Мәжіліс депутаттары "Бақытты отбасы" орталығымен танысты

10 Қаңтар 2020, 18:44
3616
Бөлісу:
Мәжіліс депутаттары "Бақытты отбасы" орталығымен танысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева мен Мәжіліс депутаты, "Nur Otan" партиясы фракциясының мүшесі Серік Құсайынов "Бақытты отбасы" орталығының жұмысымен танысты.

Депутаттармен кездесуге орталыққа қаланың әр ауданынан жиналған 40 шақты көпбалалы аналар арнайы келіп қатысты. Кездесу барысында көпбалалы аналардың мұң-мұқтажы тыңдалды. Аналар әртүрлі тақырыптарды көтерді. Көптеген сұрақтар атаулы әлеуметтік көмек алуға қатысты болды, оған Мәжілістің вице-спикері Гүлмира Исимбаева егжей-тегжейлі түсініктеме берді. Сонымен қатар, көпбалалы аналар тұрғын үй, тұрғылықты жері бойынша тіркелу, ипотекалық несие және т. б. сұрақтарға жауап алды.

Орталық жетекшісі Зульфия Байсақова мәжілісмендерге орталықтың көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларды әлеуметтік қолдауы бойынша мәлімет берді. Мұнда мамандар аналарға жаңа мамандықтарды игеру бойынша курстар өткізіп, психологиялық және құқықтық кеңес берілетінін айтты.

Сондай-ақ, кездесуге "Nur Otan" партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Станислав Канкуров, "Nur Otan" партиясы Медеу аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Сұлтанбек Мәкежанов, Алматы қаласы Әл-ауқат басқармасының басшысы Рахат Шимашева қатысты.

Өзгелердің жаңалығы