Шымкентте әкімдік қызметкері жарты млн пара алғаны үшін сотталды

10 Қаңтар 2020, 12:23
4804
Бөлісу:
Шымкентте әкімдік қызметкері жарты млн пара алғаны үшін сотталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің 1424 Call-орталығына келіп түсетін жемқорлық фактілері туралы қоңыраулар саны артуда. Былтырғы жылмен салыстырғанда, телефон қоңырауларымен тергеліп жатқан істердің саны екі есеге өскен. 

Бұл туралы бүгін Стратегия және жедел басқару департаментінің басшысы Ринат Қабиев мәлімдеді. 

Оның айтуынша, бұл азаматтардың сенім деңгейінің артқандығының айқын көрінісі. 

WhatsApp Image 2020-01-10 at 12.23.07 (1).jpeg

Шымкент қаласында жұмысқа орналастыру үшін 450 мың теңге сомасында ақша қаражатын алған Шымкент қаласы әкімдігінің Статистика департаментінің Персоналды басқару қызметінің маманы сотталды. Оған 1,8 млн теңге айыппұл салынды, - деп айтты Ринат Қабиев брифинг барысында. 

Мәселен, Батыс Қазақстан облысында 1424 нөміріне келіп түскен өтініш бойынша "Охотзоопром" ӨБ Батыс Қазақстандық филиалының басшысы сотталды. Оған 1 млн теңге айыппұл салынған. Ол бағыныштысын жұмыстан босатпауы үшін 50 000 теңге мөлшерінде пара алған.

Баса айтқан жөн, азаматтармен жедел әрі үздіксіз кері байланысу үшін 1424 Call-орталығы жұмысы оң әсерін тигізуде. 

2019 жылы Агенттікке келіп түскен осындай 4,5 мың телефон қоңырауының 1 мыңын тіркеген. Расталған фактілер бойынша 66 қылмыстық іс тергелуде, бүгінгі күні 18 іс сотқа жіберілген. 

Біздің міндет – бізге жүгінген әр азаматтың өтінішіне құлақ асу. Егер бұрын қылмыстық істер аса шұғыл әзірлемелер материалдары мен бақылау-қадағалау органдарының тарапынан жүргізілетін құжаттамалық тексерістер негізінде қозғалған болса, қазіргі күні біз бірбеткей азаматтардың хабарламаларына да сүйенеміз. Бұл жұмыс алдыңғы қатарлы Еуропа елдері мен АҚШ-тың тәжірибесі ескеріле отырып ұйымдастырылған, - деп атап өтті Агенттіктің департамент басшысы Ринат Қабиев.

Агенттік азаматтардан келген әрбір хабарламалар мен шағымдарға тәулік бойы режимде ден қояды.

Өзгелердің жаңалығы