Все новости за 31 наурыз 2026
-
-
АҚШ шабуылдарынан кейін Иран қаласының үстінде үлкен от шары пайда болды
Ислам революциялық гвардия корпусы (IRGC) кейінірек Иран штаб бастығының кеңесшісінің АҚШ пен Израильдің соққыларында қаза тапқанын растады.
-
Жақсы мұғалім – жүрекпен білім беретін тұлға
Гүлнұр Нұрбаева – педагог-зерттеуші, Түркістан облысы, Түлкібас ауданы Б. Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектепте қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ береді. Ол ауданның айтулы ұстаздарының бірі, заманауи әдістер мен шығармашылықты сабаққа енгізуге белсенді.
-
Мейірім шуағы: 11 балаға жарқын жол ашқан ананың өмірі
Ана мейірімі күннен де шуақты. Туған перзентінен кем көрмей, бірнеше баланы бауырына басқан ауылдағы ардақты ана бейнесі көпке үлгі
-
Қазақстан мен Өзбекстан стратегиялық серіктестікті нығайтуды жалғастыруда
Келіссөздер қорытындысы бойынша 2026-2027 жылдарға арналған Казақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрліктері арасындағы ынтымақтастық бағдарламасына қол қойылды.
-
Ертең барлық өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Ертең Астанада түнде және таңертең тұман күтіледі.
-
Италия Иранға қарсы соғысқа қатысқан АҚШ ұшақтарының қонуына рұқсат бермеді
Ұшақтардың ұшып өтуі немесе қонуына тек төтенше жағдайларда ғана рұқсат берілуі мүмкін.
-
Ақтауда "қағаздағы қызметке" 5,3 млн теңге төленген
Ақтауда шенеунік мүмкіндігі шектеулі жандарға көрсетілмеген қызмет үшін мердігерге 5,3 млн теңге аударған
-
Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы жарияланды
Азия чемпионаты 16-18 сәуір аралығында өтеді.
-
Ақтөбеде екі үйді тонап, көлік ұрламақ болған күдікті қылмыс үстінде қолға түсті
Ақтөбеде жер үйлерден ұрлық жасаған күдікті оқиға орнында ұсталды.
-
Алаяқтар сіздің атыңыздан кредит алмауы үшін не істеу керек?
Қазақстанда қаржылық алаяқтықтан қорғанудың ең тиімді жолы - «Стоп-кредит» тетігі. Бұл қызмет әрбір азаматқа банктер мен микроқаржы ұйымдарынан қарыз алуға ерікті түрде тыйым салуға мүмкіндік береді.
-
Атырау мұнай өңдеу зауытына 520 млн теңге айыппұл салынды
Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Әлібек Бекмұхаметов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте тұрғындардың жағымсыз иіске қатысты жаппай шағымынан кейін Атырау мұнай өңдеу зауытына 520 миллион теңге айыппұл салынғанын хабарлады.
-
Дубайда сынықтардың құлауы салдарынан 8 адам жарақат алды
БАӘ Қорғаныс министрлігі Иран тарапынан атылған баллистикалық зымырандар мен дрондардың атып түсірілгенін растады. Дубайдың оңтүстігіндегі тұрғын үйлерге сынықтардың құлауы салдарынан бірнеше адам жеңіл жарақат алған.
-
Локомотив, робот, экспорт: Қазақстан машина жасау саласы жаңа кезеңге бет алды
Президент тапсырмасынан кейін сала 12,9% өсіп, 38 жоба іске қосылды. Ендігі басымдық – терең жергіліктендіру, экспорт және smart factory.
-
Астанада VIP-нөмір алып беремін деген «көмекші» ұсталды
Күдікті мемлекеттік VIP тіркеу нөмірін алып беруге, сондай-ақ әкімшілік айыппұлдарды «алып тастауға» көмектесемін деген желеумен жәбірленушіден шамамен 200 мың теңге алған.
-
ЦОН құжаттарды үйге жеткізеді: Бұл қалай жұмыс істейді?
Қазақстанда дайын құжаттарды Халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ, үйге немесе кеңсеге алдырту мүмкіндігі бар. Бұл қызмет бүгінде еліміздің барлық өңірінде қолжетімді.
-
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі тағайындалды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Бахтияр Базарбайұлы Жазықпаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды.
-
Пржевальский жылқылары жайылымсыз қалмайтын болды
Инвестор жері қорғалды: Ақмола облысында инвестордан мыңдаған гектар жерді алып қоюға жол берілмеді.
-
Қазақстанда алғаш рет Өңірлік экологиялық саммит өтеді
Саммит 2026 жылғы 22-24 сәуір аралығында өтеді. Бұл іс-шара – өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға және тұрақты экологиялық күн тәртібін ілгерілетуге бағытталған Қазақстанның дәйекті саясатының қисынды жалғасы.
-
Жаңбыр, найзағай және күшті жел: 1 сәуірде Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді
Синоптиктер 1 сәуірге арналған ауа райына қатысты ескерту жасады.
-
Лай көше мен еріген қар суы: Астана маңындағы ауылдың бүгінгі көрінісі
Елордадан 20 шақырым жерде орналасқан Қояндыда қар еріп жатыр.
-
Қостанайда полиция қызметкерін жабылып ұрғандар ұсталды
Қостанайда полицейді соққыға жыққан бұзақылар қолға түсті. Барлық шабуыл жасаған тұлғалар анықталып, оқиға орнында ұсталды.
-
Жемқорлыққа қарсы жүйе: Комплаенс қалай жұмыс істейді?
Жемқорлықпен күрес қалай өзгеріп жатыр? Қазақстанда комплаенс жүйесі күшейіп, заң бұзушылықтың алдын алуға бағытталған жаңа тәсілдер енгізілуде.
-
Тұрғын үйден шығару: Конституцияда не бекітілді және іс жүзінде не өзгереді
Заң меншік иесіне артықшылық береді. Ол шартта адал емес жалға алушыларды шығару үшін кез келген негіздерді өзі белгілей алады.
-
Қазақстанда алғаш рет жасөспірімге жүрек трансплантациясы жасалды
Елімізде тұңғыш рет 15 жастағы баланың жүрегі ауыстырылды. Донор - 43 жастағы ер адам, оған ми өлімі диагнозы қойылған. Диагноз расталғаннан кейін оның туыстары қайтыс болғаннан кейінгі ағза донорлығына келісім берді.
-
Иран БАӘ, Бахрейн және Кувейттегі АҚШ базаларын атқылады
Иранның жаңа соққы толқыны Парсы шығанағындағы АҚШ нысандарын қамтыды, яғни БАӘ жағалауы, Манама әуежайы және Кувейттегі әскери база аталды.
-
ЮНЕСКО аясындағы жаңа бастамалар: Қазақстан мәдени мұраны дамыту жоспарын бекітті
Үкімет ЮНЕСКО мен ИСЕСКО аясында мәдени мұраны сақтау және ілгерілетудің 2026-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті.
-
Астанада жылу желілері ерекше тексеріледі: Тұрғындарға маңызды ескерту жасалды
4 сәуірде Астанада жылу желілерін тексеру үшін арнайы бояғыш қосылады.
-
Қандастарға қойылған талаптар қисынсыз ба? – Депутат Үкіметке хат жазды
Депутат қазіргі талаптарға сәйкес, Қазақстанға келетін қандастарға үш негізгі шарт қойылатынын айтты.
-
БҚО-да мектеп автобусы апатқа ұшырады: Балалар зардап шекті
Жол апаты 2026 жылғы 31 наурызда сағат 14:00 шамасында Теректі ауданының Подстепное ауылында болды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан балалар зардап шекті.
-
Сот жүйесіндегі ірі реформа: Енді кассация азаматтарға қалай жұмыс істейді?
1 шілдеден бастап Қазақстанда тәуелсіз кассациялық соттар іске қосылды. Енді азаматтардың әрбір шағымы алқалы құрамда қаралып, сотқа қолжетімділік артады.
-
Мұнай қымбаттап, доллар арзандауда: Нарықтағы ахуал қандай?
31 наурыздағы биржа саудасының қорытындысы бойынша ұлттық валютамыз нығайып, америкалық валютаның бағамы айтарлықтай төмендеді.
-
ҰБТ форматы қалай өзгереді?
ҰБТ форматы өзгере ме? Министр жаңа жүйе әзірленіп жатқанын айтты: тест бірнеше модульге бөлінеді. Пилоттық жоба 2027 жылға жоспарланған.
-
Өскеменде 80 қорап шоколад ұрлаған күдікті ұсталды
Өскеменде ірі сауда орталығында бірнеше рет ұрлық жасаған ер адам ұсталды. Күдікті 80 қорап Merci шоколадын және басқа да тауарларды жымқырған.
-
Тоқаев "Русская медная компания" негізін қалаушысын қабылдады: Инвестициялық жобалар талқыланды
Кездесу барысында Қазақстанның тау-кен, металлургия салаларында бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
-
Қазақстан Antalya Open Cup додасында 20 алтын медаль иеленді
Қазақстан құрамасы Түркияда өткен муайтайдан халықаралық турнирде сәтті өнер көрсетіп, жалпыкомандалық есепте екінші орынға ие болды.
-
Батыс Қазақстанда студентті дроппер болуға мәжбүрлеген қылмыстық топ ұсталды
БҚО-да дроппер болудан бас тартқан студентті заңсыз ұстап, зорлық-зомбылық көрсетеміз деп қорқытқан.
-
Азияда алғаш рет "Евровидение" өтеді: 10 ел қатысуға дайын
Азиядағы алғашқы «Евровидение» 2026 жылы Бангкокта өтеді. Қатысушылар тізімі белгілі болды, Ресей әзірге жоқ.
-
«The National Interest» журналында Тоқаевтың мақаласы жарияланды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа Конституция – кемелденген, жаңарған және болашағына нық сеніммен қарайтын мемлекеттің құжаты екенін айтты.
-
Еңбек шартындағы мәліметтерді түзету енді өз қолыңызда: Жаңа онлайн қызмет іске қосылды
Биыл наурыздан бастап HR Enbek порталында жұмыс берушімен байланыс болмаған жағдайда еңбек қатынастары туралы мәліметтерді өз бетінше түзету функциясы іске қосылды.
-
Атырау облысында жыл басынан бері үшінші үшем дүниеге келді
Атырау облыстық перинаталдық орталығында дүниеге келген үшемдер бүгін үйлеріне шығарылды.
-
«Болашақ» шәкіртақысы жаңа оқу жылына дейін өзгеруі мүмкін
«Болашақ» бағдарламасы бойынша шәкіртақыны арттыру мәселесі қаралып жатыр. Бұл туралы Үкіметтегі брифингте Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлім етті.
-
Сапасыз университеттерді жаппай жауып жатырмыз – министр
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек сапасыз жоғары оқу орындарын жабу жұмыстары жалғасып жатқанын мәлімдеді.
-
Кей мамандықтарды қысқа мерзімде оқытуды бастадық – Саясат Нұрбек
Қазақстанда кей мамандықтарды 2,5-3 жылда оқыту басталды. Жаңа жүйе қалай жұмыс істейді және оның тиімділігі қандай? Министр түсіндірді.
-
Қазақстан жазушылары мен ақындары "Кітап оқитын ұлт" жобасының Қамқоршылық кеңесіне кірді
Белгілі қазақстандық жазушылар мен ақындар «Кітап оқитын ұлт» жобасы Қамқоршылық кеңесінің құрамына кірді.
-
Әкімдердің рейтингіне ғылыми көрсеткіш енгізу керек – Бектенов
Әкімдердің жұмысы енді ғылыммен бағалануы мүмкін. Үкімет жаңа көрсеткіш енгізуді ұсынып отыр – бұл аймақтар үшін нені өзгертеді?
-
"254 мың теңге": Студенттердің шәкіртақысы өсе ме?
Қазақстанда шәкіртақыны қайта арттыру мәселесі талқыланып жатыр.
-
Саясат Нұрбек Қазақстанда жасалған рак дәрісінің құнын атады
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қатерлі ісікке қарсы әзірленіп жатқан дәрі-дәрмек туралы мәлімдеді.
-
Орталық Азияда Қытайдан ең аз қарыз алған ел – Қазақстан
Қазақстан Қытайға тәуелділік деңгейі бойынша Орталық Азияда ең төмен көрсеткішке ие.
-
Жетісу облысында тағы да жер сілкінісі тіркелді
Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 273 шақырым қашықтықта орналасқан.
-
Қазақстанда Jet A-1 авиаотынын өндіру басталады
Мұнай өңдеу зауыттарының тоқтаусыз жұмысын қамтамасыз ету – стратегиялық маңызды міндеттердің бірі.
-
Мұнай бағасы 100 доллардан асты: Қазақстан ұта ма әлде жаңа тәуекелдерге тап бола ма?
Неліктен қымбат мұнай әрдайым экономикалық өсім әкелмейді?
-
Қазақстанда жүргізушісіз такси қашан іске қосылатыны айтылды
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев ұшқышсыз технологияларды дамыту бағытындағы жоспарлар жайлы айтты.
-
Ғылым, стартап және өндіріс бір жүйеге бірігеді: Министр жаңа модельді таныстырды
Инфрақұрылым шеңберінде қазір 303 ғылыми зертхана, 62 коммерцияландыру орталығы және т.б. жұмыс істейді.
-
Өскеменде автобус ішінде бұрыш газын шашқан қыздың ата-анасына айыппұл салынды
Өскемен қаласында қоғамдық көлікте бұзақылық жасаған жасөспірімнің ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
-
1 сәуірден бастап Қазақстанда не өзгереді
Биыл сәуір «ұзақ демалыссыз» өтеді. Ай ішінде мемлекеттік мерекелер жоқ, сондықтан демалыс тек сенбі және жексенбі күндеріне сәйкес келеді.
-
Қазақстан инновацияда 81-орында: Саясат Нұрбек жүйедегі негізгі проблемаларды атады
Ал Economic Complexity Index бойынша еліміз 55-орынға жайғасқан.
-
Тұтынушылар сенімін арттыратын акцияны қолдаймыз – кәсіпкер
Қазақстандық кәсіпкерлер адал сауданы қолдауды жалғастырып келеді.
-
Жетісу облысында жер сілкінді
Жер сілкінісінің магнитудасы 4,4 балға жеткен.
-
Бірінші сыныпқа құжат қабылдау мерзімі өзгертілді
Қабылдау науқанының басталу мерзімін 1 сәуірден 27 мамырға ауыстыру туралы шешім қабылдады.
-
Әлемде: АҚШ Таяу Шығысқа қосымша әскер жіберді, Дубайда мұнай танкері өртенді
BAQ.KZ тілшісі соңғы тәулік ішінде болған маңызды халықаралық жаңалықтар топтамасын ұсынады.
-
Алматыда блогер Әділетхан Молдахан ұсталды
Ол Әл-Фараби даңғылындағы резонансты жол апаты жайлы ақпарат жариялаған еді.
-
Алматыда қар көшкінінің алдын алу жұмыстары жүргізілді
Іс-шараға 19 маман, 6 арнайы техника және бір кинологиялық топ жұмылдырылды.
-
Дубай портында кувейттік мұнай танкері өртенді
Ешбір ұйым мұнай танкеріне жасалған шабуыл немесе снарядтар үшін жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ.
-
Бүгін еліміздің сегіз қаласында ауа сапасы нашарлайды
Мамандар мұндай кезде ұзақ серуендемеуге кеңес береді.
-
Таяу Шығысқа АҚШ-тың қосымша әскерлері жіберілді
Дональд Трамп Иранға қарсы әскери әрекеттерді жалғастырудың келесі қадамдарын қарастырып жатыр.
-
Әлеуметтік көмек пен жастарды жұмыспен қамту – 2026 жылға басты басымдықтар
Келіссөздер барысында 2026 жылға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары талқыланып, оның негізгі 6 іс-шарасы анықталды.
-
Иран АҚШ-пен келіссөз жүргізіп жатқанын тағы да жоққа шығарды
Соңғы 31 күн ішінде, яғни әскери қақтығыс басталғалы бері Иран АҚШ-пен ешқандай келіссөз жүргізбеген.
-
Қайырымдылық пен волонтерлік: қоғамның жүрек соғысы ма, әлде формальды іс пе?
Қайырымдылық – тек көмек көрсету емес, бұл – қоғамның бір-біріне деген жауапкершілігі. Ал волонтерлік – сол жауапкершіліктің нақты көрінісі.
-
Атырау облысында батпаққа батқан көліктегі 5 адам құтқарылды
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
-
Мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқығы – қоғам айнасы
Мүмкіндігі шектеулі жандарға жанашырлық емес, тең мүмкіндік қажет.
-
Испания Ирандағы соғысқа қатысы бар АҚШ ұшақтары үшін әуе кеңістігін жапты
Бұл шешім салдарынан АҚШ әскери ұшақтары Таяу Шығысқа бағыт алғанда Испания аумағын айналып ұшуға мәжбүр.
-
Ақ үй Иранмен келісімді 6 сәуірге дейін жасауды көздейді
АҚШ Иранның «жаңа әрі прагматикалық» билік өкілдерімен келіссөздер жүргізіп жатыр және белгілі бір ілгерілеу бар.
-
Жаңбыр, найзағай, тұман: 14 өңірде дауылды ескерту жарияланды
Бірқатар өңірде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
-
Иран Ормуз бұғазы арқылы өту үшін баж салығын енгізу жоспарын мақұлдады
Алымдарды төлеу міндетті түрде иран риалында жүргізілуі тиіс.
Наверх