Жапония билігі азаматтарына мың доллардан береді

18 Сәуір 2020, 13:46
1486
Бөлісу:
Жапония билігі азаматтарына мың доллардан береді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықты қолдауға бағытталған бюджеттің жалпы шығыны 12 триллион иенді құрайды. Қаражат жақын күндері төлене бастайды.


Жапония билігі коронавирус пандемиясы кезеңінде халықты қолдау мақсатында елдің әрбір азаматына 100 мың иен (927 доллар) төлейді, деп жазады Bloomberg.

Бастапқыда ел билігі табыс көзін жоғалтқандарын дәлелдей алған азаматтарға ғана көмек ретінде 300 мың иен бермекші болған. Алайда, көп ұзамай бұл идеядан бас тартады. Қиын кезеңде елдің әрбір азаматына қолдау көрсеткен дұрыс деп тапқан. Үкіметтің жаңа бағдарламасы үшін бюджеттен 12 триллион иен бөлуге тура келген. 

Биліктің мұндай жомарттығына қоғамды қолдау деңгейі төмендеп кеткені әсер еткен. Алайда, ел тұрғындары төтенше жағдай бірқатар аймақта жариялауы тиіс еді деген пікірде. 14 сәуірде "Yomiuri" басылымы жариялаған сауалнама нәтижесі премьер-министр Абэ кабинетінің деңгейі 6 пайызға (42%-ға дейін) төмендеп кеткенін көрсеткен.

17 сәуірдегі мәлімет бойынша, Жапонияда 9 мыңнан астам адам коронавирус індетіне шалдыққан. Оның 935-і жазылып шықса, 190-ы қайтыс болған.
Өзгелердің жаңалығы