Все новости за 10 қаңтар 2020
-
-
Елордада әлеуметтік маңызы бар тауарлар құнына мониторинг жүргізілуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қысқы маусымда қаладағы әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын тұрақтандыру және баға өсімін алдын-алу мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы тарапынан үнемі бақылау жүргізіліп отырады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
Атырау облысы МӘМС жүйесіне толық дайын – әкімшілік
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін кеңінен түсіндіру мақсатында брифинг өткізді. Аталған жүйе 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап өз жұмысын бастап кетті.
-
Қылмыстық кодекске енгізілген өзгертулер талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылдың 31 желтоқсанында ҚР кейбір заңнамалық актілеріне, қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнамаларды жетілдіру және жеке адам құқықтарын күшейту бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша заңға қол қойды.
-
Нығматулин Семей дәрігерлерімен "Денсаулық туралы" кодексті талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі уақытта Мәжіліс қарауына енгізілген "Денсаулық туралы" кодекс жобасы Палата төрағасы Нұрлан Нығматулиннің Шығыс Қазақстан облысы жұртшылығымен кездесуде әңгіме өзегіне айналды, деп хабарлады Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі.
-
Түркістан облысында 110 мыңға жуық отбасы АӘК алған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа форматына байланысты брифинг өтті, деп хабарлады Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.
-
"Канелоның" кіммен жұдырықтасатыны анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мексикалық боксшы Сауль Альварес пен британиялық Билли Джо Сондерс жекпе-жек өткізу туралы шешімге келді.
-
Дамир Исмағұлов қазақстандық бапкердің қол астында жаттығуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейде тұратын этникалық қазақ Дамир Исмағұлов UFC-дегі кезекті жекпе-жегіне дайындалып жатыр.
-
"Абай жолы" эпопеясын оқудан марафон басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Мұхтар Әуезовтің "Абай жолы" эпопеясын оқуға арналған әдеби марафон басталды.
-
Теміржолды кесіп өтпек болған ер адамды жүк пойызы басып кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ер адам Шортанды станциясында алған жарақаты салдарынан оқиға орнында көз жұмды.
-
Абай-175: Республикалық мүшәйра жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлы ақын Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен Сәкен Сейфуллин музейі "Жүрегімнің түбіне терең бойла..." атты республикалық ақындар мүшәйрасын жариялайды.
-
Алматыда тағы бірнеше ғимарат қоршауға алынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда ғимараттардың қоршауға алынғаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде бірінен кейін бірі жарияланып жатыр.
-
Мәжіліс депутаттары "Бақытты отбасы" орталығымен танысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева мен Мәжіліс депутаты, "Nur Otan" партиясы фракциясының мүшесі Серік Құсайынов "Бақытты отбасы" орталығының жұмысымен танысты.
-
Алматыда Esentai Mall сауда үйі қоршауға алынды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы полиция департаменті аталған сауда үйдің неліктен қоршауға алынғанын түсіндірді.
-
Нығматулин жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына келді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин депутаттардың аймақтарға сапары аясында жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына келді, деп хабарлады Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі.
-
Жаңа маусымда командалардың саны артқанын қалаймын – Орынбасар Дәуренбекова
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 17 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасының аға жаттықтырушысы Орынбасар Дәуренбекова Қазақстан Футбол федерациясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында 2019 жылды қорытындылап, 17 жастағы қыздар арасындағы Қазақстан чемпионаты туралы айтып берді.
-
Австралиядағы орман өрті қасақана ұйымдастырылған болуы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Австралиядағы бірнеше ай бойы тоқтамай тұрған орман өртін қасақана ұйымдастырды деген айыппен 200-ге жуық адам күдікке алынды.
-
Ұлы ойшылдың идеяларына мән беруі - дамудың негізі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған "Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан" атты мақаласына қатысты С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры Ақылбек Күрішбаев өз ойын білдірді.
-
Әйел өзінің жаназасында оянды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үндістанның Карнатака штатында дәрігерлер өлі деп жіберген әйел оянды. Бұл туралы жергілікті The Hindu басылымы хабарлады.
-
Жезқазғандық жас дәрігерлер баспаналы болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жезқазғанда дәрігерлер тапшылығы мәселесі оларға ведомстволық тұрғын үй беру арқылы сәтті шешілуде. Кеше тағы сегіз жас дәрігер қоныс тойын тойлады.
-
"Не істеп жатырсың? Қажет емес": Скляр құлаған ұшақтағы екі пилоттың диалогын айтып берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Вице-премьер Роман Скляр құлаған Bek Air ұшағындағы екі пилоттың диалогы қалай болғанын айтып берді.
-
Оңтүстік Корея прокуратурасы президент әкімшілігінің ғимаратын тінтіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Үкіметтің Ульсан қаласының мэрін сайлауға қатысы бар болуы мүмкін" деген күдікпен Оңтүстік Корея прокуратурасы президент әкімшілігінің ғимаратына тінту жасады. Бұл туралы Рёнхап агенттігі хабарлады.
-
Құлаған ұшақтың нақты себебін анықтауға бір жылдан артық уақыт кетуі мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекетаралық авиациялық комитет мамандары Алматы маңында құлаған Bek Air ұшағы апатының авиакатастрофалармен ұқсастығы бар екенін айтты.
-
Өткен жылы Алматыда 12 183 отбасыға АӘК төленген
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. 2019 жылы Алматыда 12 183 отбасыға АӘК төленіп келді, оған 7 121,2 млн теңге жұмсалды. Бұл туралы Алматы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев брифинг барысында айтты.
-
Ұшақ құлаған Алматы әуежайы маңында жер учаскелерін бергендерді тергеу басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Алматы қаласының әуежайы маңындағы жер учаскесін заңсыз бергендерге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Бұл туралы вице-премьер Роман Скляр мәлімдеді.
-
Bek Air ұшағы неліктен құлады? Скляр үкіметтік комиссияның алғашқы болжамын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматы облысындағы Bek Air әуекомпаниясы ұшағының апаты себептерін анықтау бойынша құрылған үкіметтік комиссия жұмысының алдын ала болжамдары айтылды.
-
"Келісім жасалды!" Головкин мен Шеремета жекпе-жегінің өтетін күні жарияланады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Геннадий GGG Головкин мен польшалық былғары қолғап шебері Камил Шеремета арасындағы жекпе-жектің өтетін күні жақында жарияланады, деп хабарлайды Prosports.kz.
-
"Сергек" салған айыппұлдар мемлекет қоржынына түседі
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Алматы қаласы ПД-нің әкімшілік полиция басқарамасының басшысы Жандос Мұратәлиев баспасөз мәслихатын өткізіп, "Сергек" төңірегінде халықты мазалаған сұрақтарға жауап берді.
-
Лозаннада ІІІ жасөспірімдер қысқы Олимпиадасы басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Швейцарияның Лозанна қаласындағы "Malley" мұз сарайында ІІІ қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының ашылу салтанаты өтуде. Салтанатты шеруге Қазақстан ұлттық құрамасы да қатысты деп хабарлады Olympic.kz.
-
Сеулде "АҚШ пен Иран соғысына" қарсы митинг болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жұма күні Оңтүстік Кореяда 100-ден астам қоғамдық бірлестік өкілдері Сеулдегі АҚШ елшілігінің алдында "АҚШ пен Иран соғысына" және оңтүстіккореялық әскерлерді Ормуз шығанағына жіберуге қарсы наразылық акциясын өткізді.
-
Қазақстандықтар әлеуметтік-еңбек саласында мемқызмет көрсету сапасын бағалады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тапсырысы бойынша 2019 жылғы тамыз айынан желтоқсан айына дейін әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау бойынша кешенді әлеуметтік зерттеу жүргізілді.
-
Вашингтон мен Нью-Йоркте "АҚШ пен Иран соғысына" қарсы шеру өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Вашингтон және Нью-Йоркте Иранмен қақтығысты дипломатиялық жолмен шешуді талап еткен манифестанттар шеруге шықты. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
-
Еуропада патриот ретінде Қазақстанға пиар жасауға міндетті емес шығармын – отандық футболшы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Футболдан ұлттық құраманың жартылай қорғаушысы Георгий Жуковтың жазбасы қоғамда қызу талқыға түсіп жатыр. Оған бүгін Қазақстан футбол федерациясы да жауап қатты.
-
Оңтүстік Кореяда баланы қаққақ қазақстандық жазасын елде өтеуі мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 10 қаңтарда Оңтүстік Кореяның Чангвон қаласы Сотының қорытынды отырысының нәтижесі бойынша, ҚР азаматы Сырым Шәрібек 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
-
Агенттік өкілі 2,5 млн теңге сыйақы алған вице-министрге қатысты пікір білдірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Парасаттылық департаментінің директоры Данияр Сабырбаев қазақстандық шенеуніктердің жоғары жалақысы мен сыйақылары туралы айтты.
-
Нигерде әскери базаға оқ атылды: 90-ға жуық адам қаза тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нигер мен Малидің шекарасында қаруланған топ көлікпен әскери лагерге келіп, оқ атқан.
-
Шымкентте әкімдік қызметкері жарты млн пара алғаны үшін сотталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің 1424 Call-орталығына келіп түсетін жемқорлық фактілері туралы қоңыраулар саны артуда. Былтырғы жылмен салыстырғанда, телефон қоңырауларымен тергеліп жатқан істердің саны екі есеге өскен.
-
Оңтүстік Кореяда баланы қағып кеткен қазақстандыққа үкім шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оңтүстік Кореяда оқушыны қағып кетіп, кейін елге қашып кеткен қазақстандық мигрантқа қатысты сот үкімі шықты.
-
Әрбір бесінші қазақстандық пара бермеуге дайын
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әрбір бесінші қазақстандық арандатушылық жағдайында пара бермеуге өз үлесін қосуға дайын екенін айтқан.
-
Жемқорлыққа қатысты жалпыұлттық сауалнамаға 58 мың қазақстандық қатысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен тұрғындар арасындағы сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейін анықтауға арналған жалпыұлттық сауалнама аяқталды.
-
Ұлыбритания азаматтарына Иранға бармауға кеңес берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлыбританияның Сыртқы істер министрлігі ел азаматтарына Иранға бармауға кеңес берді. Бұл туралы ведомствоның хабарламасында жазылған.
-
Балаларды алдап, пәтер тонаған әйел ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылдың 8 қаңтарында Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері пәтер ұрлығы бойынша күдікті ретінде 50 жастағы Павлодар облысының тұрғынын ұстады.
-
Солтүстікқазақстандық шенеунік жарты млрд теңге жымқырды деген күдікке ілінді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасы басшысының орынбасары қызмет бабын пайдаланып 500 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктелуде.
-
Республикалық пәндік олимпиада өз мәресіне жетті
Алматы, BAQ.KZ. Назарбаев Зияткерлік мектептері жыл басында еліміздің үш өңірінде өткізетін республикалық (желілік) пәндік олимпиада аяқталды.
-
Солтүстік Қазақстанда жемістер арасынан белгісіз зат табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстанда жемістің арасынан дәріге ұқсас белгісіз зат табылды, деп жазды Хабар24.
-
Беларусь әуе компаниясы Қазақстанның төрт қаласына рейс ашты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Белавиа" әуе компаниясы (Белорусь) Ақтау, Қарағанды, Павлодар және Қостанай қалаларына жазғы кезеңде рейстер ашады.
-
Тегерандағы ұшақ апаты: АҚШ сарапшысы Иранға барады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тегеран АҚШ-тың Көліктегі қауіпсіздік жөніндегі ұлттық кеңесін апатқа ұшыраған лайнерді тексеру жұмыстарына қатысуға ресми түрде шақырды.
-
АҚШ Конгресі Трамптың әскери құзыретін шектемек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Америкалық заң шығарушылар өздерінің рұқсатынсыз президенттің Иранға қарсы әскери қимыл бастамау туралы резолюцияны мақұлдады.
-
Мексикада жоғалған журналистің мәйіті табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Туыстары Фидель Авила Гоместің жоғалғаны туралы 29 қарашада хабарлаған.
-
Еліміздегі маңызды қалалардың құзыреті кеңейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізілді.
-
Еліміздің 9 қаласында ауа сапасы нашарлайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның бірнеше қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.
-
10 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 10 қаңтар күнгі ауа райы болжамын жариялады.
-
Атырауда сыбайлас жемқорлықпен күрес жөнінде отырыс өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Нұр Отан" партиясы Атырау облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің кезектен тыс кеңейтілген отырысы өтті, - деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
-
Бауыржан Исламхан әлемдегі ең қымбат еркін агенттердің тізіміне енді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бауыржан Исламхан Transfermarkt порталының бағалауы бойынша, әлемдегі ең қымбат еркін агенттердің үздік ондығына (ТОП-10) енді.
-
Вице-министр Түркістанда МӘМС бойынша өңірлік штабтың көшпелі отырысын өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістанда ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Қамалжан Надыров бастаған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша өңірлік штабтың көшпелі отырысы өтті.
-
Канада Украинаға ұшақ апатын тергеуге көмектесетінін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдо Украина президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлескен кезде Ирактағы ұшақ апатын тергеуге қолдау білдірді.
-
Абхазияда жұрт ереуілге шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзін мемлекет деп жариялап алған Абхазияда жұрт бүгін жаппай наразылыққа шығып, жаңа сайлау өткізуді талап етті.
-
Зеленский Иран президентімен телефон арқылы сөйлесті
ННұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Украина президенті Владимир Зеленский Иран президенті Хасан Роуханимен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Украина президентінің аппараты.
-
Трамп Сулейманиді АҚШ елшілігін бомбыламақ болды деп айыптады
8Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ президенті Дональд Трамп Иран генералы Сулейманиді өлтіруге тура келгенін айтты.
-
"Оскар" сыйлығы биыл да жүргізушісіз өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Академия марапаттау рәсімінде сахнаға жұлдыздар шығып ерекше тосынсыйлар болатынына уәде берген. Бірақ жүргізуші болмайтыны айтылған.
-
Трамп ұшақ апаты техникалық ақаудан болғанына күмәнданатынын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ президенті Дональд Трамп Тегеранда апатқа ұшыраған украиндық Boeing апатының себебі техникалық проблемалар болуы мүмкін екеніне күмәнданатынын айтты.
Наверх