Ақтаудағы азық-түлік сататын ірі сауда орындарының жұмыс уақыты қысқарды

18 Сәуір 2020, 04:43
1610
Бөлісу:
Ақтаудағы азық-түлік сататын ірі сауда орындарының жұмыс уақыты қысқарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Ақтаудағы азық-түлік сататын ірі сауда орындарының жұмыс режимі өзгерді. Бұл туралы Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте ішкі саясат басқармасының басшысы Ержан Күмісқалиев мәлімдеді.

ҚР Мемлекеттік Бас санитарының 2020 жылдың 14 сәуір күнгі №33 қаулысына сәйкес, облыстық штабтың шешімімен және сауда орындары басшылығының келісімімен Ақтау қаласындағы эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтылығын сақтау мақсатында ірі сауда орындарының жұмыс режиміне өзгерістер енгізіледі:

1. Ақтау қаласындағы азық-түлік сататын ірі сауда орындары: "Дина" гипермаркеті (33 ш/а), 17.04.2020 бастап, 9:00 - 17:00 аралығында қызмет етеді; "Анвар" гипермаркеті (Шығыс-2 ш/а) 17.04.2020 бастап, күнделікті сағат 9:00 - 17:00 аралығында қызмет етеді; "Асар-С" базарының жұмыс уақыты 18.04.2020 жылдан бастап, сағат 6:00 - 11:00 аралығында белгіленеді; "Мағаш" базарының ("Сары" базар) жұмысы 20.04.2020 жылдан бастап уақытша тоқтатылады. Ал қалған азық-түлік дүкендері бұрынғы режимінде жұмыстарын жалғастырады.

2. Ақтау қаласындағы ірі және орта кәсіпорындар мен мекемелердің қызметтік автокөліктерінің саны 50%-ға дейін қысқартылады.

3. Рұқсат берілген такси қызметінде жұмыс жасайтын көліктің саны 50%-ға қысқартылады.


Өзгелердің жаңалығы