Астанада тағы бір көше жөндеу жұмысына жабылады

6 Қыркүйек 2023, 15:30
451
Бөлісу:
Астанада тағы бір көше жөндеу жұмысына жабылады
Фото: Елорда әкімдігі

Республика даңғылының жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Осыған байланысты 8-10 қыркүйек аралығында Ж.Тәшенов көшесінен А.Иманов көшесіне дейінгі учаскеде автокөлік құралдары үшін қозғалыс ішінара жабылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет, - деп жазылған хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы