«Жауап сапалы болу үшін орысша айтамын». Жаңа министр тілге қатысты

11 Сәуір 2023, 12:40
1156
Бөлісу:
«Жауап сапалы болу үшін орысша айтамын». Жаңа министр тілге қатысты
Фото: автордан

Үкімет кулуарында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев журналистерден қазақ тілін үйренуге жарты жыл уақыт сұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол журналистердің сұрағына қазақ тілінде толыққанды жауап бере алмады. Кейін БАҚ өкілдері Үкімет отырысынан кейін Алмасадам Сәтқалиевтен қойған сұрақтардың бәріне неліктен тек орыс тілінде жауап беретінін сұрады.

Ана тілімді білемін, бірақ тілді білу деңгейімді көтеру керек. Маған жарты жыл беріңіз, мен қазақша барлық сұраққа жауап беремін. Сапалы болғанша, мен орысша жауап беремін, - деп жауап берді Сәтқалиев. 

Еске салайық, бұған дейін Алмасадам Сатқалиев депутаттардың сауалына қазақ тілінде жауап бере алмағаны үшін сынға ұшыраған болатын.

Өзгелердің жаңалығы