Еуропада патриот ретінде Қазақстанға пиар жасауға міндетті емес шығармын – отандық футболшы

10 Қаңтар 2020, 13:33
56871
Бөлісу:
Еуропада патриот ретінде Қазақстанға пиар жасауға міндетті емес шығармын – отандық футболшы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Футболдан ұлттық құраманың жартылай қорғаушысы Георгий Жуковтың жазбасы қоғамда қызу талқыға түсіп жатыр. Оған бүгін Қазақстан футбол федерациясы да жауап қатты. 

Айта кетейік, жақында Георгий Жуков Польшаның "Висла" командасына ауысқан. Оның инстаграмда жазған жазбасы мынандай:
Мен Қазақстанда болғанда көбісі маған шетелдік азамат ретінде қарады. Жергілікті футболшылармен салыстырғанда ешқандай қолдау, құрмет болмады. Енді қайтадан Еуропаға кетіп ем, бірден патриот ретінде Қазақстанға пиар жасауға міндетті емес шығармын. Ал "Қайрат" клубына алғыс білдіремін. Олар мені қолдады. Маған көмектескен азаматтарға ризашылығымды білдіремін. Мұндай жағдайда өмір сүру де қиын. Өйткені бапкер саған қазақ ретінде қарайды ("Қайрат" бапкері Шпилевскийге қатысы жоқ) ал қазақтар керсінше легионер ретінде санағаны оңай емес. Бұл өте қиын жағдай. Қазақстанда, қоғам тарапынан, журналистер, мамандар, комментаторлар және басқалар, мені мойындамайды. Тіпті бұл елде болмағандай санайды деп жазған еді, - Жуков.
Енді оған Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Азамат Айтқожин пікір білдірді.
Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Георгий Жуковтың айтқан сөзі таралды. Футболшымен кездесіп, сөйлесеміз. Тиісті шара қолданамыз. Ұлттық құрамада ойнайтын футболшылар ел намысын абыроймен қорғауы міндет!, - дейді Айтқожин.

Өзгелердің жаңалығы