Алматыда 98 студенттік жатақхана жұмыс істейді

6 Қыркүйек 2023, 19:16
999
Бөлісу:
Алматыда 98 студенттік жатақхана жұмыс істейді
Фото: Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасы

Алматыда студенттердің жатаханаларына мониторинг жүргізілді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ. тілшісі.

Мониторингті Алматы қаласы жастар саясаты басқармасы мәслихат депутаттары және қоғам белсенділерімен бірлесіп ұйымдастырды.

Алматы қаласында 35 жоғары оқу орны бар, онда 197 мыңнан астам студент білім алады, оның 126 мыңнан астамы басқа қалалардан.

Бүгінгі таңда, қалада 98 студенттік жатақхана жұмыс істейді, онда 31 мыңнан астам студент тұрады. Бұл ретте, төсек-орын тапшылығы 32 мыңды құрайды.

Студенттік жатақханалардағы орын тапшылығын оңтайлы шешу үшін оқу жылының басында студенттерді орналастыру бойынша дайындық жұмыстары жүргізілді. Алматы қаласы Туризм басқармасымен бірлесіп, қонақ үйлер мен жатақханалар дайындалды. Қонақ үй бизнесінің нысандары студенттерді 10 мың төсек-орынға қоныстандырды, олардың кейбіреулері келешекте студенттік жатақханалар ретінде жаңғыртуды жоспарлап отыр – дейді Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Қайыржан Меңдіғалиев.

Ғылым және жоғары Білім Министрлігімен бірлесіп, Call-центр жұмыс істейтін Ахуалдық орталық құрылып, жұмысын жалғастырып жатыр. Мәселен, қазірдің өзінде 4 мыңнан астам қоңырау түскен.

Сонымен қатар жоғары оқу орындарында жатақханаға орналасуға арналған онлайн-платформа бар - бұл студенттерге онлайн түрде жатақханадан  орын алуға мүмкіндік беретін университеттің веб-сайты. Барлық университеттерде студенттер бірігіп, пәтер жалдай алатын онлайн чаттар құрылған.

Бүгін біз 170 орындық HOUSE OF THE STUDENTS-ке бардық. Мұнда әлі де бос орындар бар. Сондай-ақ, Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті 118 төсек-орыны бар «Сарбаз» қонақ үйімен бірігіп жұмыс жасайды, болашақта бұл қонақ үй студенттік жатақхана болып қайта құрылуды жоспарлап отыр- деді  Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Қайыржан Меңдіғалиев.

Естеріңізге сала кетейік, Ахуалдық орталықтар студенттерді ЖОО-ның жатақханаларындағы орындар туралы хабардар етеді, дағдарыстық орталықтар төтенше жағдайларда тұрғын үймен қамтамасыз етеді. Ахуалдық орталықтың байланыс нөмірлері +7700 255 14 43, +7707 666 00 37.

Өзгелердің жаңалығы