Абай-175: Республикалық мүшәйра жарияланды

10 Қаңтар 2020, 19:26
4272
Бөлісу:
Абай-175: Республикалық мүшәйра жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлы ақын Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен Сәкен Сейфуллин музейі "Жүрегімнің түбіне терең бойла..." атты республикалық ақындар мүшәйрасын жариялайды.

Тақырыпқа шектеу жоқ. Ұлы Абайдың сегіз қырлы, бір сырлы даналығы мен данышпандығын бүгінгі Тәуелсіз елдің мұратымен ұштастыра жырлау ақындардың өз шабытына байланысты.

Бас жүлде – 2250 000 теңге

Бірінші орын – 1150 000 теңге

Екі екінші орын – 650 000 теңге

Үш үшінші орын – 550 000 теңге

Бес ынталандыру сыйлығы – 150 000 теңге

Мүшайраға еш жерде жарық көрмеген толғаулар, топтама өлеңдер 2020 жылдың маусым айының 1-не дейін қабылданады.    

Мүшайра қорытындысы Елорда күні қарсаңында жарияланады. Үміткерлер шығармасын компьютерде теріп, төмендегі мекен-жайға жіберу керек немесе astanakalamger@mail.ru электрондық поштаға жолдауға болады. Автордың аты-жөні, мекен-жайы, байланыс телефоны, электрондық поштасы (бар болса) міндетті түрде көрсетілуі керек. Индекс: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, М.Әуезов көшесі 20/А үй, Сәкен Сейфуллин музейі. Тел. 8(7172)32-84-67, 53-34-03. Жүлдегерлердің келіп-кету шығынын ұйымдастырушы тарап мойнына алмайды.

Өзгелердің жаңалығы