Шетелден келіп оқитын студенттерге неге жатақхана беріледі?

6 Қыркүйек 2023, 13:35
3249
Бөлісу:
Шетелден келіп оқитын студенттерге неге жатақхана беріледі?
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Бұл жайында Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Шетелден келген студенттер 100 пайыз жатақханамен қамтылады ма? Әсіресе, Үндістан мен Пәкістаннан көп келеді... деп сұрақ қойды БАҚ өкілі.

Шетелдік студенттердің Қазақстанда оқу үкіметаралық келісімдер аясында жүзеге асырылады. Сонымен бірге ақылы түрде. Бұл универсиеттің мүмкіндігіне сәйкес, қандай негізде келісімшарт жасасты соған байланысты орналастырылады. Жалпы, министрлік тарапынан шетелден келген бүкіл студенттерге жатақхана беру міндетті емес. Тек қана үкіметаралық келісім аясында міндетте алатын болса ғана жатақханадан орын беріледі, - деді спикер орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек, бұған дейін министрлік студенттерге берілетін хостелдер мен жатақханалардың бағасы туралы айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы