Альваресті жеңуге болады – Әлімханұлы

18 Сәуір 2020, 09:10
1816
Бөлісу:
Альваресті жеңуге болады – Әлімханұлы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кәсіпқой рингте жеңіліп көрмеген орта салмақтағы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) әлем чемпиондары мексикалық Сауль Альварес (53-1-2, 36 КО) мен американдық Деметриус Андрадені (29-0, 18 КО)жеңудің құпиясын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мен "Канело" мен Андрадены қалай жеңетінімді білемін. Мен 100% дайынмын. Маған тек олармен кездесу керек. Құрметті әлемдік бокс жанкүйерлері, жақында сізде жаңа жұлдыз пайда болады. Біз тарихты бірге жазамыз, - деп жазды Жәнібек Twitter-дегі парақшасында.

Айта кетелік, Сауль Альварес - орта салмақта WBA чемпионы, Деметриус Андраде WBO чемпиондық белбеуіне ие.

Жәнібек Әлімханұлы орта салмақта WBC Continental America және WBO жаһандық чемпиондық белбеуін иемденген. 27 жастағы қазақстандық алдыңғы жекпе-жегін өткен жылдың 9 қарашасында Фресно қаласында (Калифорния, АҚШ) өткізді. Сол кеште, алтыншы раундта ол Нигериядан шыққан канадалық Альберт Онолуносты (24-3-1, 8 КО) нокаутқа жіберді.

Өзгелердің жаңалығы