Қостанай облысында індет жұқтырған соңғы 2 науқас жайлы мәлімет

18 Сәуір 2020, 00:07
1109
Бөлісу:
Қостанай облысында індет жұқтырған соңғы 2 науқас жайлы мәлімет

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған соңғы екі науқас жайлы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы ақпарат таратты.

Қостанай облысының Жітіқара қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 2 адам анықталды. 2020 жылғы 17 сәуірде 48 және 49 жастағы Жітіқара қаласының тұрғындарында COVID-19  диагнозы расталды. Ер адамның біреуінде карантинге алынған азаматтарды тексеру кезінде расталды. Екіншісінде бұған дейін вирусты жұқтырған адаммен жақын қарым-қатынаста болғаннан туындады. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем-шаралары жүргізіліп жатыр - делінген хабарламада.

Облыста жалпы 17.04.2020 ж. жағдай бойынша өңірде COVID-19 инфекциясын жұқтырған 9 адам тіркелген.

Эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы