Все новости за 11 сәуір 2023
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Жаңаөзен әкімі Айбек Қосуақов тұрғындарға үндеу жолдады
Бүгін халық Жаңаөзен қаласының әкімдігіне жиналды. Әкімдік алаңдағы Жаңаөзен тұрғындарына түсіндірме жұмысын жүргізді. Сонымен қатар Жаңаөзен қаласының әкімі жиналғандарға Айбек Қосуақов бейнеүндеу жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігіне сілтеме жасап.
-
БҚО-да рұқсатсыз құрылыс салудың 9 фактісі анықталды
Батыс Қазақстан облысында сәулет және құрылыс бойынша жеке және заңды тұлғалардан түскен 88 өтініш қаралды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте БҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы Мади Отарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жаңаөзендік жұмысшылардың митингісіне Астана полициясы пікір білдірді
Полиция департаменті Жаңаөзеннен Астанаға барып, талаптарын жеткізген мұнай компаниясы жұмысшыларының митингісіне қатысты пікір білдірді. Жаңаөзендік жұмысшылар санкцияланбаған митинг өткізгені үшін полицияға жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Алматы маңында жер сілкінді
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС сейсмикалық стансалар желісі 11 сәуір күні Алматы уақытымен сағат 17:02-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
ҚТЖ шаттл-пойыздармен Түркияға гуманитарлық жүк жеткізеді
Қытайдан Түркияға гуманитарлық жүк тиелген 200 контейнер «Қазақстан темір жолының» шаттл-пойыздарымен жеткізіледі. Ол жерде зілзаладан зардап шеккендерге қажетті шатырлар бар. Жүкті жедел жеткізу – Мемлекет басшысының тапсырмасы, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Әйелдер күресі: Эльмира Сыздықова – Азия чемпионы
Астана қаласында өтіп жатқан әйелдер күресінен Азия чемпионатында қазақстандық Эльмира Сыздықова (76 келі) алтын жүлде алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
ШҚО-да көктемгі аңшылық маусымы ашылды
1 сәуірден бастап өңірімізде аталық үйрек пен құрды, сондай-ақ қоңыр аюды аулаудың көктемгі маусымы ашылды. Аңшылық маусымы 15 мамырға дейін жалғасады.
-
Оңтүстік Кореяда орман өртеніп жатыр
Лапылдаған от ел астанасы Сеулден 160 шақырым қашықтықта басталған, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
-
Еліміздегі дизельдік отын мен бензинді тұтыну деңгейі
Биыл жанар-жағармай тұтыну көлемі 15 %-ға өскен, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақмола облысының 7 ауданында мұз кептелістерін жоюдың екінші кезеңі өтті
Ағымдағы жылдың 29 наурызы мен 9 сәуірі аралығында Ақмола облысының аумағында мұз кептелістерін жоюдың екінші кезеңі өткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақмола облысының ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің баға индексі
2023 жылдың наурыз айында ауылшаруашылығы өнімін өндірушілерінің баға индексі - 99,1%-ды құрады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қызылорда облысында кенеге қарсы дәрілеу жұмыстары басталады
Қызылорда облысында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының ошағы болуы мүмкін 106 елді мекен анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
БҚО-да 9 адам бруцеллез жұқтырған
Олар – Ақжайық және Шыңғырлау аудандарының тұрғындары. Қазір індет ошақтарын улау және ауру малды жою жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Әлемнің жетекші университеттерінің ғалымдары дәріс оқыды
Бүгін Astana IT University-де ҚРПрезиденті жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі Ұлттық кеңестің бірінші отырысы және ғылым апталығының аясында әлемнің жетекші университеттерінің ғалымдары дәріс оқыды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Семейде оқушы мектеп асханасында көз жұмды
Семейде 13 жастағы оқушы мектеп асханасында тамақтану кезінде қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ turkystan.kz сілтеме жасап.
-
Ресейді айналып өтетін жаңа мұнай дәлізінің әлеуеті қандай?
Кеңейтілген құрамдағы келіссөзде 6 құжатқа қол қойылды. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Әзербайжан экспорттық-импорттық тауарлар тізілімін одан әрі кеңейту үшін пәрменді іс-шаралар қабылдауға келіскенін атап өтті.
-
«Барлық сала өзекті»: Елордада Қоғамдық кеңестің отырысы өтті
Бүгін Зулфухар Ғайыповтың төрағалығымен Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Elorda.info сілтеме жасап.
-
Әділет министрі: Қазақстан - «Цифрлық нотариат» жобасын енгізген әлемдегі 3-ші ел
Министр Азамат Есқараевтың айтуынша, енді қазақстандықтар сенімхаттардың барлық түрлерін eGov Mobile арқылы онлайн форматта рәсімдей алады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Нұртөре Жүсіп Иордания елшісімен кездесті
Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп Иордания Хашимит Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Юсуф Абдельганимен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Президент «Атамекен» ҰКП президиумының төрағасын қабылдады
Президент «Атамекен» ҰКП президиумының төрағасы Райымбек Баталовты қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
-
Алматыда сауықтыру кабинеті ашылды
Алматыда Психикалық орталықта балалардың сөйлеу қабілетін, әлеуметтік дағдыларын дамытуға, физикалық денсаулығын жақсартуға жән т.б қызметін оңалтуға арналған кабинет ашылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ. тілшісі.
-
Елордада бизнес-жобаларды іріктеу жөніндегі комиссияның отырысы өтті
Астанада кәсіпкерлік бастамашылық шеңберінде жастарға берілетін микрокредиттер бойынша бизнес-жобаларды іріктеу жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Elorda.info сілтеме жасап.
-
Korean Shamanism GUT. Астанада корей шаманизмі тақырыбына арналған көрме ашылды
Елордада Тұңғыш Президент кітапханасында «Korean Shamanism GUT: Breath of the Spirit» фотокөрмесі ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Астанада тұрғынды гипноздап, ақшасын алып кеткен әйел ұсталды
Полицияға әйел адам арызбен жүгініп, гипнозбен ақшасын алып қойғанын айтқан, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Бір-бірін 30 жыл көрмеген әке мен бала
Семей полицейлері бір-бірін 30 жыл көрмеген әке мен баланы қауыштырды, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Криштиану Роналду 65 млн долларға ұшақ сатып алды
Жұлдызды футболшы Криштиану Роналду жаңа люкс ұшағын сатып алды, - деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Арбамен билеуден өткен халықаралық турнирдің жүлдегерлері елге оралды
Бүгін елордалықтар Н.Назарбаев атындағы халықаралық әуежайдан арбамен билеуден өткен лицензиялық турнирдің жүлдегерлері астаналық Ардақ Отарбаев пен Айдана Бегленованы күтіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Министрлік мұнайшылардың дауына қатысты ресми жауабын айтты
ҚР Энергетика министрлігі «БерАли Маңғыстау Company» бұрынғы жұмыскерлерінің талаптарына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Енді қазақстандықтар сенімхатты онлайн-режимде рәсімдей алады
Мұндай сенімхат «Цифрлық құжаттар» сервисінде қолжетімді және оны талап ету орнына ұсынуға болады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақ мемлекетінің карталары галереясы ашылды
ҚР Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында Еуразия ұлттық университетінде XV-XIX ғасырлардағы Қазақ мемлекетінің ежелгі еуропалық және америкалық карталарының галереясы ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
«Қазақстан халық әртісіне» төленетін үстемеақы екі есе ұлғаяды
«Қазақстанның халық әртісі» атағына ие мәдениет қызметкерлеріне төленетін үстемеақы мөлшері екі есеге ұлғаяды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Енді студенттер оқу орнында жұмыс істеп, табыс таба алады
Қазақстандық колледж студенттері оқу орнында өздері дайындаған өнімдерден табыс табады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Түркістандағы елді мекендерге 500 мыңнан аса көшет егілді
Түркістан облысында елді мекендерді көгалдандыру жұмыстары ақпан айында басталған болатын. Бүгінде көшет егу жұмыстары әлі күнге дейін жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Павлодарда самокатты жалға алу қызметі іске қосылды
Ертіс өңірінде электр самокаттарын жалға алу қызметі пайда болды, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің Павлодардағы тілшісі.
-
Оңтүстік өңірлерге 1500 тоннадан астам дизель отыны жөнелтілді
Шымкент мұнай өңдеу зауыты дизель отынының негізгі бөлігін оңтүстік өңірлерге жібереді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Сүт өнімдері бір жылда 29% қымбаттады
Қазақстанда сүт өнімдерінің өндірісі бір жылда 1,2% өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елордалық жас қыз 12-қабаттан секіріп кетті
Астанада жергілікті тұрғын «Мирадж» ТК-ның 12-қабатынан құлады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
«ҚазМұнайГаз» өкілдері жаңаөзендік мұнайшылармен кездесті
ҚМГ өкілдері жаңаөзендік бір топ мұнайшымен келіссөз жүргізді, деп хабарлады BAQ.KZ.
-
Республикалық трассаларда жаяу жүргіншілер өткелдері салынды
Қозғалыс қарқындылығы жоғары республикалық күре жолдарда жаңа жерүсті жаяу жүргіншілер өткелдері салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Депутат Алматының таулы аудандарына құрылыс салмауды ұсынды
Депутат Андрей Лукин Алматының таулы және тау бөктеріндегі аудандарындағы құрылысқа мораторий жариялауды ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жыл басынан бері 8,1 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды
Кәсіпорын басшыларына 31,6 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Үкімет Қашаған мен Қарашығанақ операторларына талап арыз түсірді
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкіметтің Қашаған мен Қарашығанақ операторларының үстінен арыз түсіргенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Камчаткада жанартау атқылады
15 шақырымға күл шығарған Шивелуч жанартауының атқылауы Камчатканың жергілікті уақыты бойынша 11 сәуірге қараған түні болды, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
-
Смайылов ЖЭО мәселесіне қатысты: Алдын ала болжау жүйесі істемейді
Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.
-
Жеңілдетілген микрокредит алуға 760-тан астам өтінім түсті
2023 жылғы 10 сәуірдегі жағдай бойынша «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ-ға қазақстандықтардан кәсіпкерлік бастамаларды іске асыру үшін жастарға берілетін жылдық 2,5%-бен жеңілдікті микрокредиттер алуға 761 өтінім түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Джо Байден президент сайлауына қатысады
Ақ үй басшысы Джо Байден 2024 жылы өтетін президент сайлауына қатысады, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
-
«Жауап сапалы болу үшін орысша айтамын». Жаңа министр тілге қатысты
Үкімет кулуарында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев журналистерден қазақ тілін үйренуге жарты жыл уақыт сұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тоқаев жоғары лауазымды тұлғалар арасындағы сыбайлас жемқорлықты анықтауды тапсырды
Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағалиды қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Олимпиада жүлдегерлері қанша сыйақы алады?
Ашық НҚА порталында Халықаралық спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен олардың жаттықтырушыларына берілетін сыйақы сомасын айқындайтын бұйрық жобасы жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Төтенше жағдай қатерін азайту орталығының қызметкерлері қанша жалақы алады?
Алматыда ашылатын Төтенше жағдай қатерін азайту орталығының қызметкерлеріне жалақы халықаралық стандарттарға сәйкес төленетін болады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
«Талаптары шашыраңқы». Министр жаңаөзендік мұнайшылар туралы
Бұл туралы Үкімет отырысынан соң Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматыда семсерлесуден ҚР-ның VI спартакиадасы жалауын көтерді
Алматы қаласындағы Кәркен Ахметов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат колледжінде семсерлесуден ҚР VI жазғы Спартакиадасы басталды, деп хабарлайды BAQ KZ Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Көлгінов маңғыстаулық мұнайшыларға қатысты пікір білдірді
Үкімет кулуарында Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов Жаңаөзеннен келген мұнайшылардың мәселесі қалай шешілетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ақтөбеде анасы мен баласын өлтіріп, қызын жарақаттаған күдікті ұсталды
Ақтөбе қаласын шулатқан қайғылы оқиға 29 наурызда болды. Салдарынан бүтін бір отбасыдан тек 13 жастағы қыз ғана аман қалған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елімізде Төтенше жағдай қатерін азайту орталығы ашылады
Елімізде Төтенше жағдай қатерін азайту орталығы ашылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
ДСМ хирургиялық көмек көрсету стандартын жаңартты
ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен хирургиялық (іш, кеуде, колопроктологиялық) көмек көрсетуді ұйымдастырудың жаңартылған стандарты бекітілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Министр соңғы айларда азық-түлік бағасы 0,3 пайызға ғана өскенін айтты
Биыл жазда қандай әлеуметтік маңызы бар тауарларда тапшылық болуы мүмкін?
-
Көкшетауда коммуналдық тарифтер төмендетілді
Көкшетау қаласының тұрғындары үшін қатты-тұрмыстық қалдықтарды жинау және тасымалдау қызметтері үшін тарифтер төмендетілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Өткен тәулікте 54 адам вирус жұқтырған
ДСМ коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы ақпарат жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бізге керегі тұрақты жұмыс. Елордаға келген мұнайшылар талабын айтты
Елордаға келген маңғыстаулық мұнайшылар «Қазмұнайгаз» бен Энергетика министрлігі ғимараты алдында жиналып, талап-тілектерін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
ЖЭО бойынша рейтинг жасалады
Энергетика министрі электр станцияларына техникалық аудит жүргізу аяқталғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жасырын тергеу әрекеттері кезінде 227 заң бұзу дерегі анықталған
Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталуын қадағалау прокуратура органдары қызметінің басым бағыттарының бірі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жаңа министр “Екібастұзтеплоэнергоға” салынған айыппұл аз деп есептейді
Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Азия чемпионаты: бүгін әйелдер күресінен спортшыларымыз бақ сынайды
Бүгін, 11 сәуірде Астана қаласында әйелдер күресінен ересектер арасында Азия чемпионатының алғашқы ойындары өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Әшімбаев жаңа Парламенттің алдында тұрған міндеттерді атады
Бұл туралы жоғарғы палатаның төрағасы Мәулен Әшімбаев Сенаттың жалпы отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жаңа министр ант берді
Бүгін Үкіметте жаңа Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев ант берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Атырауда бес күн бұрын жоғалып кеткен 16 жастағы қыз қайтыс болды
Атырауда бес күн бұрын үйден белгісіз бағытта шығып, жоғалып кеткен 16 жастағы Әсем Қазбекованың денесі табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
11 сәуірге арналған валюта бағамы
ҚР Ұлттық банктің валюта бағамына қатысты дерегі жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
АҚШ-та жаппай атыстан 5 адам қаза тапты
Тәртіп сақшылары оқиға орнына дереу жетіп, жаппай атыс үстінен түскен.
-
Министрлік алдына жиналған жаңаөзендіктер бейнеүндеу жолдады
Кеше түнде Астанадағы Энергетика министрлігінен жұмыссыздық мәселесін шешуді талап етіп жиналған 150-ге жуық мұнайшылар бейнеүндеу жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Баянауылда 32 жылда алғаш рет мектеп салынады
Павлодар облысының ауылдық аймағында Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері алғашқы мектептің құрылысы Баянауыл ауданында басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тоғжанов жанар-жағармай бағасына мониторингті күшейтуді тапсырды
Ералы Тоғжанов жанар-жағармай көлемі мен бағасына мониторингті күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Иранда орта мектеп оқушылары газдан уланды
Иранда Күрдістан провинциясындағы «Мирадж» қыздар мектебінің оқушылары химиялық газбен уланған, деп хабарлайды BAQ.KZ Анадолу сайтына сілтеме жасап.
-
Жамбыл облысында қылмыстық топтың мүшелері ұсталды
Жамбыл облысында қылмыстық топ жастарды тәрбиелеу желеуімен қоғамдық қор құрып, әлеуметтік желіде белсенді жұмыс жүргізген. Топтың 9 мүшесі ұсталып, қамауға алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Қазақстанға тартылған шетелдік инвестициялар көлемі рекордтық көрсеткішке жетті
2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанға тартылған тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі $28 млрд-ты құрады, бұл 2021 жылғы көрсеткіштен 17,7%-ға артық, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкімет үйінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
11 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Қазгидромет синоптиктері 11 сәуір, сейсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елімізде тұрғын үй бағасы қымбаттады
Бір жылда пәтерлерді қайта сату бағалары – 7,3%-ға, жаңа тұрғын үйлерді сату 9,3%-ға өскен, деп хабарлады BAQ.KZ.
-
БҚО-да киіктер таскенеден қырылып жатыр
Кененің тым көбейіп кетуінен киіктер ғана емес, ірі қара да өле бастаған. Ал жылда киіктердің қаптауынан онсыз да жапа шегіп келе жатқан шаруалар биыл таскенеден құтылудың жолын таппай отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.
-
Қызылордада тағы бір жасөспірім төбелесте алған жарақатымен ауруханаға жеткізілді
Қызылордада тағы бір жасөспірім төбелесте алған жарақатымен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жамбыл облысында 538 бизнес нысан негізсіз тексерілген
Жамбыл облысында мемлекеттік кірістер органдары 538 бизнес нысанға негізсіз тексерулер жүргізген, деп хабарлайды BAQ.KZ 24.kz-ке сілтеме жасап.
-
Астана прокуратурасы 160 балаға тиесілі алиментті өндіріп берді
Биыл бірінші тоқсанда елордалық прокуратура 160 балаға алимент алуды қамтамасыз етті, деп хабарлады BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.
-
Елімізде аяқ киім өндірісі бір жылда 43%-ға артты
Биылғы қаңтар-ақпан айларында елімізде 286,7 мың жұп аяқ киім шығарылды. Жылдық өсім – 42,9%, деп хабарлады BAQ.KZ energyprom.kz порталына сілтеме жасап.
-
Қызылордада үшем дүниеге келді
Байқоңыр қаласында тұратын 31 жастағы Әйгерім Әлімханова «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында Айлин, Анель, Адель есімді үшемді дүниеге әкелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
БҚО-да мас жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кетті
Оқиға Атырау-Орал тасжолындағы Круглоозерное ауылының маңында болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Наверх