Қостанай облысында 3 жастағы сәбиге індет жұққан

18 Сәуір 2020, 22:49
1147
Бөлісу:
Қостанай облысында 3 жастағы сәбиге індет жұққан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған соңғы 6 адам жайлы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы ақпарат таратты. 

COVID-19 вирусы 1943, 1949 және 1950 жылғы зейнеткерлердің ағзасынан табылды. Сонымен қатар 2017 жылы туған бала мен 1987 жылғы ер адамның да вирусты жұқтырғаны белгілі болды. Аталған адамдар өздеріне дейін коронавирусты жұқтырған адамдардың көршілері және жақын байланыста болғандар. Барлық науқастар Жітіқара АОА КМК жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды, тиісті ем-дом қабылдап жатыр. Бұған қоса, COVID-19 вирусын 48 жастағы Арқалық қаласының тұрғыны жұқтырған. Вирусты жұқтырған әйел адам ауруханаға жатқызылды. Барлығының жағдайы қанағаттанарлық - делінген хабарламада.

Қатынасқан адамдардың тізімі анықталып жатыр, барлығы медициналық бақылауға алынуда.

Ауру ошақтарында зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілді. 

Жалпы 18.04.2020 жылғы жағдай бойынша облыста COVID-19 инфекциясын жұқтырған 15 адам тіркелді.

Өзгелердің жаңалығы