Сұлтанда көшет отырғызу жалғасуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада түрлі жас көшеттерді отырғызу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлады қала әкімдігінің сайты.
-
Әскерилер Ақтауда дезинфекция жүргізуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қауіпті вирустың таралуымен күресудің негізгі құралы - дезинфекция. Сондықтан қазір әскери қызметшілердің күші дезинфекция жұмыстарын сапалы жүргізуге бағытталған, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
-
Қазақстан мен АҚШ арасындағы консулдық артықшылықтар туралы заң ратификацияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Консулдық артықшылықтар мен иммунитеттер туралы келісім туралы заңға қол қойды, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
-
БЖЗҚ жинақ сомасы неге азайып жатқанына жауап берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Facebook-тегі парақшасында жинақтар тек салымшының меншігі екенін айтты.
-
Қостанай облысында індет жұқтырғандардың жағдайы бірқалыпты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы тәулікте Қостанай облысының Жітіқара қаласында коронавирустық инфекцияның жаңа 2 жағдайы тіркелді.
-
Коронавирус: 7 адам жазылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 7 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Атырау облысында - 5 адам, Қызылорда облысында - 2 адам, деп хабарлады coronavirus2020.kz.
-
Жапония билігі азаматтарына мың доллардан береді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықты қолдауға бағытталған бюджеттің жалпы шығыны 12 триллион иенді құрайды. Қаражат жақын күндері төлене бастайды.
-
Атырауда пошта қызметін қашықтан тұтынушылар көбейген
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырау облысында Қазпоштаның 117 бөлімі бар. Төтенше жағдайда пошта қызметіне де біраз өзгерістер енгізген. Жұмыс уақыттары қысқарып, ондаған бөлімшелер жабылған. Дегенмен Атырау облыстық филиалы директоры Алтын Садықованың айтуынша зейнетақылар мен әлеуметтік төлемдерді төлеу жұмыстары қалыпты.
-
Президент оқитын кітаптар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Инстаграмдағы парақшасында кітап оқу – рухани кемелденудің көзі екенін айта келе, осы күндері өзі оқып жатқан кітаптар мен газет-журналдардың тізімін ұсынды.⠀
-
Нұрділда Ораз: Тәртіпке мойынсұнып, сынақтан аман өтейік
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ішкі істер министрінің кеңесшісі Инстаграм желісіндегі парақшасында полиция қызметкерлеріне қарсылық танытқандарға қатысты түсініктеме берді.
-
7 адам коронавирус індетінен емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 7 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлады coronavirus2020.kz сайты.
-
БҰҰ қашықтан жұмыс істеу режимін ұзартты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. COVID-19 пандемиясы салдарынан режим сәуір айының соңына дейін белгіленген болатын, деп жазады korrespondent.net.
-
Елорда таксилеріне сұраныс екі есе артты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 31 наурыздан бастап ресми таксилерге сұраныс екі есе өсті. Бүгінгі күні такси жолаушыларының орташа саны тәулігіне 6000 адамды құрайды, деп хабарлады қала әкімдігінің сайты.
-
Жамбылдық ардагерлердің бейнесі альбом-кітаптан көрініс табады – кеңес төрағасы
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ұлы Отан соғысы жылдарында Жамбыл облысынан 41 543 жауынгер ұрыс даласына аттанып, барлық майданда шайқасқан. Олардың 33 275-і туған жеріне қайта оралған жоқ. Қанды қырғында әулиеаталық 15 367 сарбаз ерлікпен қаза тапса, 17 639-ы хабар-ошарсыз кетті. 8 278 жауынгерге жеңісті, елді көру бұйырған.
-
Алматы облысында тағы 2 адамның вирус жұқтырғаны расталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандағы коронавирус бойынша 18 сәуір 12:00-дегі эпидемиологиялық жағдай туралы хабарланды.
-
Жамбыл облысында тағы 5 адамнан вирус анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы 18 сәуірдегі Жамбыл облысындағы коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы.
-
Төтенше жағдай: 15 мың теңге кімдерге беріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Карантинге жабылған өңірлерде тұратын азаматтардың жекелеген санаттарына коммуналдық қызметтер үшін 15 мың теңгеден төленетін болады.
-
Атырауда вирус жұқтырғандар саны 76-ға жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысында Covid-19 жұқтырған тағы төрт адам тіркелді, деп хабарлайды ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штабы.
-
Еңбек министрлігінің азаматтарды жауапқа тарту құзіреті жоқ
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Facebook-тегі ресми парақшасында 42 500 теңге әлеуметтік төлем алудағы жауапкершілік туралы жазды.
-
Төтенше жағдай: Тұрғындарға тағы да 15 мың теңгеден төленеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Карантинге жабылған өңірлерде тұратын азаматтардың жекелеген санаттарына коммуналдық қызметтер үшін 15 мың теңгеден төленетін болады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.
-
Павлодарда коронавирус жұқтырған тағы екі жағдай тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында коронавирус жұқтырған жаңа екі жағдай тіркелді, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
-
Ол үшін жүйе дұрыс болуы керек – Александр Лукашенко
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Беларусь қатаң карантин енгізбеген және футбол чемпионатын жалғастырып отырған жалғыз Еуропа елі болып отыр. Тіпті матчқа кіруге тыйым да салынған жоқ, деп хабарлайды Prosports.kz.
-
Төтенше жағдай: Сексенге тарта азамат арнайы әскери жиынға шақырылды
Жамбыл облысы. BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысында қазіргі қалыптасқан төтенше жағдай режімін қамтамасыз ету үшін әскери міндеттілерді арнаулы жиынға шақырту шаралары басталды.
-
Түркістанның бұрынғы әкімі Әліпбек Өсербаев қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан қаласының бұрынғы әкімі, Түркістан облысы Ордабасы ауданының әкімі Әліпбек Өсербаев қайтыс болды, деп хабарлайды "Южный Казахстан" гезеті.
-
Теміртаудың екі тұрғынынан коронавирус анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында 18 сәуірде коронавирустық инфекцияны жұқтырудың екі жаңа жағдайы расталды.
-
Түркістанда тіркелген науқас Ресейден келген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 1 адам тіркелді, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.
-
БҚО-дағы науқастардың жағдайы қанағаттанарлық
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясы 6 адамнан анықталды, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.
-
Құтқарушылар Көкшетау көшелерін дезинфекциялауда
Көкшетау, BAQ.KZ тілшісі. Көкшетау техникалық институтының оқытушылары мен офицерлері төтенше жағдай режимінде қала көшелеріне дезинфекциялау жұмыстарын жүргізуде.
-
Шымкентте COVID-19 инфекциясы 11 адамнан анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Шымкент қаласында COVID-19 инфекциясы 11 адамнан анықталды, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.
-
Коронавирус жұқтырғандар саны 1 600-ге жуықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандағы коронавирус бойынша 18 сәуір 09:30-дағы эпидемиологиялық жағдай туралы хабарланды.
-
Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 18 сәуір күні республиканың екі қаласында метеорологиялық ахуал жағымсыз болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
-
Альваресті жеңуге болады – Әлімханұлы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кәсіпқой рингте жеңіліп көрмеген орта салмақтағы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) әлем чемпиондары мексикалық Сауль Альварес (53-1-2, 36 КО) мен американдық Деметриус Андрадені (29-0, 18 КО)жеңудің құпиясын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
-
Техас дүйсенбіден бастап санитарлық шектеулерді ала бастайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алдағы дүйсенбіде АҚШ-тың Техас штаты коронавирусқа байланысты шектеулерді біртіндеп азайтады. Тиісті жарлыққа штат губернаторы Грег Эбботт қол қойды, деп хабарлайды РИА Новости.
-
Сенбі, 18 сәуірге арналған ауа райы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенбі күні республиканың басым бөлігінде күн райы ашық болады, тек батыс пен солтүстік-батыста жаңбыр жауады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
-
Семейде карантин режимі тағы күшейе түседі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семейде көлік және жаяу жүргіншілер қозғалысы қатаң шектеледі, деп хабарлайды 24.kz.
-
Нигерияда карантинді бұзғаны үшін 18 адам қаза тапқан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нигерияның қауіпсіздік күштері карантиндік режимді сақтамаған 18 адамды өлтірді, деп хабарлайды Jakarta post.
-
Бәйдібек ауданына жаңа әкім тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Бәйдібек ауданына жаңадан әкім тағайындалды. Облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев жаңа әкімді аудан активіне таныстырды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
-
Қазақстан мен Түркия əскери-техникалық ынтымақтастықты дамытуды талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кеше ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Түрік Республикасының Ұлттық қорғаныс министрінің орынбасары – Қорғаныс өнеркәсібі комитетінің төрағасы Исмаил Демирмен кездесу өткізді. Бұл туралы министрліктің ресми сайтында хабарланды.
-
Елордада тағы бір компания маска шығаруды қолға алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада тағы бір компания маска шығаруды қолға алды. Бұл маскалар қаладағы дәріханалар желісіне түседі, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.
-
Ақтаудағы азық-түлік сататын ірі сауда орындарының жұмыс уақыты қысқарды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтаудағы азық-түлік сататын ірі сауда орындарының жұмыс режимі өзгерді. Бұл туралы Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте ішкі саясат басқармасының басшысы Ержан Күмісқалиев мәлімдеді.
-
Жеңіс-75: Қарағандылық ардагерлер Жеңіс күніне бір жолғы көмек алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектері миллион теңгеден алды. Тыл еңбеккерлері, Ленинградты қоршағандар, концлагерь тұтқындары және Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген азаматтардың басқа да санаттары да назардан тыс қалмаған.
-
Түркістанда тұрғын үй құрылысы қарқынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында мемлекеттік бюджет есебінен кредиттік 5489 пәтерлі 88 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. 24 үйдің 1452 пәтер тұрғындары жақында қоныс тойын тойлайды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
-
Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Байтолла Ғазизов өз еркімен қызметінен кетті, деп хабарлайды облыстық басқарманың баспасөз қызметі.
-
Елордада "Сергек" арқылы карантин кезінде кімдерге айыппұл салынады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Карантин және төтенше жағдай кезінде елордада "Сергек" жүйесі де күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.
-
Алматы облысы: Сарыөзек кенті карантинге жабылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кербұлақ ауданындағы Сарыөзек ауылы 18 сәуірде сағат 00:00-ден бастап, 1 мамырға дейін карантинге жабылады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
-
БҚО-да індет жұқтырған адам Ресейде жұмыс істеп келген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырған соңғы 1 адам жайлы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы ақпарат таратты.
-
Қостанай облысында індет жұқтырған соңғы 2 науқас жайлы мәлімет
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған соңғы екі науқас жайлы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы ақпарат таратты.
Наверх