Әйел өзінің жаназасында оянды

10 Қаңтар 2020, 17:15
8895
Бөлісу:
Әйел өзінің жаназасында оянды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үндістанның Карнатака штатында дәрігерлер өлі деп жіберген әйел оянды. Бұл туралы жергілікті The Hindu басылымы хабарлады.

Жастағы Малати Чаугули (Malati Chougule) Белгаум қаласында жекеменшік ауруханаға дене қызуы көтеріліп түскен. Кейін есінен талып қалады. Дәрігерлер   бірнеше сағаттан кейін әйел қайтыс болды деп мәлімдейді.

Туыстары медициналық қызмет ақысын төлеп, денесін әйелдің өзі тұрған Чаугули ауылына алып кетеді. Үйге туыстары, достары және отбасы мүшелері жиналып, жерлеуге даяндалып жатқанда әйел көзін ашып, орнынан тұрады.

Кейбіреулер әйел өлмей, комада болған шығар деп топшылады. Ал кейбіреулер "ғажайып" болып, өмірге қайта келді деп есептейді.
Өзгелердің жаңалығы