Венецияда туристік алым енгізіледі

6 Қыркүйек 2023, 21:35
443
Бөлісу:
Венецияда туристік алым енгізіледі

Венецияда енді саяхатшылардан қалаға кіргені үшін ақы алынады. Ол келесі жылдың көктемінде басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Туристер шаһарды аралап көруі үшін 5 еуро төлейтін болады. 

Алымнан 14 жасқа дейінгі балалар ғана босатылады. Шара туристердің ағымын шектеу мақсатында қолға алынғалы отыр. Венецияда 250 мың адам тұрады. 

Ал жыл сайын су үстіндегі шаһарды көруге 1 миллионнан аса турист келеді екен.

Өзгелердің жаңалығы