"Оскар" сыйлығы биыл да жүргізушісіз өтеді

10 Қаңтар 2020, 01:48
2092
Бөлісу:
"Оскар" сыйлығы биыл да жүргізушісіз өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Оскар" иегерлерін марапаттау рәсімі өткен жылдағыдай биыл да жүргізушісіз өтеді. Бұл туралы АҚШ Кино академиясы Twitter-де хабарлады.

Академия марапаттау рәсімінде сахнаға жұлдыздар шығып ерекше тосынсыйлар болатынына уәде берген. Бірақ жүргізуші болмайтыны айтылған.
Академия биыл да жүргізуші болмайтынын растады, - деді The Hollywood Reporter-дің ABC басқарма мүшесі Кэри Берк.

Бірақ киноакадемия сайты бұл туралы әзірше ресми мәлімдеген жоқ. Айта кетейік, 2019 жылы "Оскарды" марапаттау рәсімі 30 жыл ішінде бірінші рет жүргізушісіз өтті.

Рәсімнің жүргізушісі болған актер Кевин Харт гомофобия бойынша айып тағылғаннан кейін жүргізушіліктен бас тартты.

Бұған дейін Оскар тек 1989 жылы жүргізушісіз басталған. Сол кезде кіріспе сөздің орнына 11 минуттық музыкалық видео ұсынылды. 1958 жылы рәсім бір мезгілде 4 жүргізушімен, ал 1987 жылы үш жүргізушімен өткен.

Өзгелердің жаңалығы