Бүгін Астанада дабыл жүйелері іске қосылады

6 Қыркүйек 2023, 07:32
596
Бөлісу:
Бүгін Астанада дабыл жүйелері іске қосылады
Фото: BAQ.KZ

Бүгін, таңғы сағат 09.00-де Астана қаласында дабыл жүйлері қосылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінен мәлім еткендей, ел бойынша 5-7 қыркүйек аралығында «Қорғау-2023» штабтық оқу-жаттығуы өтіп жатыр.

Оның шеңберінде 6 қыркүйек күні Астана қаласының халықты жаппай құлақтандыру жүйелері тексеріледі. Сағат 09.00-де теле-радио арналар қамтыла отырып, электродабылдар қосылады.

Еске салайық, тетенше жағдай орын алған кезде халықтың назарын аудару үшін электродабылдар немесе басқа да дабыл құралдары қосылады, ол «Баршаңыздың назарына!» бірыңғай құлақтандыру дабылын білдіреді.

Тұрғындар бұл дабылды естіген кезде орын алған жағдайда әрекет ету туралы нұсқаулар мен ақпарат алу үшін міндетті түрде қолжетімді ақпарат қабылдау құралдарын (теледидар, радио және т.б.) қосуы керек. Қымбатты қала тургындары мен қонақтары, Төтенше жағдайлар департаменті қала турғындарын сабырлық, сақтауға, үрейге берілмеуге шақырады, - делінген ТЖД мәліметінде.

Өзгелердің жаңалығы