Үндістанның атауы өзгеруі мүмкін

6 Қыркүйек 2023, 17:03
864
Бөлісу:
Үндістанның атауы өзгеруі мүмкін

Енді Үндістан, Бхарат деп аталуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Үнді үкіметі елдің тарихи атауын қайтармақ ниетте. Тіпті парламенттің арнайы сессиясына тиісті қарар дайындады. Ел Конституциясының 1-бабына Бхарат атауы енгізіледі, деп Үндістан ұлттық конгресінің басшысы Джайрам Рамеш әлеуметтік желіде жазды.

Кезінде британдықтар Бхарат атауын Үндістанға ауыстырып еді. Біздің ел мыңдаған жыл бойы Бхарат атауымен танылған. Ал Үндістан атауы отаршылдықтың символы іспеттес, сондықтан Үндістан деген сөз ел конституциясынан алынып тасталуы керек - дейді үкіметтегілер. 

G20 саммитінің ресми кешіне шақыру қағазына Бхарат Президентінің атынан қол қойылғанын айта кеткен жөн.

Өзгелердің жаңалығы