Қылмыстық кодекске енгізілген өзгертулер талқыланды

10 Қаңтар 2020, 22:53
3895
Бөлісу:
Қылмыстық кодекске енгізілген өзгертулер талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылдың 31 желтоқсанында ҚР кейбір заңнамалық актілеріне, қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнамаларды жетілдіру және жеке адам құқықтарын күшейту бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша заңға қол қойды. 


Осы заңмен ҚР Қылмыстық кодексінің 62,72,73 баптарына және өзге де баптарына өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Заң қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнамаларды қолдану практикасына бес жыл бойы жүргізілген мониторинг нәтижесінде әзірленген. 

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде өткен дөңгелек үстел барысында аталған баптарға енгізілген өзгертулер мен толықтырулар талқыланып, оны тәжірибеде қолдану мүмкіндіктері қарастырылды.

Басқосуға Жамбыл облыстық сотының судьясы Мейірхан Атибеков, Жамбыл облысы Жамбыл аудандық сотының төрағасы Досжан Төленбеков, Тараз қалалық №2 сотының судьясы Бағдат Төребекұлы және Жамбыл облыстық прокуратурасы 2-ші басқармасының бастығы Марат Өтемісов, Жамбыл аудандық прокуратурасының прокуроры Дияр Қалтай сондай-ақ Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары әділет подполковнигі Абылайхан Ильясов, департаменттің арнайы есепке алу тобының бас маманы Назерке Бекталиева, сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс жүргізу тобының бас маманы Әлібек Алдыяров, түзеу мекемелерінің басшыларымен арнайы арнайы есепке алу, сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс жүргізу бөлімдерінің және Пробация қызметінің қызметкерлері қатысты.

Жиынды Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары Абылайхан Ильясұлы ашып, жүргізіп отырды. Департамент бастығының орынбасары нақты қандай заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізілгендігін атап өтті. Оның айтуынша, жаңа заң бойынша жәбірленушімен татуласу мүмкіндігі жоқ екенін айтты. Зорлаушылардың барлық қылмыстық істері тек сотқа жіберіледі.

Тағы бір айта кету керек нәрсе, жаңа заң бойынша жәбірленушімен татуласу мүмкіндігі жоқ. Егер бұрын зорлаушы зардап шеккен тарапты татуласуға, ақша төлеуге немесе жауапкершіліктен жалтаруға көндіре алса, ал жаңа заңнама бойынша ымыраға келуге болмайды. Тек қамауға алынады. Зорлаушылардың барлық қылмыстық істері тек сотқа жіберіледі, - деді А.Ильясов.

Басқосу барысында сондай-ақ жыныстық зорлық-зомбылықтың белгілі бір әдістері үшін жауапкершілік күшейтілгендігі айтылды. Мәселен, қызметтік міндетін атқару кезінде жасаған зорлау 9 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеп соғады, ал бұрын 5 жылдан 10 жылға дейін болатын. Сонымен қатар, зорлық әрекеті жас балаға жасалған жағдайда, қылмыскерді белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыру көзделген. Бұдан бөлек, 17 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Жиын соңында ауыр және аса ауыр қылмыстардың жекелеген түрлері үшін жауапкершілікті қатаңдататын заң ережелері ағымдағы жылғы 11 қаңтардан бастап күшіне енетінін атап өтілді.

Өзгелердің жаңалығы