Елімізде 24 мыңға жуық студентке жатақхана жетіспейді

6 Қыркүйек 2023, 12:27
1060
Бөлісу:
Елімізде 24 мыңға жуық студентке жатақхана жетіспейді
Фото: ОКҚ

Елімізде қанша жатақхана бар? Қай өңірлерде орын тапшы? Бұл жайында Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Спикердің мәлімдеуінше, республика бойынша жатақханаға деген қажеттілік - 23 686 орын.

Бүгінгі таңда елімізде 380 жатақхана бар. Ондағы төсек-орын саны - 106 203 бірлік. Оның ішінде 182 объекті бойынша 24560 төсек-орын жалға алынған. Егер аймақтарға келетін болсақ, Батыс Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Абай, Жетісу, Ақтөбе, Маңғыстау, Алматы облыстарында және Шымкент қаласында жатақханаға деген қажеттілік (автор: өңірдің өзінен және)хостелдерді жалға алу арқылы толық көлемінде шешімін тауып отыр, - деді Ақерке Абылайхан орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, бүгінгі таңда Ақмола, Қостанай, Түркістан, Қарағанды және Атырау облыстарында жатақхана деген қажеттілік 695-тен 60 орынға дейін байқалуда.

Бүгінгі таңда ең үлкен қажеттілік Алматы қаласында. Онда 14 мың орын тапшы. Астана қаласында - 5300 орын және Солтүстік Қазақстан облысында 2300 орын тапшы. Осы үш аймақта төсек-орын тапшылығы көп байқалады, - деді Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары.

Бүгін Мәжілісте депутат Дәулет Мұқаев та осы мәселе бойынша мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, жастарға жалдамалы пәтерлерді сату керек.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Алматының өзінде 12 мың орын тапшы екенін айтқан болатын. Алайда министр басқа өңірлерде тапшылық жоқ екенін атап өтті. 

Ол Алматы және Астана қаласы бойынша қорлар құрылып жатқанын мәлімдеген еді.

Өзгелердің жаңалығы