Түркістанның бұрынғы әкімі Әліпбек Өсербаев қайтыс болды

18 Сәуір 2020, 10:30
1965
Бөлісу:
Түркістанның бұрынғы әкімі Әліпбек Өсербаев қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан қаласының бұрынғы әкімі, Түркістан облысы Ордабасы ауданының әкімі Әліпбек Өсербаев қайтыс болды, деп хабарлайды "Южный Казахстан" гезеті.

Ол 17 сәуірде қайтыс болғаны хабарланды. Аудан басшысының неге, қалай қайтыс болғаны айтылмаған.

Әліпбек Өсербаев 1961 жылы 20 тамызда ОҚО-ның (қазіргі Түркістан облысы) Қызылқұм ауданында дүниеге келген. Инженер-химик-технолог мамандығы бойынша білім алған. Еңбек жолын 1983 жылы Қарағанды асбестцемент зауытының машинисі қызметінен бастаған. Одан әрі Түркістан құрылыс бөлімінің және ОҚО кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының меңгерушісі болған. Сондай-ақ, Түркістан және Кентау әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

2017 жылдың желтоқсаны мен 2018 жылдың маусымы аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болған.

2018 жылдың маусым айынан 2019 жылдың шілдесіне дейін Түркістан қаласының әкімі болды, кейін Ордабасы ауданының әкімі болып тағайындалды. 

Өзгелердің жаңалығы