Техас дүйсенбіден бастап санитарлық шектеулерді ала бастайды

18 Сәуір 2020, 08:43
1739
Бөлісу:
Техас дүйсенбіден бастап санитарлық шектеулерді ала бастайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алдағы дүйсенбіде АҚШ-тың Техас штаты коронавирусқа байланысты шектеулерді біртіндеп азайтады. Тиісті жарлыққа  штат губернаторы Грег Эбботт қол қойды, деп хабарлайды РИА Новости.

Бірқатар талаптарды ескере отырып, саябақтар ашылады. Бірақ бетперде кию міндетті, бір-біріне 180 сантиметр қашықта болу, бес адамнан көп топқа жиналмау қажет.

24 сәуірде мемлекет бөлшек сауда дүкендерін уақытша негізде ашуды бастайды. Алайда сатушылар байланысты азайту үшін тауарды тұтынушының көлігіне немесе үйіне жеткізіп беруі керек.

Алайда, елдегі мектептер мен басқа да оқу орындары жабық күйінде қалады.

Айта кетейік, жұма күнгі таңертеңгі мәліметтерге сәйкес Техаста 17,2 мыңнан астам COVID-19 оқиғасы анықталды, 400-ден астам адам қайтыс болды.

Өзгелердің жаңалығы