Атырауда вирус жұқтырғандар саны 76-ға жетті

18 Сәуір 2020, 11:28
1174
Бөлісу:
Атырауда вирус жұқтырғандар саны 76-ға жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысында Covid-19 жұқтырған тағы төрт адам тіркелді, деп хабарлайды ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штабы.

Ауырған жергілікті төрт тұрғын да Covid-19 жұқтырған науқастармен байланыста болған. Олар - 1980, 1990, 1983 және 1990 жылы туған ер адамдар.

Дертке шалдыққандар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылып, хаттамаға сәйкес ем тағайындалды.

Қазіргі уақытта ауру ошақтары оқшауланып, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 76-ға жетті, 16 адам жазылып шықты.
Өзгелердің жаңалығы