БҚО-да төбелестің соңы атысқа ұласқан

6 Қыркүйек 2023, 08:41
561
Бөлісу:
БҚО-да төбелестің соңы атысқа ұласқан
Фото: Нұркен Алишев

БҚО-да спирттік ішімдік тұтынған екі ер адам өзара жанжалдасқан. Ұрыс-керіс барысында олардың бірі аңшылық мылтықты алып шыққан, деп хабарлайды BAQ.KZ.

БҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 5 қыркүйекте сағат 18:45 шамасында Сырым ауданы Аралтөбе ауылында көңілді бас қосудан соң жанжалдасқан 48 жастағы ер адам бұзақылық ниетпен 34 жастағы тұрғынға аңшылық мылтықтан оқ атқан.

Сол маңнан өтіп бара жатқан әйел мен баланың аяқтарына ұшқан оқтың бытырасы тиген. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті анықталды. Қазіргі уақытта қылмыскерді ұстау бойынша барлық шаралар қабылданып жатыр", делінген полиция хабарламасында.

 

Өзгелердің жаңалығы