Все новости за 20 қаңтар 2026
-
-
Сақ болыңыз: алаяқтар жаңа әдіске көшті
Полиция азаматтарды интернет-сауда алаңдарында және хабарландыру сервистерінде жиілеген алаяқтық фактілері туралы ескертеді. Маркетплейстердегі тым арзан баға – алаяқтардың айласы болуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Қайрат" "Брюггеден" жеңіліп қалды
УЕФА Чемпиондар Лигасының 7-турында Рафаэль Уразбахтин шәкірттері бельгиялық "Брюггеге" 1:4 есебімен есе жіберді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокстан шеттетілді
Қазақстанның кәсіби бокс федерациясының президенті Рахымжан Ерденбеков Жәнібек Әлімханұлының допинг ісі бойынша тыңдаулар өтіп жатқан уақытта жекпе-жектерге қатысудан уақытша шеттетілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Шымкентте жол үстіндегі төбелес кісі өлімімен аяқталды
Шымкентте Ерімбетов пен Рысқұлов көшесінің қиылысында болған жол-көлік оқиғасы жаппай төбелеске жалғасып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тұман, көктайғақ, аяз: 21 қаңтарда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
"Қазгидромет" РМК синоптиктер 21 қаңтарда бірнеше өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Zn (мырыш)" коллекциялық монетасы сатылымға шықты
Ұлттық банк "Қазақстанның жер қойнауы" сериясымен шыққан "Zn (Мырыш)" жаңа коллекциялық монетасын таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
ArtSport арқылы 1,4 млн теңге жымқырған кәсіпкер сотталды
Көкшетау қаласында ArtSport бағдарламасы аясында бюджет қаржысын жымқырды деп айыпталған кәсіпкер әйелге сот үкімі шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстандық банктердегі депозиттер 48 трлн теңгеге жетті
2025 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық банктердегі депозиттер көлемі 48 трлн теңгеге жетті, бұл 2024 жылмен салыстырғанда – 41,28 трлн теңгеге, яғни 16% артық. Бұл туралы Ұлттық банктің статистикасында жазылған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Шатырдан табылған 250 жылдық тәрелке 10 млн теңгеге бағаланды
1766 жылы жасалған сирек фарфор тәрелке аукционға қойылды. Eastern Daily Press басылымының жазуынша, оның болжамды құны 20 мың фунт стерлингке дейін жетуі мүмкін, бұл шамамен 10 миллион теңге, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Цифрландырудан бұрын басқарушылық тәртіп қажет – сенатор
ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұрия Ниязова Ұлттық құрылтайда цифрландыру мен жасанды интеллект енгізуде алдымен басқару жүйесінде тәртіп орнату маңызын айтқан Мемлекет басшысы көзқарасын қолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Саяси дағдарыс: Болгария президенті қызметінен кетуге шешім қабылдады
Болгария президенті Румен Радев елдің Конституциялық сотына қызметінен кету туралы өтініш жолдады. Бұл туралы BAQ.KZ БЕЛТА агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
-
Қайғылы апат: Жаңаөзенде өрт сөндіру көлігімен соқтығыста 10 жасар бала көз жұмды
Жаңаөзен қаласында өрт сөндіру көлігі мен жеңіл автокөлік соқтығысып, 10 жастағы бала көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Парламенттік реформаның келесі кезеңі: Президент не ұсынды?
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың V отырысында парламенттік реформаның келесі кезеңіне қатысты не айтты? Мұны Сенат депутаты Айгүл Қапбарова талдап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тоқаев: "Президент Трамптың көмір туралы сөзінде ақиқат бар"
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында көмір энергетикасын дамытудың маңызын атап өтіп, АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың бұл мәселеге қатысты ұстанымымен келісетінін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Атырауда жол үстіне құлаған бетон тіреулер бірнеше автокөлікті соқты
20 қаңтар күні Атырау қаласында Атырау – Доссор автожолында жүк көлігінің қатысуымен қауіпті жағдай тіркелді. Қозғалыс барысында тіркемені ұстап тұрған трос үзіліп, бірнеше бетон конструкциясы жолдың үстіне құлаған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Вице-президент лауазымы бұрын да болған: Саясаттанушы Тоқаев ұсынған реформаларды талдап берді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда алдағы бір палаталы парламентті “Құрылтай” деп атауды ұсынды. Бұл бастамаға Қытайды зерттеушілер қауымдастығының төрағасы, саясаттанушы Қазбек Майгельдинов пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Нұрайдың өлімі: Тоқаев сынынан кейін полиция басшылығы қызметінен босатылды
ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті Қаратау ауданы полиция басқармасының қызметкерлерінің марқұм қыздың туыстарының өтініштерін тиісінше қарамаудың ықтимал фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ассамблея орнына Халық кеңесі: Қандай өзгерістер болады?
Қызылордада Ұлттық құрылтайдың V отырысы өтті. Отырыс барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясын таратылып, оның орнына Халық кеңесі құрылатынын мәлімдеді. BAQ.KZ тілшісі жаңа институттың елдегі этносаралық және конфессияаралық диалогты нығайтуға қандай мүмкіндіктер ашатынын білді.
-
Парламент "Құрылтай" атанса не өзгереді?
Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы парламентті реформалап, оны “Құрылтай” деп атауды ұсынды. Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров осы бастамаларға қатысты өз ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жанарбек Әшімжан: Ұлттық құрылтай – реформалардың қозғаушы күші
Ұлттық құрылтай мүшесі, Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан Ұлттық құрылтай негізінде 4 жылда 26 заң қабылданғанын айтты. Сондай-ақ құрылтайдың Қызылордада өтуінің маңызын атады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тұрғындар үй қалдықтарын өткізіп ақша таба алады
Астана қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасы аясында «Таза үй - Таза ел» экологиялық бастамасы іске қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ
-
Мейіргүл Жетпісбаева: Квотасыз сайлау – демократияға қадам
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында айтқан бастамалар елдің саяси жүйесін сапалық жаңа деңгейге көтеруге бағытталған. Бұл туралы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аға оқытушысы, философия ғылымдарының кандидаты Мейіргүл Жетпісбаева пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
МӘМС қорындағы былық: Тоқаев қатаң баға берді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметіне жүргізілген кешенді тексеріс барысында бірқатар елеулі заңбұзушылықтар анықталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Геннадий Шиповских: Ассамблеяны таратып жатыр деген қате пікір
Мемлекет басшысы Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысында бірқатар маңызды мәселеге тоқталды. Сенатор Геннадий Шиповских Ұлттық құрылтайда айтылған мәселелердің ең маңыздысы конституциялық реформа бойынша Президент айқындаған үш мәселе екенін айтып, оның себебін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
ҰБТ кезінде үзіліс қалай беріледі? Талапкерлерге маңызды ескерту
Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) қатысушыларға үзілістерге қатысты маңызды ақпарат берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты Ұлттық тестілеу орталығына сілтеме жасап.
-
Астанада аяз қайта күшейеді, Алматыда қар жауады: 21-23 қаңтарға арналған болжам
Алдағы үш күнде Астана мен Алматы қалаларында ауа райы құбылмалы болады. Елорданы аяз бен боран күтіп тұрса, оңтүстік астанада қар жауып, көктайғақ сақталады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК синоптиктеріне сілтеме жасап.
-
Испанияда үш күндік аза тұту жарияланды
Испанияда жедел жүретін пойыздардың соқтығысуынан кемінде 40 адам қаза тауып, елде үш күндік ұлттық аза тұту жарияланды. Бұл туралы премьер-министр Педро Санчес мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі ВВС агенттігіне сілтеме жасап.
-
"I’m really sorry": Тоқаев Қариннен кешірім сұрады
Ұлттық құрылтай барысында Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннен аталған лауазымның жойылуына байланысты әзіл-қалжың аралас кешірім сұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тоқаев неке институтына қатысты мемлекеттік ұстанымды айтты
Қазақстанда неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заң жүзінде ресми бекіту қажет. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың V отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Екі бағалаушы ақталды: Сот ҚМА мен полицияның әрекетін заңсыз деп тапты
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты мүлікті бағалау қызметімен айналысатын екі компания директорына қатысты ақтау үкімін шығарды. Олар – астаналық «Оценка и Экспертиза» ЖШС директоры Арман Тютюков пен шымкенттік «Независимая оценка имущества» ЖШС директоры Мақсат Түсіпбеков. Аталған тұлғаларға қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып тағылған болатын, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тоқаев: Кешегі күнмен өмір сүруді тоқтататын уақыт келді
Ұлттық құрылтайда сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғам санасын жаңғырту қажеттігіне тоқталып, "тарихи жарақат алған ұл" психологиясынан арылудың маңызын атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тоқаев Қазақстанның Авраам келісімдеріне не үшін қосылғанын түсіндірді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан түрлі халықтар мен дін өкілдері арасындағы татулықты басты құндылық санайтынын айтып, елдің сыртқы саясаты тәуелсіздік, аумақтық тұтастық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Өскемендегі жылу жайы: Неге батарея ыстық, ал үй салқын?
Өскемен жұртшылығы пәтерлеріндегі жылудың жеткіліксіздігіне наразылық білдіруде. Қала тұрғындары әлеуметтік желілерде үйлерінің салқындап кеткенін жаппай жазып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Референдум мерзімін жаңа Конституциялық комиссия айқындайды
Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев референдум өткізу мерзіміне қатысты нақты ұстанымын білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Президент: Салық кодексі – өзгермейтін құжат емес
Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда жаңа инвестициялық цикл басталып, экономиканы дамытуға бағытталған тың шешімдер қабылданып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда вице-президент болады
Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда вице-президент деген лауазым енгізілетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Президент мерзімінен бұрын кетсе, екі ай ішінде сайлау өтуге тиіс
Ұлттық құрылтай отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтаған жағдайда сайлау өткізу тәртібін заңнамалық деңгейде нақты бекіту қажет екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жаңа Парламент 5 жылға сайланады
Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев заң шығарушы органның жұмыс тәртібі мен рәсімдеріне қатысты ұсыныстардың төртінші бөлігіне тоқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Президент Қазақстанның Халық Кеңесін құруды ұсынды
Ұлттық құрылтайдың V отырысында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елде қоғамдық дамудың барлық мәселелері бойынша тұрақты жалпыұлттық диалог жүргізуге арналған жаңа институт құруды ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Депутаттар пропорционалды жүйе қағидатымен сайланады – Тоқаев
Ұлттық құрылтайдың V отырысында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Парламентті жасақтау тәртібіне қатысты ұсыныстарды таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жаңа Парламенттің мандат саны 145 болуы мүмкін
Ұлттық құрылтайда сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Парламенттің құрамы мен құрылымына қатысты жұмыс тобы талқылаған негізгі ұсыныстарды таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жаңа Парламент "Құрылтай" деп аталуы мүмкін
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда қаласында өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың V отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Қайрат" – "Брюгге" матчы: Астанада қауіпсіздік күшейтіледі
2026 жылғы 20 қаңтарда Астана Арена стадионында Қайрат пен Брюгге командалары арасында футбол матчы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Мемлекеттік рәміздерге салғырт қарауға болмайды – Тоқаев
Ұлттық құрылтайда сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік рәміздерді пайдалану мәдениетіне қатысты қоғамда қызу талқыланып жатқан мәселеге тоқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
АҚШ-қа тікелей рейстер: Қазақстан әуе қатынасына дайындықты бастады
Қазақстанда АҚШ-қа тікелей әуе қатынасын іске қосу бағытында авиациялық қауіпсіздік жүйесін күшейту жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Президент: Қыз алып қашу – ұлтымыздың беделіне нұқсан келтіретін жабайы қылмыс
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкентте Нұрай есімді қыздың кісі қолынан қаза табуы бүкіл елді дүрліктіргенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тоқаев: Арал мәселесі халықаралық деңгейде талқыланады
Ұлттық құрылтайда сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су мәселесімен жүйелі түрде айналасудың маңызын атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Президент: Қызылорда – тарихи қала өркениетінің заңды жалғасы
Ұлттық құрылтайда сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай мүшелері ел дамуына қатысты маңызды ой-пікірлер айтқанын атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тоқаев: Қазақстанның экономикалық көрсеткіштері Орталық Азияда рекорд орнатты
Ұлттық құрылтайда сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр Қазақстан экономикасы Орталық Азия аймағында рекордтық нәтижелерге қол жеткізгенін атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Лаура Қарабасова: Жапония үлгісімен жауапты азамат тәрбиелеу керек
Мектепке дейінгі тәрбиеден бастап жоғары білімге дейінгі жүйеде қауіпсіз орта қалыптастыру мен жастардың жауапкершілігін арттыру маңызды. Бұл туралы Ұлттық құрылтай отырысында Жұбанов университетінің ректоры Лаура Қарабасова айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қарин: Ғылым мен білім саласында жаңа жүйелі өзгерістер басталды
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Ұлттық құрылтай аясында жүзеге асырылып жатқан бастамаларға тоқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ерлан Қарин: Ұлттық құрылтай бастамалары аясында 6 заң қабылданды
Қызылорда қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Мемлекет басшысының қатысуымен Ұлттық құрылтайдың отырысы басталды
Бүгін Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жылқы етінің импорты екі есеге артты
2025 жылдың 11 айында Қазақстанға 10,7 миллион долларға 3800 тонна жылқы еті әкелінді. Бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткіштерімен салыстырғанда сәйкесінше 100% және 119% өскенін көрсетеді. Бұған жаңа піскен, салқындатылған және мұздатылған ет кіреді, дегенмен тауарлардың жіктелуіне есек немесе қашыр еті де кіруі мүмкін. Мамандардың айтуынша, жеткізілімнің негізгі бөлігін жылқы еті құрайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
СҚО-да мектеп автобустарындағы қауіпсіздік кемшіліктері әшкереленді
Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары мектеп автобустарын пайдаланғандағы бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жаңа Салық кодексі күшіне енді: Кәсіпкерлер нені білуі тиіс?
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексі қолданысқа енгізілді. Соған сәйкес арнаулы салық режимдерінің саны үшке дейін қысқартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елімізде өткен жылы 912 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды
Субсидияланатын жұмыс орындарына 171,8 мың адам жұмысқа орналасты, оның ішінде: әлеуметтік жұмыс орындарында 13,5 мың адам, жастар практикасында 30,6 мың адам, қоғамдық жұмыстарда 100,8 мың адам, «Күміс жас» жобасы аясында 19,4 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша 7,1 мың адам, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы шеңберінде 335 адам жұмыспен қамтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бестөбеде шахтаға заңсыз кірген адамның мәйіті табылды
«Қазақалтын» кәсіпорнына қарасты Бестөбе кентіндегі «Новая» шахтасына заңсыз кірген ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Әлемде: Испаниядағы пойыз апаты, Гренландия бойынша төтенше саммит
BAQ.KZ тілшісі бір тәулік ішінде болған маңызды халықаралық жаңалықтар топтамасын ұсынады. Бұл шолуда әлемдегі жалпы жағдайды көрсететін оқиғалар қамтылады.
-
Ұлттық құрылтайдың V отырысы: Қызылорда – 2026 жыл
Қызылорда қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысы өтеді.
-
Курчатовта жаңа электр станциясы салынады
Курчатов қаласында қуаттылығы 700 мегаватт болатын конденсациялық электр станциясы бой көтереді. Бұл туралы Энергетика министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақмола облысында ақша бопсалау фактісі әшкереленді
Ақмола облысында прокуратура ақша бопсалау фактісін әшкереледі, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Бүгін еліміздің 8 қаласында ауа сапасы нашарлайды
«Қазгидромет» РМК бүгін, 20 қаңтарда еліміздің сегіз қаласында ауаның ластануына қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтілетінін мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Чилиде орман өртінен 19 адам қаза тапты
Чилидің оңтүстігінде болған ауқымды орман өрттері салдарынан кемінде 19 адам қаза тапты. Бұл туралы елдің Ішкі істер министрі Альваро Элисальде мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters-ке сілтеме жасап.
-
Транзит – жаңа мұнай: Қазақстан көлік-логистика саласын жан-жақты дамытпақ
Әлемдік сауда жолдары қайта қалыптасып жатқан тұста көлік және логистика саласы көптеген ел үшін экономиканың негізгі даму бағытына айналып отыр. Мемлекет басшысы да «Түркістан» газетіне берген сұхбатында көлік-логистика әлеуетін күшейту ел үшін стратегиялық міндет екенін атап өткен еді. Қазақстанның көлік-логистика саласында қандай жаңа мүмкіндіктері бар, президент қандай баға берді? Толығырақ BAQ.KZ тілшісі материалында.
-
Жапония премьер-министрі мерзімінен бұрын сайлау жариялады
Жапония премьер-министрі Санаэ Такаити парламентті таратып, 8 ақпанда мерзімінен бұрын сайлау өткізетінін мәлімдеді. Бұл шешім оның қазан айында қызметке кіріскеніне үш ай ғана өткен соң қабылданды, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.
-
Қазақстан мен Ұлыбритания археология саласында ынтымақтастық орнатты
Лондонда Bett Show UK 2026 білім беру технологияларының халықаралық көрмесі аясында Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті (ШҚТУ) мен Лондон университеттік колледжінің (UCL) Археология институты арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Трамп Давоста "Бейбітшілік кеңесінің" Жарғысына қол қоюды жоспарлап отыр
АҚШ президенті Дональд Трамп 22 қаңтарда Давоста өтетін Дүниежүзілік экономикалық форум аясында «Бейбітшілік кеңесі» деп аталатын жаңа халықаралық органның Жарғысын бекітуге ниетті. Бұл туралы Bloomberg агенттігі дереккөздеріне сілтеме жасап жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жетісу облысында 3 адам қар құрсауынан құтқарылды
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Үшарал–Достық автожолында, Көктұма станциясынан 15 км жерде жеңіл көлік қар құрсауына қалып, қозғалыс тоқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Молдова негізгі келісімдерді жойып, ТМД-дан шығады
Молдова Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығынан (ТМД) шығуға мүмкіндік беретін негізгі келісімдердің күшін жою рәсімін бастады. Бұл туралы елдің вице-премьері және Сыртқы істер министрі Михай Попшой «Молдова радиосы» эфирінде мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
-
Гренландия бойынша ЕО төтенше саммитінің өтетін күні белгіленді
Еуропалық Одақ елдерінің мемлекет және үкімет басшылары 22 қаңтарда Брюссельде Гренландия төңірегіндегі жағдайға арналған шұғыл саммитке жиналады. Бұл туралы Еуропалық Кеңес төрағасының өкілі Антонио Коста мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ DW порталына сілтеме жасап.
-
Испаниядағы пойыз апаты: кемінде 40 адам қаза тапты
Испанияның Кордова провинциясы, Адамуз маңында екі жоғары жылдамдықты пойыз соқтығысты. Апат салдарынан кемінде 39 адам қаза тауып, 122 адам жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters-ке сілтеме жасап.
-
Болгария президенті отставкаға кететінін мәлімдеді
Болгария президенті Румен Радев отставкаға кететінін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Наверх