Мексикада жоғалған журналистің мәйіті табылды

10 Қаңтар 2020, 09:13
5617
Бөлісу:
Мексикада жоғалған журналистің мәйіті табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Туыстары Фидель Авила Гоместің жоғалғаны туралы 29 қарашада хабарлаған. 

46 жастағы ер адамның мәйіті көліктен табылды.

Мексиканың батысындағы Мичоакан және Герреро штаттарының шекарасында 9 қаңтарға қараған түні La Ke Buena мексикалық радиостанцияның жүргізушісі және басқарушысы Фидель Авила Гоместің денесі табылды. Оған оқ атылған. Бұл туралы Мексика билігі хабарлады, деп жазады El Universal басылымы.

Мичоакан (штат) журналисі Фидель Авила Гоместің туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз. Оның қазасына қатты қайғырдық. Біз Мексикадағы сөз бостандығы, бейбітшілік және әділеттік үшін күресімізді жалғастырамыз, - деді Мексика президентінің баспасөз хатшысы Хесус Рамирес Куэвас.

БАҚ таратқан ақпаратқа қарағанда, 46 жастағы журналиске әскери оқ атылған. Оның денесі шоссенің бойындағы аңғардан табылды. 

Айта кетсек, Шекарасыз репортерлер ұйымының есебі бойынша 2019 жылы Мексикада ондаған журналист өлтірілген.

Өзгелердің жаңалығы