Джо Байден президент сайлауына қатысады

11 Сәуір 2023, 12:48
728
Бөлісу:
Джо Байден президент сайлауына қатысады
Фото: pravda.com.ua

Ақ үй басшысы Джо Байден 2024 жылы өтетін президент сайлауына қатысады, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Ол бұл ниетін жергілікті "Эн-би-си" телеарнасына берген сұхбатында жария етті. Байден саяси додаға Демократиялық партияның атынан түседі. 

Сондай-ақ осы саяси ұйымның атынан Камала Харрис те вице-президенттік лауазым үшін бағын сынап көрмек. Байден қараша айында 80 жасқа толады. Ол - АҚШ тарихындағы ең егде президент. 

Жақында жүргізілген сауалнамада Демократиялық партияға жақтас жұрт жасы келген саясаткердің сайлауда үміткер атануына алаңдайтынын ашық айтқан. 

Өзгелердің жаңалығы