Сеулде "АҚШ пен Иран соғысына" қарсы митинг болды

10 Қаңтар 2020, 14:37
3848
Бөлісу:
Сеулде "АҚШ пен Иран соғысына" қарсы митинг болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жұма күні Оңтүстік Кореяда 100-ден астам қоғамдық бірлестік өкілдері Сеулдегі АҚШ елшілігінің алдында "АҚШ пен Иран соғысына" және оңтүстіккореялық әскерлерді Ормуз шығанағына жіберуге қарсы наразылық акциясын өткізді. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

107 қоғамдық бірлестіктің өкілдері америкалық елшіліктің алдына жиналып, "АҚШ пен Иран соғысы болмайды", "Бейбітшілік", "Оңтүстік Корея АҚШ-тың әскери қызметіне қатыспау керек" деген жазбалармен бірге АҚШ-тың қарулы қақтығыстары және соның салдарынан қаза тапқандардың саны жазылған тақташалармен наразылық білдірді. 

Белсенділер журналистер үшін баспасөз конференциясын өткізді. Күннің суықтығына қарамастан, қатысушылар соғыста қаза тапқан адамдарды салып бірнеше минут асфальтта жатты. Елшілік территориясын 50-ден астам полицей күзетті.
Өзгелердің жаңалығы