Беларусь әуе компаниясы Қазақстанның төрт қаласына рейс ашты

10 Қаңтар 2020, 10:03
2278
Бөлісу:
Беларусь әуе компаниясы Қазақстанның төрт қаласына рейс ашты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Белавиа" әуе компаниясы (Белорусь) Ақтау, Қарағанды, Павлодар және Қостанай қалаларына жазғы кезеңде рейстер ашады. Бұл туралы ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа халықаралық бағыттарды ашу жөніндегі тапсырмасы аясында ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті жүйелі жұмыс жүргізуде. 2019 жылғы желтоқсанда Акаба (Иордания) қаласында Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) аясында ұйымдастырылатын әуе қатынастары туралы келіссөздер жүргізу бойынша жыл сайынғы кезекті конференциясында (ICAN 2019) Комитет пен Беларусь Республикасының авиациялық билігімен қол жеткізген келісімге сәйкес, "Белавиа" әуе компаниясы Қазақстан қалаларына бірқатар рейстерді ашады, - делінген ведомствоның хабарламасында.
Қазір әуе компания 2020 жылдың жазғы кезеңінде орындалатын Минск - Ақтау, Минск - Қарағанды, Минск - Павлодар және Минск - Қостанай рейстеріне әуе билеттерді сатуды бастады.   

"Белавиа" әуе компаниясы Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына жыл бойы рейстерді орындайды. Осы жылдың шілде айынан бастап Минск – Алматы бағытындағы рейстер күн сайын болады.
Өзгелердің жаңалығы