Все новости за 23 қазан 2025
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Енді қазақстандықтар алғашқы жүргізуші куәлігіне өтінішті онлайн бере алады
Енді жүргізуші куәлігін алғаш рет алатын азаматтар өтінішті "ЦОН" мобильді қосымшасы арқылы онлайн рәсімдей алады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жаңаөзендегі оқушы қыздардың төбелесіне қатысты Оқу-ағарту министрлігі пікір білдірді
Жаңаөзенде мектеп оқушы қыздар арасында орын алған екі бірдей жанжалдан соң, ата-аналарға қатысты әкімшілік шаралар қолданылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
24 қазанда елдің бір бөлігінде жаңбыр жауып, үсік жүреді
Алдағы жұма күні, 2025 жылғы 24 қазанда, еліміздің бірнеше өңірінде жаңбыр, тұман, қатты жел және үсік күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Павлодар облысындағы көмір кенішінде машинист қаза тапты
Қайғылы оқиға "Гамма Сарыкөл" көмір кенішінде болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
ЕҰУ проректоры Италия жұлдызы орденімен марапатталды
Л.Н. Гумилева атындағы Еуразия ұлттық университетінде Республика күнін мерекелеу аясында Италияның мемлекеттік наградасы – Италия жұлдызы орденін (ЕНDINE della Stella d ' Italia) ЕҰУ проректоры Думан Айтмағамбетовке тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Президент "Хабар" агенттігін 30 жылдық мерейтойымен құттықтады
Республика күні қарсаңында Қазмедиа орталығында "Хабар" агенттігінің 30 жылдық мерейтойына арналған іс-шара өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Менің атым – Қазақстан": Ерекше есім иесі өзі туралы айтып берді
Қазақстан есімді қарағандылық 30 жаста. Ол бүкіл өмірінде өзімен аттас адамды кездестірмегенін айтады. Республика күні қарсаңында ол ел құрметіне қойылған есімнің оның мінезі мен көзқарасын қалай қалыптастырғанын және өмір жолын қалай айқындағанын әңгімелеп берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстанда үш жылда мәдениет қызметкерлерінің жалақысы 2 есе өсті
Қазақстанда мәдениет қызметкерлерінің еңбекақысы үш жылда екі есе өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
1 триллион теңге резервте тұр – ҰЭМ түсіндірді
Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин Сенатта өткен брифингте республикалық бюджетке енгізілген "жаңа бастамаларға арналған шығындар" бабы туралы егжей-тегжейлі түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қатыгез шайқас: Жаңаөзендегі оқушы қыздардың төбелесі желіні дүр сілкіндірді
Желіде Жаңаөзенде оқушы қыздардың аяусыз төбелескен видеосы тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қытайдың ең кішкентай ауылдары қалай өмір сүреді? – Фоторепортаж
Қытайдың Цзянси провинциясындағы Ванкоу мен Хуанлиң — екі түрлі өмір салтының көрінісі. Бірі тарихты көзінің қарашығындай қорғаса,
екіншісі сол тарихты табыс көзіне айналдыра білді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Цзянси провинциясынан.
-
Ақтөбедегі жол апаты: Өңір басшысы зардап шеккендердің жағдайын білу үшін ауруханаға барды
Асхат Шахаров Самара – Шымкент трассасындағы қайғылы жол апатына байланысты жағдайды өз бақылауына алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Әйелінің киім-кешегін өртеп жіберген ер адам қамауға алынды
Әйелінің киімін өртеген ер адам әкімшілік қамаққа алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Республика күні қарсаңында 18 дарынды өнерпаз марапатталды
Қазақстан Республикасы күніне орай "Астана Опера" театрында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева беделді халықаралық байқаулардың жүлдегерлерімен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
2025 жылы аналарға қандай жәрдемақы төленеді?
Елімізде аналарға жәрдемақы төленеді. Бұл төлемдер қалай жүргізіледі және бала күтіп отырған аналарға қанша теңге төленеді? Толығырақ BAQ.KZ тілшісі материалында.
-
Директор қандай болуы керек? – Жаңа министр заманауи ұстаздар туралы айтты
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мектеп директорларымен және ұстаздармен кездесуде қазіргі білім беру жүйесінің даму бағыттары, мектеп басшыларының жауапкершілігі, цифрлық дәуірдің ықпалы мен жаңа буынның ерекшелігі туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматыдағы “Көк базар” тексеріледі: Саудагерлер қысым туралы шағымданған
“Көк базар” саудагерлері базар әкімшілігі кәсіпкерлерден бірнеше рет сауда орындарын босатуды талап еткенін айтады. Ал орынды сақтап қалу үшін қолма-қол миллиондаған теңге төлеу ұсынылған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстандық университет ЖИ бойынша CAREC институтының грант иегері болды
Қазақстандық университет ЖИ бойынша CAREC институтының грант иегері атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ташкент метросындағы пранк: Қазақстандық блогерге қатысты іс сотқа жіберілді
Алматы полициясы Ташкент метросында ер адамдарға тиіскені үшін сынға ұшыраған қазақстандық блогер Аружан Айбековаға қатысты істі сотқа жіберді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстандық банк санкцияға ілікті: Ұлттық банк не дейді?
Ресейге қарсы Еуроодақтың 19-шы санкциялық пакеті аясында "ВТБ Банк (Қазақстан)" шектеулер тізіміне енгізілді. Бұл шешім 2 желтоқсаннан бастап күшіне енеді және Еуроодақ аумағында банкке қаржы операцияларын жүргізуге тыйым салады. Ұлттық банк төрағасының бірінші орынбасары Ерұлан Жамаубаев бұл жағдай Қазақстан экономикасына әсер етпейтінін және салымшылардың алаңдауына себеп жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ұлттық банк базалық мөлшерлеменің неліктен көтерілгенін түсіндірді
Ұлттық банк төрағасының бірінші орынбасары Ерұлан Жамаубаев Сенатта өткен дөңгелек үстелде неліктен базалық мөлшерлеменің көтерілгенін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ақтөбедегі жол апаты: Қаза тапқандардың арасында 2 бала бар
Ақтөбе облысында Самара – Шымкент тасжолында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан екі бала көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Цифрлық гигиена: Әр адам білуі керек ақпарат
Бүгінде Қазақстанда интернет қолдану деңгейі өте жоғары: жасөспірімдерден бастап ересектерге дейін көптеген азаматтар онлайн ортада белсенді. Мысалы, 2024 жылы өткізілген зерттеуде 16-74 жас аралығындағы тұрғындардың 96,2 %-дан астамы интернет қолданатыны анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматыда кезекте тұрғандарға үш мыңнан астам баспана үлестіріледі
Алматыда кезекте тұрған азаматтар үшін 3000-нан астам пәтер сатып алынады.
Қазіргі тұрғын үй қорында 885 пәтер бар, жыл соңына дейін тағы 2265 пәтер сатып алу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Көмірден жасалған эксклюзив әшекейлер: Қарағанды бренді әлемді таңғалдырды
Қазақстандық дизайнер Ольга Целлер TuLOla бренді арқылы тұрақтандырылған көмірден жасалған ерекше әшекейлерін Милан сән апталығында ұсынды. Әшекейлерді кәсіби емес, қарапайым әйелдер модель ретінде көрсетті.
-
Ерлан Сәрсембаев: Мемлекеттік егемендік туралы декларация – тәуелсіздігіміздің құқықтық іргетасы
Биыл Қазақстан Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның қабылданғанына 35 жыл толып отыр. Бұл құжат еліміздің мемлекеттілікке бастаған алғашқы және ең маңызды қадамы болды. Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Декларацияның тарихи және құқықтық маңызын атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Батыс Қазақстан облысында белгісіз дрон құлап, жарылыс болды
Батыс Қазақстан облысы Қызылтал ауылы маңынан тұрғындар ұшқышсыз ұшу аппаратының сынықтарын тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Бас прокурор: Қазақстанда қылмыс деңгейі төмендеп келеді
Бас прокурор Берік Асылов Қазақстанда қылмыс деңгейі төмендеп келе жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Онлайн-сауда мен коммуналдық салада бақылау күшейеді
Сенаттың кеңейтілген отырысында депутаттар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілетін түзетулерді қарады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ақтөбе облысындағы жол апатының себептерін тергеу жөнінде үкіметтік комиссия құрылды
Ақтөбе облысындағы жол-көлік оқиғасының себептерін тергеу жөнінде үкіметтік комиссия құрылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан қазақ тілінде сөйлейтін жасанды интеллект жүйесін әзірлеп жатыр
Қазақстанда қазақ тілінде сөйлей алатын дыбыстық тілдік жасанды интеллект моделін әзірлеу жұмысы жүріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Мектепте 20 бірінші сынып оқушысы мен 2 мұғалімді аса ірі және улы ара шағып алды
Бейсенбі күні бастауыш мектеп аумағында 20 бірінші сынып оқушысы мен екі мұғалім аса ірі және улы араның шағуынан зардап шекті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Japan Today басылымына сілтеме жасап.
-
Жасанды интеллект жаппай қысқартуға себеп болмайды – депутат
Жасанды интеллект еңбек нарығының құрылымын өзгертетіні сөзсіз. Бірақ бұл жаппай жұмыстан босатуға немесе мамандықтардың жойылуына әкелмейді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматыдағы кептеліспен күрес: жұмыс кестесін өзгерту жолдағы жағдайға әсер етті ме
Қыркүйекте кейбір мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс кестесі сағат 8:30-дан басталатын болып өзгертілген еді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Қарағанды облысында ЖИ және STEM-зертханасы бар мектеп ашылды
Республика күні қарсаңында Шет ауданының Сәкен Сейфуллин атындағы кентінің тұрғындары үлкен қуанышқа кенелді – мұнда «Келешек мектебі» ұлттық жобасы аясында жаңа заманауи мектеп өз есігін айқара ашты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Депутат: ЖИ жүйелерін міндетті сақтандырудан уақытша бас тарттық
Қазақстанда жасанды интеллект жүйелерін міндетті сақтандыру енгізілмейді. Бастапқы кезеңде бұл салада тек ерікті сақтандыру тетігі қолданылады, өйткені сақтандыру нарығы әлі мұндай жаңа өнімдерге дайын емес. Бұл туралы Сенат кулуарында Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева "Жасанды интеллект туралы" заң жобасының кейбір ережелеріне түсініктеме бере отырып мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Мемлекеттік қызметшілерге ChatGPT қолдануға рұқсат бар ма? – депутат жауабы
Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева мемлекеттік қызметшілердің ChatGPT және өзге де жасанды интеллект жүйелерін қолдануына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алдағы бес жылда 2,5 млн қазақстандық жұмыссыз қалуы мүмкін
Алдағы бес жылда шамамен 2,5 миллион маманның жұмысы автоматтандыру салдарынан жұмыссыздар қатарын толықтыруы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматы тұрғындарына жер сілкінісі туралы хабарлама келді
Алматы тұрғындарына жер сілкінісі туралы эвакуациялау жөнінде ескерту хабарламасы келді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
1414 нөмірінен SMS жіберген алаяқтарға алдансаңыз, не істеу керек?
Қазақстандықтар 1414 нөмірінен келген кодты алаяқтарға айтып қойып, жеке деректеріне қол жеткізуге мүмкіндік беретін жайттар кездесіп жатады. Сол арқылы алаяқтар қазақстандықтардың деректерін несие алу мақсатында пайдаланатын жайттар жиілеген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
12 адам қаза тапқан жол апатын тергеу үшін ІІМ Ақтөбе облысына арнайы топ жіберді
Ақтөбе облысында болған жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қалаға серуенге шыққан жүргізуші түрмеден бір-ақ шықты
Астаналық тұрғын көлік жүргізіп, жол апатына себеп болғаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда тағы жер сілкінді
ТЖМ мәліметінше, Қазақстанда жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Киім, аяқ киім, электроника, тұрмыстық техника: Мереке қарсаңында тауарлар 70%-ға дейін жеңілдікпен сатылады
Республика күні қарсаңында Сауда және интеграция министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, ішкі нарықты қолдауға және халық үшін тауарлардың қолжетімділігін арттыруға бағытталған кең ауқымды «Republic Day» акциясын іске қосты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Оқушыдан депутатқа дейін: Республика күні сіз үшін қандай мереке?
25 қазан – Республика күні. Бұл күн – қазақ халқының мемлекет ретінде тәуелсіздігіне бастау болған тарихи сәтті еске алу, елдің бірлігі мен егемендігін қадірлеу күні. Республика күні – әрбір қазақстандықтың жүрегінде мақтаныш пен отаншылдық сезімін оятатын ерекше мереке.
-
Бағдаршамның жасыл түсіне өтіп бара жатқан 7 жасар қыз баланы көлік соғып кетті
Астанада Айнакөл көшесінде 7 жастағы баланы көлік соқты. Полицияның мәліметінше, бала жаяу жүргіншілер өткелінен жасыл шам жанғанда өткен. Жәбірленуші амбулаторлық емге жіберілді, тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Миллиондаған қазақстандық жұмыс берушіден "зейнетақы бонусын" алды
2025 жылдың басынан бері 5,3 миллионнан астам қазақстандық жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарымен қамтылды. Жаңа жүйе 2024 жылдан бастап енгізілді және қызметкерлерге қосымша "зейнетақы бонусын" алуға мүмкіндік береді. Бұл шара жас буынның болашақ зейнетақысын арттыруға бағытталған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Сенат жасанды интеллект туралы заңды Мәжіліске қайтарды
Сенаттың кеңейтілген отырысында депутаттар "Жасанды интеллект туралы" заңды Мәжіліске қайтарды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматыда асфальт опырылды: Компания аккредитациясынан айырылды
Яссауи мен Дастан көшелерінің қиылысында асфальт опырылғаннан кейін Алматы қаласының қалалық жоспарлау бақылау басқармасы Достық шағын ауданындағы инженерлік желілер құрылысы нысаны бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстан ЖИ дамыту заңнамасы бойынша топ-15 елдің қатарына енді
Қазақстан жасанды интеллект технологияларын дамытуға арналған ұлттық заңнамасын бейімдеу бойынша әлемнің үздік 15 мемлекетінің қатарына енді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ақтөбе облысында жол апатынан 12 адам қаза тапты
Самара – Шымкент тасжолының Белқопа ауылы маңында DAF жүк көлігі мен жолаушылар мінген «ГАЗель» көлігі соқтығысқан, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"100% кіріс береміз": Takorp қаржы пирамидасына 117 адам алданған
Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті «Takorp» қаржы пирамидасын басқару фактісі бойынша тергеуді аяқтады. Пирамида 100% кіріс уәде етіп, азаматтардың ақшасын USDT арқылы тартқан. 117 адам қатысқан, іс сотқа жолданды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда дипфейк жасайтындар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін
Қазақстанда дипфейк жасайтындар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Әлемде: Трамп марапатталды, Дели "тұншықты", Батыс Еуропаға "метеобомба" жақындады, Солтүстік Корея зымыран ұшырды
BAQ.KZ тілшісі соңғы тәулік ішінде болған маңызды халықаралық жаңалықтар топтамасын ұсынады. Бұл шолуда әлемдегі жалпы жағдайды көрсететін оқиғалар қамтылды.
-
Қазақстан балабақшаларында балаларды 4 жастан бастап мамандыққа баулиды
2025-2026 оқу жылында Қазақстанда «Еңбек пен мамандыққа ерте жастан баулу» атты пилоттық жоба басталады. Бағдарламаға еліміздің түкпір-түкпірінен 100 мектепке дейінгі ұйым қатысады: оның ішінде 62-сі мемлекеттік, 38-і жекеменшік балабақша, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қайтарылған активтер: Қарағанды облысында 51 медициналық нысан салынды
Президенттің әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Қарағанды облысында медициналық инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өңірдің жеті ауданында 51 медициналық нысан, атап айтқанда фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялар және медициналық пункттер салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
3 трлн теңге: Қазақстандық зейнеткерлер рекордтық төлем алды
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 3,1 трлн теңгеден астам зейнетақы төленді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Парламент ғимараты маңында атыс болды
Парламент ғимаратының маңында атыс болып, бір адам жарақат алды. Шабуыл жасаған ер адам шатырды өртеп, жарылыс болған. Бұл оқиға куәгерлер арасында дүрбелең тудырды. Күдікті ұсталды, тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Бүгін 12 қалада ауа сапасы нашарлайды
Синоптиктер еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидрометке" сілтеме жасап.
-
Президент тапсырмасы: өнеркәсіптік жобаларды жүзеге асыру, жоғары деңгейлі қайта өңдеуге ерекше назар аударылуда
Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономиканы әртараптандыру және өнеркәсіп секторларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде қолданыстағы өндірістерді жаңғырту және жаңа өндіріс орындарын құру, сондай-ақ салаға белсенді түрде инвестициялар тарту жөнінде бірқатар шара қабылдады. Аталған тақырыптарда Primeminister.kz сайты шолу жариялады.
-
Терроризмге қарсы күрес штабы маңызды мәлімдеме жасады – Астана
Астанада жоспарланған терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтіп жатыр. Бұл туралы елорданың терроризмге қарсы күрес штабы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Трамп Қазақстандағы кен орындарымен келісім жасауға күш салды
АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстанның Қарағанды облысындағы вольфрам кен орындарына қатысты келіссөздерге қатысуда, деп хабарлайды BAQ.KZ Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Манамада III жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары ресми түрде ашылды
Бахрейннің Манама қаласында 2025 жылғы III жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Ұлытау-GEO" деректі фильмі көрерменге жол тартты
Ұлттың ұясы атанған Ұлытау жайлы жаңа тарихи-танымдық жоба – "Ұлытау-GEO" деректі фильмдер топтамасы жарық көрді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Үндістан президенті мінген тікұшақ әлі қатпаған бетонға жабысып қалды
Президенттің бағыты ауа райының нашарлауына байланысты шұғыл түрде өзгертілді, бірақ тікұшақ алаңы жөндеуден кейін әлі қатып үлгермеген бетонға жабысып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Hindu газетіне сілтеме жасап.
-
Францияда тағы бір мұражай тоналды
Францияның солтүстік-батысындағы Лангр қаласында орналасқан "Ағарту дәуірі – Дени Дидро үйі" мұражайы тоналды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Абай облысында жаңартылған Мәдениет үйі ашылды
Республика күні қарсаңында Жарма ауданының Шар қаласында күрделі жөндеуден өткен қалалық Мәдениет үйі пайдалануға берілді. Ашылу салтанатына облыс әкімі Берік Уәли, зиялы қауым өкілдері және жергілікті тұрғындар қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Трамп "Бейбітшілік сәулетшісі" сыйлығын алды
АҚШ президенті Дональд Трамп 1995 жылы бұрынғы президент Ричард Никсонның қоры бекіткен "Бейбітшілік сәулетшісі" сыйлығын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Gazeta.ru сайтына сілтеме жасап.
-
Трамп пен Путиннің кездесуі кейінге шегерілді
Трамп пен Путиннің кездесуі кейінге шегеріледі. Тіпті, мүлдем болмауы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бокстан Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті
Бокстан Семейдегі Қазақстан чемпионаты аяқталды. Чемпионат қорытындысы бойынша ел үздіктері анықталып, 2026 жылға арналған ұлттық құрама жасақталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Павлодар облысында заңсыз сақталған 11 атыс қаруы тәркіленді
Полиция қызметкерлері шаруа және фермер қожалықтарын, мал айдау учаскелерін, сондай-ақ автокөліктерді тексеріп, заңсыз сақталған қару мен оқ-дәрілерді анықтауға бағытталған кешенді жұмыстар жүргізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Футбол: Ұлттық құрама Фарер аралдары командасымен кездеседі
18 қарашада футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Фарер аралдары командасымен жолдастық ойында кездеседі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Екі облыста жол жабылды
Павлодар және Ақмола облыстарында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ "ҚазАвтоЖолға" сілтеме жасап.
-
Плюшкин синдромы һәм салақтық: Атырауда бір отбасы қоқыс арасында отыр
Атырауда СЭС қызметкерлері Вокзал маңы шағын ауданындағы пәтерден адам сенгісіз жағдайды анықтады. Онда кішкентай балалары бар отбасы қоқыстың арасында өмір сүріп келген, деп хабарлайды BAQ.KZ Aikyn.kz-ке сілтеме жасап.
-
"Есекдәме" немесе есек падаға айналған аудан адамдары дабыл қақты – Жамбыл облысы
Жамбыл облысындағы жайылымдарды тып-типыл қылған есектер енді аштан қырыла бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.
-
Ерлік пен адалдық үлгісі: "Капитан Байтасов" фильмінің тұсаукесері Астанада өтті
Республика күні қарсаңында Астанада Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының және ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен түсірілген "Капитан Байтасов" фильмі таныстырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Наверх