Елімізде аяқ киім өндірісі бір жылда 43%-ға артты

11 Сәуір 2023, 02:13
2041
Бөлісу:
Елімізде аяқ киім өндірісі бір жылда 43%-ға артты
Фото: 7kun.kz

Биылғы қаңтар-ақпан айларында елімізде 286,7 мың жұп аяқ киім шығарылды. Жылдық өсім – 42,9%, деп хабарлады BAQ.KZ energyprom.kz порталына сілтеме жасап.

Республика бойынша аяқкиімнің айтарлықтай бөлігі 153 мың жұп Алматыда шығарылды. Көшбасшылар үштігінде Алматы (48,5 мың жұп) және Жамбыл (27,9 мың жұп) облыстары бар.

Өндірістің артқанына қарамастан, былтырғы 12 айдың қорытындысы бойынша жергілікті компаниялар аяқ киімге деген сұранысты (экспорт пен ішкі нарықта сатуды) 4,2%-ға ғана қамтамасыз еткен. Нарықтағы отандық өнім үлесі 1,5 есеге жуық өскенімен, бұл көрсеткіш өте төмен.

Аяқ киім импорты бір жылда 22,9%-ға дейін азайды. Экспорт көлемі де 50,2%-ға дейін төмендеген.

Ішкі нарықта аяқ киім сату былтырғымен салыстырғанда 21,6%-ға аз.

Ақпан айының қорытындысына сәйкес, аяқ киім бағасы бір жылда 20,5%-ға артты.

Бағаның ең жоғары өсуін Маңғыстау облысының тұрғындары сезінді. Мұнда бір жылда баға 31,5%-ға артқан. Антилидерлер үштігіне Шымкент (30,2%) пен Астана (28%) кірді. Бағаның ең аз өсімі Ұлытау облысында тіркелді. Мұндағы өсім – 13,7%.

Өзгелердің жаңалығы