Павлодарда коронавирус жұқтырған тағы екі жағдай тіркелді

18 Сәуір 2020, 11:05
1151
Бөлісу:
Павлодарда коронавирус жұқтырған тағы екі жағдай тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында коронавирус жұқтырған жаңа екі жағдай тіркелді, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

COVID-19 1983 жылғы Павлодар мен 1963 жылғы Екібастұз тұрғындарында анықталды.

1983 жылғы ер адам (Павлодар) COVID-19 анықталған жағдаймен байланыста болған. 17.04.2020 жылы ауруханаға жатқызылды, науқастан COVID-19-ге анализ алынды, 18.04.2020 жылы оң нәтижені көрсетті. Жатқызу кезінде шағымдары жоқ, температурасы 36,2.

1963 жылғы ер адам (Екібастұз) 17.04.2020 жылы дене температурасының көтерілуі, әлсіздік пен жөтелдің болуымен провизорлық ауруханаға жатқызылды. Науқастан COVID-19-ге анализ алынды, 18.04.2020 жылы нәтижесі - оң. Ер адамның айтуы бойынша, мемлекеттен тыс аумақтарға шықпаған, анықталған  КВИ жағдайлармен байланыста болмаған.

Екі жағдай бойынша байланыста болуы мүмкін адамдар тобы анықталып жатыр, оларды оқшаулау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Эпидемияға қарсы шаралар жалғасып жатыр.


Өзгелердің жаңалығы