Түркістан облысында күзгі әскерге шақыру науқаны басталды

6 Қыркүйек 2023, 09:24
806
Бөлісу:
Түркістан облысында күзгі әскерге шақыру науқаны басталды
Фото: Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Кентау қаласында орналасқан облыстық жиын пунктінен күзгі әскерге шақыру науқаны аясында алғашқы 40 баланы Алматы облысындағы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің әскери бөліміне салтанатты түрде шығарып салды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әскерге шақырылушыларға ақ жол тіледі.

Түркістан облысында күзгі әскерге шақыру науқаны басталды

Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Нұрмаханбет Бексейітұлы өңірдің жастары ҚР ҚК және де басқада әскери құрылымдарында әскери қызмет өткеруі сандық және сапасы жағынан алдыңғы қатарда жүретінін атап өтті.

Көктемгі әскерге шақыру науқанында Түркістан өңірінен 2000-нан астам азамат мерзімді әскери қызмет өткеруге аттанған болатын. Осы күзгі шақыру науқанында цифрландыру жұмысы нәтижесінде, өңірімізде тұратын 18 бен 27жас аралығындағы 3500-ден аса ер азаматқа тұрғылықты мекен-жайлары бойынша жергілікті әскери басқару органдарына шақыру туралы SMS-хабарлама жолданбақ. Сол хабарламаны алғашқы алған сіздерсіздер. Нағыз ер азамат өз отанының патриоты болуы тиіс, - деді полковник Нұрмаханбет Дюсебаев.

Айта кетсек, цифырландыру бағдарламасы аясында қазіргі уақытта әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке қою және шығару тұрғылықты жері өзгерген кезде автоматты түрде жүзеге асырылады.

Жақын арада әскерге шақырылушыларға әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу туралы куәліктер беру және әскери қызмет өткермеген азаматтарға әскери билеттер беру жойылады. Ол электронды форматқа көшеді.

Өзгелердің жаңалығы