Зеленский Иран президентімен телефон арқылы сөйлесті

10 Қаңтар 2020, 03:19
2952
Бөлісу:
Зеленский Иран президентімен телефон арқылы сөйлесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Украина президенті Владимир Зеленский Иран президенті Хасан Роуханимен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Украина президентінің аппараты.  

Әңгімелесу барысында Украина президенті Тегеранда ұшақ апатынан Иран азаматтарының қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

Зеленский украин тарапы апаттың себептерін тергеуге кірісіп, жұмыс бастағанын атап өтті.

Мен осы қайғылы оқиғаның мән-жайын тезірек анықтау үшін ашық, жан-жақты тергеу жүргізуге сіздің тараптан көмек болады деп үміттенемін, - деді ол.
Ирандық тарап жан-жақты тергеу жүргізуге және қайғылы жағдайдың себептерін анықтау үшін толық ынтымақтастықта жұмыс жасайтынын жеткізді. Роухани Иран бір топ украин сарапшыларына барлық қажетті деректерге жедел қол жеткізуді қамтамасыз ететінін атап өтті.

Сонымен қатар, Зеленский Швеция, Ауғанстан және Ұлыбритания басшыларымен телефон арқылы сөйлескен.

Өзгелердің жаңалығы