Еліміздегі теміржолдардың 70% астамы жөнделді

6 Қыркүйек 2023, 20:47
681
Бөлісу:
Еліміздегі теміржолдардың 70% астамы жөнделді
PHOTO
Фото: «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ

Биыл жол жөндеу науқаны басталғаннан бері ҚТЖ желісінде 820 км астам теміржол төсемі жаңартылды, бұл жылдық көлемнің 73% құрайды. 430 астам бағыттамалық бұрма ауыстырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Темір жол магистралінің жөндеу жұмыстарын орындау үшін ҚТЖ жол шаруашылығында арнайы жылжымалы құрамның 730 бірлігі пайдаланылады.

Еліміздегі теміржолдардың 70% астамы жөнделді

RM-80 және RM-2002 қиыршық тас тазалағыш машиналарымен 243 км ластанған балласт тазартылды. «Duomatic 09-32» жоғары өнімді машиналарымен 1875 км жолды түзету жұмыстары жүргізілді. Unimat MF және ВПРС техникасын қолдана отырып, 1105 бағыттамалық бұрмада және шамамен 315 км жолда түзету және соғу жұмыстары жүргізілді. Балашенко жүйесінің жолдытүзету машиналарымен 500 км теміржол төсеміне рихтовка жүргізілді. Жүрістің тегістігін жақсарту үшін «Atlas» арнайы пойыздарымен 1840 км жол тегістелді.

Еліміздегі теміржолдардың 70% астамы жөнделді

Жоғары өнімді жол машиналарын қолдану жөндеу-жол жұмыстарының уақытын қысқартады, техникалық деңгейін арттырады және жолдың сенімділігін қамтамасыз етеді.

Өзгелердің жаңалығы