Ол үшін жүйе дұрыс болуы керек – Александр Лукашенко

18 Сәуір 2020, 10:50
1365
Бөлісу:
Ол үшін жүйе дұрыс болуы керек – Александр Лукашенко

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Беларусь қатаң карантин енгізбеген және футбол чемпионатын жалғастырып отырған жалғыз Еуропа елі болып отыр. Тіпті матчқа кіруге тыйым да салынған жоқ, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мемлекет басшысы Александр Лукашенко Беларусьтің коронавируспен күресудегі ерекше жолын атап өтті.

Көрдіңіздер ме, біз басқа жолмен кеттік?! Біздің жолымызбен жүру үшін жүйе дұрыс болуы керек. Бұл жүйе, тіпті бізден басқа, посткеңестік республикаларда мүлдем жойылды. Жұқпалы ауруханалар жойылды, мамандар жоқтың қасы, ешкім микробиологтарды, вирусологтарды, эпидемиологтарды дайындаған жоқ. Енді соның зардабын тартып отыр. Тіпті бізге тасадан тас лақтыратынын қайтерсің?! Бірақ үміт оты жана бастады. Әсіресе Минскіде. Бізде ауруханаға жатқызылған адамдарға қарағанда бос орын көп. Ең бастысы, аурудың белең алуына жол бермедік, - дейді Лукашенко belta.by сайтына.

Өзгелердің жаңалығы