Все новости за 6 қыркүйек 2023
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Қазақстан мен Моңғолия өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшісі Ғабит Қойшыбаев Моңғолияның Тау-кен және ауыр өнеркәсіп министрі Жамбалын Ганбаатармен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қос азаматтығы бар 518 адам Қазақстан аумағынан шығарылды
Соңғы 5 жылда қос азаматтығы бар 518 адам Қазақстан аумағынан шығарылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Еліміздің үш қаласында коронавирусқа шалдығушылар қатары артып келеді
ОКҚ-да өткен брифинг барысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зәуре Ахметова еліміздегі коронавирус және қызылша бойынша санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жайында мәлімет берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елімізде салықтың кейбір түрлері қысқарады
Елімізде салықтың кейбір түрлері қысқарады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада Ы. Алтынсарин атындағы кітап үйі ашылды
Елордада еуропалық стандартқа бейімделген Ыбырай Алтынсарин атындағы кітап үйі ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Венецияда туристік алым енгізіледі
Венецияда енді саяхатшылардан қалаға кіргені үшін ақы алынады. Ол келесі жылдың көктемінде басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
-
Биыл СҚО полициясы “102” арнасы арқылы 89 947 хабарлама қабылдады
СҚО полицейлері 8 ай ішінде “102” арнасы арқылы 89 947 хабарлама қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.
-
Еліміздегі теміржолдардың 70% астамы жөнделді
Биыл жол жөндеу науқаны басталғаннан бері ҚТЖ желісінде 820 км астам теміржол төсемі жаңартылды, бұл жылдық көлемнің 73% құрайды. 430 астам бағыттамалық бұрма ауыстырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Туристер арасында ең танымал 5 ұлттық тағам
Отандық туроператорлар жүргізген сауалнамаға сәйкес, шетелдік қонақтар арасында ең танымал ұлттық тағам – қазақша ет, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыда мектеп автобустары 30 мектепке қызмет көрсетеді
Алматыда жаңа оқу жылында мектеп автобустары пайда болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Смайылов: Қашағанның өндірістік әлеуеті жылына 75 млн тонна мұнайға жетуі мүмкін
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов республиканың мұнай-газ саласы ардагерлерінің қатысуымен Каспий теңізінің қазақстандық бөлігін игерудің 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шарада сөз сөйледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан – Финляндия матчы: астаналықтар қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет
«Астана Арена» стадионында 7 қыркүйек күні ЕУРО-2024 іріктеу кезеңі аясында Қазақстан мен Финляндия матчы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан мен Қытайдың жол ғалымдары ынтымақтастықты нығайтуды көздейді
Цзянсу Ұлттық жол ғылыми-зерттеу орталығының ғалымдары елордасы Астана қаласына ат басын тіреді , деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
150 мыңнан астам оқушы оқу жылын жаңартылған ғимараттарда бастады
Еліміздің 150 мыңнан астам мектеп оқушысы жаңартылған ғимараттарда білім алуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Президент жаңа министрге суға қатысты мәселелерді шешуді тапсырды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовті қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыда 98 студенттік жатақхана жұмыс істейді
Алматыда студенттердің жатаханаларына мониторинг жүргізілді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ. тілшісі.
-
Тоқаев «Қазақстан халқына» қорының есебін тыңдады
Мемлекет басшысы «Қазақстан халқына» қорының төрағасы Болат Жәмішевті қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Балалардың құқықтарын қорғау үшін IT-технологиялар қолданылуы мүмкін
Бүгін Мемлекет басшысының «Әділ мемлекет. біртұтас ұлт. Берекелі қоғам», Бас Прокурордың төрағалығымен балалар қауіпсіздігі мәселелері бойынша министрліктер басшылары мен Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің қатысуымен ведомствоаралық кеңес өткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада бос жұмыс орындарына арналған кезекті жәрмеңке өтеді
7 қыркүйекте елордадағы «Жастар» сарайында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
-
Шымкентте «Мемлекеттік тіл - менің тілім» атты форум өтті
Елімізде «Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесі 5 қыркүйекте тойланып келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Балабақша тәрбиешілерінің жалақысы тағы да 30%-ға артады
2023 жылдың қыркүйегінен бастап мектепке дейінгі тәрбие және білім беру педагогтерінің жалақысы тағы да 30%-ға өседі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қытай мен Қазақстан арасындағы жүк тасымалы жылдан жылға артып келеді - Қарабаев
Қазақстан-Қытай конференциясында көлік саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елге Коспаев және ол бастаған қылмыстық топтың 7 мүшесі жеткізілді
Кипрден Қазақстанға Елдос Коспаев және ол бастаған қылмыстық топтың 7 мүшесі жеткізілді
-
Шымкентте 20-дан астам оқу орталығы жұмыссыз азаматтарды тегін оқытады
Шымкентте жұмыс берушілерден түскен өтінішке сәйкес қыркүйек айынан бастап 24 оқу орталығы 1500-ден астам жұмыссыз азаматты тегін оқытады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
АҚШ Ұлттық қауіпсіздікті жасанды интеллектіге жүктейді
АҚШ-тың қорғаныс министрлігі "Лима" атты жедел топ құрады. Жаңа топ генеративті жасанды интеллектіні зерттеп, әзірлеумен айналысады, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
-
Алматының индустриялық аймағын дамытуға басымдық беріліп келеді
Алматының өңдеу өнеркәсібі 20% өсім көрсетті. Биылғы алғашқы 6 айда Алматы қаласында өңдеу өнеркәсібі саласында өндірілген өнімнің жалпы құны 979,4 миллиард теңге болды, бұл алдыңғы көрсеткіштің бестен бір бөлігіне көп, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жетісу облысында заңсыз темекіні жасыруға қолданылған автокөлік тәркіленді
2023 жылғы 24 шілдеде «Қорғас-ШХЫО» кеден бекетінде ҚР азаматына тиесілі Audi 100 маркалы автокөлікке кедендік бақылау жүргізу кезінде салмағы 22,62 килограмм "ORIS" маркалы 102 блок мөлшеріндегі темекі бұйымдары табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыда «Шоқан мұрасы» жылжымалы көрмесі ұйымдастырылды
Алматыда С.Мұқановтың әдеби-мемориалдық музей кешені 23 жылдан кейін жөндеуден өтіп, өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ. тілшісі.
-
Жолдау жаңа мүмкіндіктерге жол ашады - Бейбіт Исабаев
Жаңа Қазақстан, азаматтық қоғам, әділетті жүйе құру ең алдымен нақты қадамдарды айқындаудан басталады деген ойын жеткізді Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Президенттің баспасөз хатшысы тағайындалды
Нұрмұхамед Байғараев Президенттің баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Болат Тілеп қызметінен босатылды
Болат Тілеп Президент әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Үндістанның атауы өзгеруі мүмкін
Енді Үндістан, Бхарат деп аталуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
-
Сібір жарасынан қалай сақтану керек
ПІБ Медорталығы басшысының орынбасары сібір жарасынан сақтану жолдарын түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елордада жаңа онкология орталығы бой көтереді
Астанада Ұлттық ғылыми онкология орталығының жаңа корпусы салынып жаьтыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Экономиканың өзі қуатты этноәлеуметтік интеграторға айналды
5 қыркүйекте Астана қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша кеңейтілген республикалық кеңес өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
6 мыңнан астам теміржолшының баласы лагерьде демалды
Теміржолшылардың 6 мыңнан астам баласы сауықтыру лагерлерінде демалды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Шомылу маусымында 50-ден аса бала суға батқан
Жаз мезгілінде Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары судан 136 адамды, оның ішінде 51 баланы құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақмолада ойықжара жұқтыру ошағын жою жұмыстары жүргізіліп жатыр
Ақмола облысында халықтың арасында ойықжараға күдікпен: Жарқайың (13 адам) және Есіл (2 адам) аудандарында 15 жағдай тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Еліміз алдағы 3 жылда экономикалық тәуелсіздікке ұмтылады – сарапшы
Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» жолдауында алдағы уақытта жүзеге асырылатын нақты экономикалық міндеттерді қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Астанада тағы бір көше жөндеу жұмысына жабылады
Республика даңғылының жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
-
Жыл сайын 13 мыңнан астам қазақстандық қатерлі ісіктен көз жұмады
Бұл туралы Ұлттық ғылыми онкология орталығы басқарма төрағасының клиникалық қызмет жөніндегі орынбасары Әділбек Мұқажанов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматы тауларында қар түсті
Алматы мен Алматы облысының тауларында қар жауды, қала тұрғындары алғашқы қардың суреттері мен бейнежазбаларын әлеуметтік желілерде бөлісіп жатыр, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Албания Президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 6-8 қыркүйекте Албания Президенті Байрам Бегай Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада Орталық Азия онкологтарының апталығы өтіп жатыр
Елордада алғаш рет «Орталық Азия онкологиялық апталығы» халықаралық ғылыми-практикалық апталығы өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жатақханада орын таппаған студент не істеуі керек?
Бұл сұраққа Ғылым және жоғары білім министрінің жастар ісі жөніндегі кеңесшісі-студенттік омбудсмен Айсұлу Ерниязова жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Теміртауда жерасты қоқыс алаңдары орнатылып жатыр
Теміртауда тұрмыстық қатты қалдықтарды сақтау мен шығарудың экологиялық таза тәсілі табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Отбасының цифрлық картасы арқылы қанша адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді
Отбасының цифрлық картасыненгізудің нәтижесінде 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 595,9 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсету үшін SMS-хабарлама жолданды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақ әдебиетін дамытып алуымыз керек. Ринат Зайытов орыс әдебиетін оқыту туралы
Мәжілістің жалпы отырысының кулуарында «AMANAT» партиясының атынан сайланған депутат Ринат Зайытов мектептерде орыс әдебиетін оқытуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Халық нанды қарызға алатын жағдайға жеткен – депутат
Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ерлан Сайыров Ауылшаруашылық министрі Айдарбек Сапаровқа сауал жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Шетелден келіп оқитын студенттерге неге жатақхана беріледі?
Бұл жайында Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматымен сауда-саттық айналымын орнатқан ТОП-8 ел
Алматы қаласының экономикалық әлеуеті жыл санап артып келеді. Оңтүстік шаһардың негізгі сауда серіктестері қай елдер? Серіктестермен тауар айналымы қандай деңгейде? Осы және өзге сұрақтарға жауап алу үшін BAQ.KZ тілшісі Алматы қаласының әкімдігіне ресми сауал жолдаған болатын.
-
Еліміздегі ең көрікті жерден айырылып қаламыз. Депутат дабыл қақты
Мәжіліс депутаты Данияр Қасқарауов кәсіпкерлер рұқсат берілмеген жерге қонақүй, дәмхана салып жатқанын айтып, Үкіметке сауал жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Күнсұлу Закария Ресейдің Жоғары аттестаттау комиссиясының құрамына кірді
Ресей Федерациясы Үкіметінің өкімімен Күнсұлу Закария Ресей Федерациясының Ғылым және жоғары білім министрлігі жанындағы Жоғары аттестаттау комиссиясының құрамына кірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ринат Зайытов: Жолдаудағы барлық бағыт көңілімнен шықты
Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов Президенттің халыққа Жолдауына қатысты пікір берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Педофилдерді өмір бойына қамау ұсынылады
Жалпы отырыстан кейін депутат Асхат Аймағамбетов Мәжіліске ұсынылатын заң жобалары жайлы айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Пәтер жалдағаннан арзан. Министрлік хостелдер мен жатақханалардың бағасы жайында
Жатақхана тапшылығы қалай шешіліп жатыр? Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Асхат Аймағамбетов оқушылар тапталып қала жаздаған мектептегі жағдай туралы айтты
Астаналық мектептің бірінде тапталып қала жаздаған оқушыларға қатысты депутат Асхат Аймағамбетов пікірін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Астана әкімі жаңа ЖЭО қашан іске қосылатынын айтты
Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Жаңадан құрылған министрліктерге қанша қаражат жұмсалады? Жамаубаев жауап берді
Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Мәжілісте жаңа министрліктерге бөлінетін қаржы жайлы айтты, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.
-
Елімізде 24 мыңға жуық студентке жатақхана жетіспейді
Елімізде қанша жатақхана бар? Қай өңірлерде орын тапшы? Бұл жайында Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Өздері шешеді. Дәулет Тұрлыханов әйелді ұрған тағы бір ұлы жайлы айтты
Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың тағы бір баласы әйелге қол көтерді. Депутат ұлының әрекетіне қатысты пікір берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
АЭС салу мәселесі: Референдум өткізуге қанша қаржы керек?
Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Мәжілістің кулуарында референдум өткізуге қанша қаржы кететін алдымен есептеу керегін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Адам мен қоғам заман талабына сай болуы керек – академик
ҚР Ұлттық Ғылым академиясы Президентінің міндетін атқарушы, «Философия, саясаттану және дінтану институтының» бас директоры Серік Сейдуманов Президенттің халыққа арнаған Жолдауына қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Шымкент полицейлері жоғалған баланы анасына табыстады
Шымкентте 10 жасар бала үйден ойнауға шығып, қаланың шетіндегі әжесінің үйіне ескертпестен кетіп қалған, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Президент табиғи ресурстарды сақтауға қатысты бірқатар тапсырма берді
Мемлекет басшысы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевты қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Далада қалуы мүмкін. Мұқаев жалдамалы пәтерді жастарға сатуды ұсынды
Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев жастарға берілген жалдамалы пәтер мәселесін көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Көк тиын да қосылмаған. Депутат уәде етілген жалақы туралы айтты
Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы орманшылардың 1 шілдеден бастап көтереміз деп уәде етілген жалақысы өспегенін айтып, Үкіметке сауал жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
1,8 млн-ға жуық адамның табысы артады
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн-ға жуық қазақстандыққа әсер етпек, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Терезелері жабық, қабырғасында тарақандар жүретін вагондарға билет алу арман болды - депутат
Депутат Елнұр Бейсенбаев еліміздегі темір жол саласын сынап, пойыз вагондарының сапасы сын көтермейтінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстан-Өзбек кедендік шекарасы арқылы өткізілетін энергия ресурстары бақыланады
Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар осы мәселеге қатысты заңды қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Мәжіліс балалардың құқықтарын қорғайтын құжатты әзірлейді
Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар бала құқықтарын қорғайтын заң жобасын жұмысқа алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Бикен Римованың 100 жылдығына орай «BIKEN» I Халықаралық театр фестивалі өтеді
Б.Римова атындағы Талдықорған драма театры Қазақстанның Халық әртісі, әйгілі актриса Бикен Римованың 100 жылдығына орай «BIKEN» I Халықаралық театр фестивалі өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақтауда салынып жатқан үйдің қабаты опырылып түсті
Ақтауда салынып жатқан үйдің бір қабаты опырылып түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бүгінгі валюта бағамы белгілі болды
Ұлттық банк 6 қыркүйекке арналған валюта бағамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Сотталған азаматты азаптаған түрме басшылығы қызметінен кетеді
ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Ақмола облысының колониясындағы қызметтік тергеу нәтижелерін жария етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Түркістан облысында күзгі әскерге шақыру науқаны басталды
Кентау қаласында орналасқан облыстық жиын пунктінен күзгі әскерге шақыру науқаны аясында алғашқы 40 баланы Алматы облысындағы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің әскери бөліміне салтанатты түрде шығарып салды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ресейлік сарапшылар Жолдауды талқылады
Қазақстанның Мәскеудегі елшілігінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауына арналған дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
БҚО-да төбелестің соңы атысқа ұласқан
БҚО-да спирттік ішімдік тұтынған екі ер адам өзара жанжалдасқан. Ұрыс-керіс барысында олардың бірі аңшылық мылтықты алып шыққан, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан Италияға тауар экспортын арттыруға дайын – Әлихан Смайылов
Премьер-министр Әлихан Смайылов елімізге ресми сапармен келген Италия Министрлер кеңесі Төрағасының орынбасары – сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі Антонио Таянимен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Кейбір өңірлерде әлі де өрт қаупі бар
Қазгидромет ел аумағында 6 қыркүйекте болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бүгін Астанада дабыл жүйелері іске қосылады
Бүгін, таңғы сағат 09.00-де Астана қаласында дабыл жүйлері қосылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Банкрот болған қазақстандықтардың қарызы кешірілді
Жеке тұлғалардың соттан тыс банкроттыққа өтініштерін қабылдау 2023 жылдың 3 наурызында басталды. Жарты жылдан соң 4 қыркүйекте банкрот мәртебесін алғашқы 302 қазақстандық алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыда «Мыңжылқы» жаңа кемпинг аймағы ашылды
«Мыңжылқы» тау демалысын, трекингті, хайкингті және серуендеуді ұнататындарға арналған жабдықталған жазғы лагерь, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.
-
Пойыздың электронды билеттерін сату көрсеткіші 76% өсті
Жолаушылар пойызына электронды билеттер сату 76% өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Ақтөбе облысында тұрғынның бақшасынан 360 келі картоп ұрланды
Ұры картопты қазып алып, көлігіне тиеп алғаны анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
«Менің таңдауым – қазақ тілі!» челленджі басталды
Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Менің таңдауым – қазақ тілі!» жалпыреспубликалық челленджі басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Кентау тұрғыны жертөлесін фитозертханаға айналдырған
Түркістан облысында жатын бөлмесінің астынан жертөле жасап, есірткі өсіру үшін фитолаборатория жасаған күдікті анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бір жылда теміржол арқылы астық тасымалдау көлемі екі есеге өсті
Осы жылдың тамыз айында теміржол көлігімен астық тасымалы 2 есеге өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазақстан темір жолы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Наверх