Нигерияда карантинді бұзғаны үшін 18 адам қаза тапқан

18 Сәуір 2020, 07:17
2524
Бөлісу:
Нигерияда карантинді бұзғаны үшін 18 адам қаза тапқан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нигерияның қауіпсіздік күштері карантиндік режимді сақтамаған 18 адамды өлтірді, деп хабарлайды Jakarta post.

Адам құқықтары жөніндегі комиссияның жауапты хатшысы Тони Оджуквудың айтуынша, 24 штаттан 105 шағым түскен. Оның айтуынша, тәртіп сақшылары билікті асыра пайдаланған.
Карантиндік шараларға тартылған құрылымдар, соның ішінде полиция мен армия, коронавирусқа қарағанда өз азаматтарына көп залал келтірді. Бұл күштік құрылым қызметкерлеріндегі кәсібиліктің төмен көрсеткіші, - деді Оджукву.

Қауіпсіздік күштері өз кезегінде олар шектеулі шараларды «кәсіби және халықаралық стандарттарға сәйкес» қадағалайтындығына сендіреді. Алайда полиция тергеу жүргізіліп, кінәлілер жауапкершілікке тартылады деп уәде берді.

29 наурызда президент Мохаммаду Бухари коронавирустық пандемияға байланысты елдің ірі қалаларында 14 күндік карантин жариялағандығы атап өтілген. 13 сәуірде карантин шаралары тағы екі аптаға ұзартылды.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, Африкадағы халық ең тығыз орналасқан Нигерияда COVID-19 инфекциясын жұқтырған 442 жағдай расталған. Сонымен бірге 13 адам қайтыс болды, 99 адам емделіп шыққан.

Өзгелердің жаңалығы