Экономиканың өзі қуатты этноәлеуметтік интеграторға айналды

6 Қыркүйек 2023, 16:29
3209
Бөлісу:
Экономиканың өзі қуатты этноәлеуметтік интеграторға айналды
Фото: ҚХА

5 қыркүйекте Астана қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша кеңейтілген республикалық кеңес өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кеңес жұмысына Қазақстан халқы Ассамблеясының және оның Кеңесінің мүшелері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің басшылары, Парламент Сенатының депутаттары және «Бір ел – бір мүдде» Парламенттің Палатааралық депутаттық тобының мүшелері, Мәдениет және ақпарат министрлігі, «Қоғамдық келісім» РММ, ҚХА қоғамдық құрылымдары, «Ассамблея жастары», Аналар кеңесі, Ақсақалдар кеңесі, ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығы, ҚХА Ғылыми-сараптамалық кеңесі мен кафедралары, ҚХА Журналистер клубы, БАҚ өкілдері және т.б қатысты.

Сондай-ақ, конференцияға ZOOM байланыс режимінде барлық өңірлік Қазақстан халқының ассамблеялары және олардың құрылымдары қатысты.

Кеңес барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары - Хатшылық меңгерушісі Марат Әзілханов Президенттің Жолдауы біздің қоғамды ауқымды қайта құрудың жаңа кезеңі болғанын, халықтың, әрбір азаматтың әл-ауқатын қамтамасыз етуге шешуші қадам жасалғанын атап өтті.

Өзінің бір аспектісінде ауқымды саяси реформа экономикалық реформалар үшін маңызды және негізгі дайындық кезеңіне айналды.

М. Әзілханов бұл реформа еліміздегі бірлік пен келісімнің нығаюы мен ауқымды трансформация бағдарламасының табысы арасындағы тікелей көрнекі байланысты сенімді түрде көрсеткенін айтты.

Азаматтық қағидаттарында барлық этностарды біртұтас ұлтқа интеграциялаудың жаңа тұғырнамасын қалыптастыру, әрбір азаматтың біртұтас халыққа интеграциялануға саналы және белсенді рөлін көздейтін интермәдениеттілік қағидаты, азаматтардың биліктің барлық деңгейлерінде өз мүдделерін білдіру және қорғау мүмкіндіктерін кеңейту — экономикалық реформалардың тиімділігін арттырып, елдің үдемелі дамуын қамтамасыз ету үшін саяси жағдайлар жасады.

Нәтижесінде, Жолдауда алға қойылған терең және жан-жақты әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар берік саяси негізге және толық саяси қолдауға ие.

Спикер Жолдаудың басты ойы - абстрактілі жетістіктерге емес, азаматтардың өмірін нақты жақсартуға негізделген жаңа экономикалық модельге кезең-кезеңмен, бірақ шешуші көшу екенін атап көрсетті.

Сонымен бірге, Мемлекет басшысының Жолдауында әрбір азамат пен оның жеке экономикалық мүдделеріне қандай да бір дәрежеде әсер ететіндей ауқымдағы экономикалық даму міндеттері қамтылған.

М.Әзілханов Жолдаудың экономикалық міндеттерін іске асыру қоғамды шоғырландыруға, бірлік пен келісімді нығайтуға тікелей жұмыс істейтінін атап өтті.

Экономиканы әртараптандыру, қазақстандық қамтудың өсуі, өндірістің жаңа салалары қоғамда экономикалық және әлеуметтік байланыстарды дамытады әрі күшейтеді.

Адамның байланыстары мен экономикалық мүдделерінің мыңдаған жіптерімен байланған және бекітілген қоғам азаматтық, тарихтың ортақтығы қағидаттарына ғана емес, сонымен бірге объективті экономикалық мүдделерге де негізделген – бұл қоғамның әлеуметтік-саяси тұтастығының ең берік және тиімді негізі.

Экономиканың өзі қуатты этноәлеуметтік интеграторға айналуда.

Осыған байланысты Жолдау Қазақстан халқы Ассамблеясының алдына бірқатар терең семантикалық идеологиялық міндеттер қояды, оның шеңберінде Мемлекет Басшысының Жолдауы, Қазақстан халқы Ассамблеясының, Ұлттық құрылтайдың XXXII сессиясының міндеттері үштігі «Әділетті Қазақстан – Адал Азамат» қағидатын іске асыру жөніндегі іс-қимылдардың бірыңғай алгоритміне біріктірілуі тиіс.

Ассамблеяның идеологиялық жұмысында қоғамның өзін, қоғамдық құндылықтар жүйесін және тұтастай алғанда қоғамдық сананы реформалау міндеттері алға қойылады.

Бұл реформа бірлік пен тұрақтылық, әділеттілік пен ынтымақтастық, заң мен тәртіп, сенім мен жауапкершілік құндылықтарына негізделген жаңа қоғамдық этиканы қалыптастыруға бағытталған.

Ассамблеяның барлық құрылымдары-этномәдени бірлестіктер, «Ассамблея жастары», Аналар кеңесі, Ақсақалдар кеңесі және басқалары Ассамблеяның мақсаттары мен міндеттеріне толық сәйкес келетін жаңа қоғамдық этиканы қалыптастыруға бағытталған іс-шараларға назар аударуы керек.

М. Әзілханов қоғамдық тәртіпті бұзуға, көшелер мен табиғаттағы вандализмге, кейбір азаматтардың мәдениетсіздігіне, түрлі тұрмыстық қақтығыстарға бағытталған арандатуларға қатысты заң үстемдігі мен қоғамдық тәртіпті мүлтіксіз қамтамасыз етуге тағы да назар аударды.

Сондықтан, Ассамблея Президенттің «жаһандық турбуленттілік пен белгісіздік жағдайында да біз өз бағытымызды берік ұстанамыз» деген сөздерін қолдайды.

Сондай-ақ, Ассамблея мүшелерінің алдына ақпараттық-түсіндіру және алдын-алу жұмыстарын жүргізу, этномәдени бірлестіктердің «араздық тіліне» қарсы, фейктер мен арандатушылықтарға қатысты қағидатты ақпараттық және қоғамдық ұстанымдарын белгілеу міндеті қойылды.

Жолдаудың міндеттерін іске асыруға қатысты Ассамблеяның XXXII сессиясында берілген тапсырмаларды орындау тәсілдерін қайта қарау және түзету, «Бір ел – бір мүдде» депутаттық бірлестігімен жұмыстың жаңа институционалдық бағыттарын құру, бейбітшілік пен бірлік мәселелері бойынша саяси партиялармен өзара іс-қимыл және диалог құру қажеттігі атап өтілді.

Сондай-ақ, спикерлер Жолдауды іске асыру үшін Аналар кеңесінің «Ассамблея жастарының», этномедиаторлар, еріктілер, қайырымдылық жасаушылардың әлеуметтік жобалары, тілдік жобалар іске асырылатынын атап өтті.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі, «Вайнах» шешен және ингуш халықтары мәдениетін дамыту қауымдастығының» тең төрағасы Ахмед Мурадов Мемлекет басшысы Жолдауының бірқатар аспектілеріне, атап айтқанда, жаңа қоғамдық этиканы қалыптастыру, азаматтық, жауапкершілік пен патриотизм құндылықтары мәселелеріне тоқталды. Сондай-ақ заманауи жағдайда еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеудің маңыздылығын айта келе, барша қазақстандықтарды бірлік пен ынтымаққа шақырды.

Креативті экономика еліміздің, өңірдің жарқын жарнамасына, «визит карточкасына» айналатын ауқымды іс-шараларды құра отырып, талантты, шығармашыл адамдарды тартатын ірі қалаларды дамытудың қозғаушы күшіне айналады, - деген пікір білдірді Сенат депутаты Нұрия Ниязова.

Сондықтан, Қазақстан экономикасының инклюзивті өсуі халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға және елдегі қаржы нарығының дамуына ықпал етуге мүмкіндік береді.

«Қазақстан халқы Ассамблеясы кәсіпкерлер қауымдастығының» Президенті Қайрат Айтбайдың пікірінше, ел Президентінің еліміздің берік өнеркәсіптік қаңқасын қалыптастыру және экономикалық өзін-өзі қамтамасыз етуі жөніндегі Жолдауының тезистері саяси жүйені жаңғырту және қоғамдық сананы өзгертумен қатар, барлығына осы шараларды іске асыруға сенімділік береді және еліміздің әрбір азаматын және әрбір кәсіпкерді оларды орындау бойынша белсенді іс-қимылдарға шақырады.

Мемлекет басшысы халықтың әлеуметтік жағдайы мен өмір сүру сапасын жақсарту бойынша бұрын-соңды болмаған шараларды белгіледі. Президент оларға қол жеткізу біздің қоғамның келісімі мен бірлігін сақтай отырып қана мүмкін болатынын атап өтті. Біздің ортақ табысымыз әрбір азаматтың күш-жігеріне, жоғары азаматтық борышқа және әрбір азаматтың жауапкершілігіне байланысты болады, - деді «Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ төрағасы Владимир Божко.

Кеңес қорытындысы сәйкес, Жолдаудың міндеттерін түсіндіру бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу туралы шешімдер қабылданды, Ассамблея қызметінің және оның құрылымдарының негізгі бағыттары белгіленді, халықпен ынтымақтастық пен өзара іс-қимылдың жаңа нысандары, жалпы республикалық жобаларды іске асыру мәселелері қаралды.

Өзгелердің жаңалығы