Павлодарда коронавирус жұқтырған бір адам туралы ақпарат

18 Сәуір 2020, 18:15
1257
Бөлісу:
 Павлодарда коронавирус жұқтырған бір адам туралы ақпарат

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабының мәліметінше, Павлодар қаласының 1974 жылғы тұрғынының COVID-19-ды жұқтырғаны анықталды.

Ол 17 сəуірде жедел жəрдем бригадасымен провизорлық ауруханаға жеткізілген.

Ауруханаға түскен кезде ер адамның дене температурасы 38 градусты көрсетті, коронавирустың бар-жоғын анықтау үшін анализ алынып, 18 сəуір күні талдау нәтижелері вирусты жұқтырғанын нақтылады.

Бұл азамат жер үйде тұрып жүрген.

Қатынас жасаған адамдар анықталып жатыр, оларды оқшаулау жұмыстары жүргізілуде. Эпидемияға қарсы шаралар қолға алынған.

18.04.2020 ж. жағдай бойынша Павлодар облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 18 адам тіркелген.

Өзгелердің жаңалығы