Теміртаудың екі тұрғынынан коронавирус анықталды

18 Сәуір 2020, 10:20
1063
Бөлісу:
Теміртаудың екі тұрғынынан коронавирус анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында 18 сәуірде коронавирустық инфекцияны жұқтырудың екі жаңа жағдайы расталды.

Екі науқас та Теміртау қаласының тұрғындары. Олардың бірі - 18 жаста, екіншісі - 52 жаста. Бұрын жұқтырғандармен жақын байланыста болған. осы уақытқа дейін карантиндік стационарда болған.

Бүгінгі таңда облыста COVID-19 89 жағдайы тіркелген, оның ішінде бір науқас қайтыс болды және бес пациент жазылып шықты.

Тәулік бойы бақылауда 781 адам бар. Олар 1А және 1Б (Италия, Франция, Испания, Иран, Германия, Үндістан, Таиланд, Малайзия, БАӘ, Шри-Ланка, Египет) санатындағы елдерден келген немесе шартты түрде жұқтырғандармен байланыста болған адамдар. Үй карантинінде - 2 340 адам, үй карантинінен 403 адам шығарылды.

Өзгелердің жаңалығы