Все новости за 29 желтоқсан 2025
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Астана мен 16 өңірде дауылды ескерту жарияланды
Астанада және Қазақстанның 16 облысында 30 желтоқсанда дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
-
Шымкентте газдан уланған сегіз адам ауруханаға түсті
Шымкент қаласы Абай ауданында бір отбасындағы сегіз адам табиғи газдан уланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы "Тәжен" өткізу пункті техникалық тұрғыда іске қосылды
"Тәжен" өткізу пунктін жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқанымен, бекет іс жүзінде жабылған жоқ. Шекарадан жүк көлік құралдарының өтуі шектеусіз жүзеге асырылуда. Бұл туралы 2025 жылы 29 желтоқсанда ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер департаменті ақпарат таратты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қысқы Олимпиадада Қазақстан туын кімдер ұстап шығады
Спорттық іс-шара 2026 жылдың 6 ақпанында Милан қаласындағы Сан-Сиро стадионында өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қар, боран: алдағы үш күнге ауа райы болжамы
"Қазгидромет" алдағы үш күнге ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
ІІМ жүргізушілерге ескерту жасады
Астана – Щучинск және Астана – Теміртау бағыттарындағы тасжолдарда орнатылған электрондық ақпараттық таблоларда көрсетілетін жылдамдық шектеулері жол қозғалысы ережелеріне сәйкес заңды күшке ие. Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі жүргізушілерді уақытша шектеулерді қатаң сақтауға шақырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Мұғалімдердің мүддесін қорғау және мектеп менеджменті министр қабылдауында талқыланды
ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова азаматтарды қабылдады. Сала министрімен кездесуге өңірлерден мектеп мұғалімдері, білім саласының ардагерлері, қоғамдық ұйымдардың жетекшілері мен кәсіподақ өкілдері келген, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жапония Қазақстанға денсаулық сақтауды дамытуға 7 млн доллар гранттық қолдау көрсетеді
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мен Жапонияның ҚР-дағы Төтенше және өкілетті елшісі Иидзима Ясусама Абай облысында медициналық инфрақұрылымды дамытуға 1,087 млрд иен (7 млн АҚШ доллары) мөлшерінде жапон грантын беру туралы үкіметаралық келісімді іс жүзінде іске асыру мақсатында құжатқа қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы төмендеді
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі Жаңа жыл қарсаңында «Береке Fest» республикалық акциясын қайта өткізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
NASA Айда америкалық база құруды жоспарлап отыр
АҚШ-тың Ұлттық аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу басқармасы (NASA) Айда америкалық база құру жоспарларын қарастырып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі First News Media басылымына сілтеме жасап.
-
БҰҰ: Қазақстан – Солтүстік және Орталық Азия өңірінің инвестиция көшбасшысы
Біріккен Ұлттар Ұйымының Азия және Тынық мұхиты үшін экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (ЭСКАТО) өңір елдеріндегі тікелей шетелдік инвестицияларды тарту динамикасына арналған Asia-Pacific Trade and Investment Trends 2025/2026 есебін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Үкіметте 2026 жылға арналған ЖІӨ-нің өсу болжамы қаралды
Үкіметте вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен 2026 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мен ЖІӨ өсу параметрлері талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"СҚ-Фармация" Тайландтан қымбат қолғап сатып алу дауына қатысты мәлімдеме жасады
"СҚ-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы Нұрлыбек Асылбеков ұйымда өткен брифингте биыл шілде айында тайлық медициналық қолғаптарды қымбат бағамен сатып алу мәселесіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"СҚ-Фармация" Антикордың сын-пікіріне жауап берді
"СҚ-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы Нұрлыбек Асылбеков ұйымда өткен брифингте компанияға қатысты 2024 жылы Антикор айтқан сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің ұлттық энергетикалық жүйенің орнықтылығына арналған отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Шығыс Қазақстанда алаяқтар істі болған адамдардан 5 млн теңге талап еткен
Шығыс Қазақстан облысында алаяқтар істі болған адамдардан 5 млн теңге талап еткен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Отбасы мен әйелдерді қолдау: Астанада комиссияның қорытынды отырысы өтті
Астанада Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның 2025 жылғы қорытынды отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
ҚР оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Жайық Серікқалиұлы Шарабасов ҚР оқу-ағарту вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
2026 жылы мұғалімдердің жалақысы өсе ме? – Нақты жауап айтылды
Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова 2026 жылға педагогтердің жалақысын қосымша индексациялау жоспарланбағанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Абай облысында қасқыр атып алған ер адамға айыппұл салынды
Абай облысының Көкпекті ауданында қасқыр атып алған ер адамға айыппұл салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ауыл мен қала мұғалімдері қанша жалақы алатыны белгілі болды
Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова мұғалімдердің жалақысы мен жұмыс жүктемесіне қатысты сауалнама нәтижесін және қазіргі еңбекақы деңгейін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Щучинскіде мектеп аумағында жарылыс болды
Бурабай ауданына қарасты Щучинск қаласында орта мектеп аумағында қазандық жарылып, артынан өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ерлан Қарин 2025 жыл қандай реформалармен есте қалғанын айтты
ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин 2025 жыл қандай реформалармен есте қалғанын атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстан мектептерінде жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жобалар іске асырылып жатыр
Оқу-ағарту вице-министрі Асылбек Ахметжанов білім беру саласына жасанды интеллектіні енгізу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Аспаннан түскен ақша": Кездейсоқ байып шыға келген ер адам жауапқа тартылды
Павлодар тұрғыны күтпеген жерден 3 миллион теңге көлемінде қаржыға ие болып, бұл оқиға оны сотқа жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда барлық мектеп интернетке қосылды – министрлік
Оқу-ағарту вице-министрі Асылбек Ахметжанов 2025 жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылай келе, білім беру саласындағы цифрлық инфрақұрылымды дамыту бағытында бірқатар маңызды өзгеріс қолға алынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Мұғалімдерді аттестаттау жеңілдей ме? – Министрлік талаптарды қайта қарайды
Оқу-ағарту министрлігі педагогтерді аттестаттау қағидаларын қайта қарап, осы уақытқа дейін бекітілген бірқатар бұйрықты зерделеуге кірісті. Бұл туралы министрлікте өткен жиында мәлім болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қылмыстық істерде ақтау үкімдері 30%-ға артты – Жоғарғы Сот
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Асламбек Мерғалиев 2025 жылы сот төрелігін жүзеге асыру қорытындыларына арналған жоғары сот органының кеңейтілген кеңесін өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Министрлік 2025 жылы мектептерде қандай мәселе шешілгенін атады
Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова 2025 жылдың қорытындысы бойынша білім беру инфрақұрылымын дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда дәрі-дәрмек логистикасы онлайн-бақылауға көшеді
2026 жылы Қазақстанда дәрі-дәрмек логистикасынра ерекше өзгеріс енгізіледі. Бұл туралы «СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Нұрлыбек Асылбеков мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Мұғалімдердің жүктемесі азайып, жалақысына көңілі тола бастады
Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова 2025 жылдың қорытындысы бойынша педагогтерге қатысты негізгі көрсеткіштердің оң өзгергенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда Жаңа жыл алдында ауа райы күрт өзгереді
Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
2026 жылы дәрі-дәрмек бағасы қандай болатыны белгілі болды
2026 жылы Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасын қымбаттатуға негіз жоқ. Бұл туралы «СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Нұрлыбек Асылбеков мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Зейнеткерлердің атына несие рәсімдеген банк менеджері ұсталды
Ақтөбеде зейнеткерлердің атына заңсыз несие рәсімдеген банк менеджері ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Мемлекет басшысы Мария Хаджиеваны қызметінен босатты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мария Хаджиеваны қызметінен босатты, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев мемлекеттік марапаттарынан айырылды
Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров Алмазбек Атамбаевты барлық мемлекеттік наградаларынан айыру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
8,5 млн теңге: Келін енесінің алтындарын ұрлап, ақшаны құмар ойынға тіккен
Түркістанда келін енесінің алтынын ұрлап, ломбардқа өткізген. Содан кейін түскен ақшаны түгелдей құмар ойындарға салған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
БҚО-да жоғалған жасөспірім базар маңынан табылды
Полиция жоғалып кеткен жасөспірімді тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Атыраудағы сталкинг: Әйелді 2ГИС арқылы аңдыған ер адам жазаланды
Атырауда ер адам 2ГИС арқылы әйелді және оның балаларын аңдығаны үшін жазаланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Сыйлық, шырша және аяз ата: Жаңа жылды тойлауға өңірлер қанша қаржы бөлді?
Жаңа 2026 жылға санаулы ғана күн қалды. BAQ.KZ тілшісі өңірлердегі тұрғындар мен қонақтардың жаңа жылды көңілді қарсы алуы үшін қандай жұмыстар жүргізгенін білді.
-
Маңғыстауда жүргізушінің кесірінен бір елді мекен газсыз қалды
Маңғыстау облысының Қарақия ауданына қарасты Жетібай ауылында газбен жабдықтау уақытша тоқтатылды. Бұған жол-көлік оқиғасы салдарынан орташа қысымдағы газ құбырының зақымдануы себеп болған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Green Card айналасындағы өзгерістер: СІМ қазақстандықтарға не дейді?
АҚШ-та Green Card (Diversity Visa) бағдарламасына қатысты іріктеу тәртібі қайта қаралуы мүмкін. Сарапшылардың пікірінше, бұл шешім Қазақстан азаматтарын қоса алғанда, бағдарламаға қатысатын елдерге тікелей әсер етеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
ҚХА-ны дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы бекітілді
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың 2030 жылға дейінгі «Бірлігіміз – әралуандықта» тұжырымдамасы бекітілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
ШҚО-да мешіттен тегін тамақ алуға барған әйел ұрлық жасады
Тегін тамақ алуға барған әйел қызметтік бөлмелерге кіріп ұрлық жасаған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Мереке алдында рейс болмай қалса, жолаушы қандай құқыққа ие?
Жаңа жыл алдында әуе рейсінің тоқтатылуы немесе басқа күнге ауыстырылуы көпшілік үшін күйзеліс болуы мүмкін. Алайда мұндай жағдайда жолаушының құқығы заңмен қорғалған. Рейс тоқтатылса не ауыстырылса, не істеу керек, қандай көмекті талап етуге болады және өтемақы қалай өндіріледі? BAQ.KZ тілшісі материалынан оқи аласыз.
-
Зеленский: Жаңа жылға дейін көп мәселе шешілуі мүмкін
Украина президенті Владимир Зеленский "дипломатиялық тұрғыдан ең белсенді күндердің бірі" өтіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматыдағы адам ұрлау ісі: Аса ауыр қылмысқа қатысы бар күдікті Грузияда ұсталды
Бас прокуратура мен Интерполдың Ұлттық орталық бюросының қызметкерлері Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің көмегімен ауыр қылмыстарға қатысы бар Ресей азаматын Грузиядан экстрадициялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстандық жас ғалым диабетті емдейтін сусынды анықтады
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде қызмет ететін аға оқытушы, жас ғалым Айжамал Байсейітова цикорий өсімдігін терең зерттеп, оның қант диабетіне қарсы әсері бар екенін ғылыми негізде дәлелдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматы автобустарында жолақысын төлеудің жаңа тәсілі енгізілді
Алматыда қоғамдық көлікте жолақы төлеудің қосымша тәсілі іске қосылды. Енді автобус төлемін елдегі танымал банктердің бірінің QR-коды арқылы төлеуге болады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Астанада түнгі клубтағы төбелестен 18 жастағы жігіт қаза тапты
Астанада түнгі клубтардың бірінің маңында болған оқиға салдарынан 18 жастағы жігіт көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда қуықасты безі обырын анықтайтын радиопрепарат өндіріле бастады
ҚР ПІБ МОА Ядролық медицина орталығы Қазақстанда, сондай-ақ ТМД және Орталық Азия елдері арасында бірінші болып ⁶⁸Ga-PSMA радиофармацевтикалық препаратының циклотрондық өндірісін енгізді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
2026 жылы зейнетақы мен жәрдемақы 10%-ға өседі: Кім қанша алатыны белгілі болды
2026 жылдан бастап Қазақстанда зейнетақылар мен мемлекеттік жәрдемақылардың барлық түрі 10%-ға артады. Бұл “2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” заңда көзделген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Батыс Қазақстан облысында 13 жастағы жасөспірім жоғалып кетті
Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері мен еріктілер 13 жастағы жасөспірімді іздестіруде, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қошанов: Биыл 100 заң қабылданды
Мәжілістің жалпы отырысында палата төрағасы Ерлан Қошанов депутаттар биыл 100 заң қабылдағанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Мәжіліс 2025 жылды қорытындылады
Бүгін Мәжіліс 2025 жылдың қорытынды жалпы отырысын өткізді. Палата төрағасы Ерлан Қошанов биыл атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Әлемде: Трамп пен Зеленский келіссөзі, Болсонарудың босатылуы, Қытайдағы авиациялық серпіліс
BAQ.KZ тілшісі соңғы тәулік ішінде болған маңызды халықаралық жаңалықтар топтамасын ұсынады. Бұл шолуда әлемдегі жалпы жағдайды көрсететін оқиғалар қамтылды.
-
Мәжіліс Сенат ұсынған өзгерістермен келісті
Мәжіліс бірқатар заңға Сенат ұсынған жаңа редакциямен келісті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Енді 10 жыл директор болғандар мектебін ауыстыруы мүмкін
Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев мектеп басшыларының ротация тәртібіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"415 мың теңге": Мұғалімдер мен жаттықтырушылардың жалақысы өседі
Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуға бағытталған маңызды өзгерістер енгізіледі. Мәжілісте заң жобасын екінші оқылымға дайындау барысында депутаттар бұқаралық және балалар спортын қолдауға арналған бірқатар түзетулерді ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Депутаттар Ыстықкөлдегі жер учаскелерін жалдау туралы келісімді ратификациялады
Мәжіліс 2009 жылғы 1 желтоқсандағы Қазақстан Үкіметі мен Қырғыз Үкіметі арасындағы Қырғыз Республикасы Ыстықкөл облысының Ыстықкөл ауданындағы жер учаскелерін жалға беру туралы шартты және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Кеме, қымбат көлік пен зәулім үй: Байлар енді жаңа салық төлейді
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексіне сәйкес жоғары құнды мүлікке салық салу тәртібі заң жүзінде бекітілді. Енді жеке тұлғалардың мүлкіне қатысты салық мөлшерлемелері айқын әрі нақты болады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстан Ыстықкөлде курорттық нысандарды дамытатын болды
Мәжілістің жалпы отырысында осы мәселеге қатысты құжат мақұлдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Мұғалімдердің іссапар шығынын кім төлейді?
Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев педагогтердің әртүрлі деңгейдегі семинарлар мен конференцияларға қатысқан кездегі шығындарын кім өтеуге міндетті екенін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Бүгін еліміздің бес қаласында ауа сапасы нашарлайды
Бүгін, 29 желтоқсанда Қазақстанның бес қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК мәліметіне сілтеме жасап.
-
Қытай Тайвань маңындағы бес аймақта әскери жаттығу өткізеді
Қытай Халық-азаттық армиясының шығыс жауынгерлік қолбасшылығы 30 желтоқсанда Тайвань маңындағы бес теңіз аймағы мен әуе кеңістігінде ауқымды әскери жаттығулар өткізетінін мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ Xinhua агенттігіне сілтеме жасап.
-
Жеңілдік пен 16% салық: Жаңа Салық кодексінің басты өзгерістері
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексіне сәйкес қосылған құн салығының (ҚҚС) жаңартылған ережелері күшіне енеді. Құжатта ҚҚС мөлшерлемелері, салық салынбайтын операциялар, есепке жатқызу тәртібі және декларация тапсыру мерзімдері нақты айқындалған.
-
Ақмола облысында полицейлер жолда қалған жүргізушілерге көмек көрсетті
Ақмола облысында қатты аяз кезінде полиция қызметкерлері жолда қиын жағдайға тап болған жүргізушілерге жедел көмек көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Темірдей қауіпсіздік кепілдіктері қажет – фон дер Ляйен
Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен еуропалық көшбасшылар, АҚШ президенті Дональд Трамп және Украина президенті Владимир Зеленский арасындағы телефон арқылы сөйлесуде қол жеткізілген «айтарлықтай прогресті» құптады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Атыраудағы базарлардың бірінен өрт шықты
Атырау қаласы, Бейбарыс даңғылы бойындағы базарлардың бірінде киім бутиктерінің аумағында өрт шыққаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Италияда ХАМАС-ты қаржыландырды деген күдікпен тоғыз адам қамауға алынды
Италия прокурорлары елдегі қайырымдылық ұйымдары арқылы ХАМАС-ты қаржыландырды деп тоғыз адамды қамауға алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters-ке сілтеме жасап.
-
Мексикада пойыз рельстен шығып кетті: 13 адам қаза тауып, 98 адам жарақат алды
Бүгін, 29 желтоқсанда Мексикада пойыздың рельстен шығып кетуінен кем дегенде 13 адам қаза тауып, 98 адам жарақат алды. Бұл туралы ел Президенті Клаудия Шейнбаум мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
-
Германияда зейнет жасын көтеру ұсынылды
Германияда зейнет жасын 65-тен 67 жасқа дейін көтеру ұсынылды. Қазіргі заң бойынша кемінде 35 жыл еңбек өтілі бар азаматтар 63 жастан зейнетке шыға алады, деп хабарлайды BAQ.KZ DW порталына сілтеме жасап.
-
Трамп пен Зеленский келіссөзі: Украина тағдыры бірнеше аптада шешіле ме?
АҚШ президенті Дональд Трамп пен Украина президенті Владимир Зеленскийдің келіссөздері Украинадағы соғысты аяқтауға қатысты жаңа кезеңнің басталғанын аңғартады, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.
-
Қаза тапқандар бар: АҚШ-та екі тікұшақ соқтығысты
Нью-Джерси штатындағы Хаммонтон қаласы маңында екі тікұшақ әуеде соқтығысып, құлады. Бірі орман алқабына, екіншісі қала құрылысы аймағына түскен, апат орнында өрт шыққан, деп хабарлайды BAQ.KZ New York Post басылымына сілтеме жасап.
-
Армения Әзербайжанмен тікелей сауда мәселесін талқылауға дайын
Армения Әзербайжанмен тікелей сауда байланыстарын құру мүмкіндігін талқылап жатыр. Бұл туралы елдің сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян Арменияның қоғамдық телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
-
Трамп Зеленскиймен кездесу алдында Путинмен телефон арқылы сөйлесті
АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескенін мәлім етті. Бұл туралы ол Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Наверх