Бір жылда теміржол арқылы астық тасымалдау көлемі екі есеге өсті

6 Қыркүйек 2023, 00:22
630
Бөлісу:
Бір жылда теміржол арқылы астық тасымалдау көлемі екі есеге өсті

Осы жылдың тамыз айында теміржол көлігімен астық тасымалы 2 есеге өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазақстан темір жолы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы жылдың тамыз айында ҚТЖ желісі бойынша 1 млн тоннадан астам астық тиелді, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 2 есе жоғары.

Маркетингтік жыл ішінде 2022 жылдың қыркүйегі мен 2023 жылдың тамызы аралығында шамамен 12 млн тонна астық тасымалданды, бұл өткен маусымға қарағанда 20% жоғары.

Астық экспорты 25%, яғни 10 млн тоннаға дейін өсті.

Өзгелердің жаңалығы