Криштиану Роналду 65 млн долларға ұшақ сатып алды

11 Сәуір 2023, 17:10
772
Бөлісу:
Криштиану Роналду 65 млн долларға ұшақ сатып алды
Фото: Sports.ru

Жұлдызды футболшы Криштиану Роналду жаңа люкс ұшағын сатып алды,  деп хабарлайды BAQ.KZ.

2015 жылдан бері Криштиану 8-10 жолаушыға арналған Gulfstream G200 ұшағына иелік еткен еді. Қазір футболшының балалары өсіп, көбейіп үлкен ұшақты сатып алу қажет болған. Сатып алған жаңа ұшағы 18 адамды сыйдыра алады. Португалиялық VIP басылымының мәліметінше, Криштиану Роналдудың ұшағы 65 миллион доллар, яғни 60 миллион еуроға жуық. Ұшақ жанармай құюсыз 14 000 шақырым ұшуға қабілетті.

Ұшақ кереуеттермен, шкафтармен, электр пешімен, тоңазытқышпен, арнайы ойын-сауық жүйесімен және басқа да ыңғайлылы құралдармен жабдықталған. Қазіргі уақытта Роналду бір маусымда 200 миллион еуроға жуық табыс тапқан әлемдегі ең көп жалақы алатын футболшы. 

Сондай-ақ барлық спорт түрлері бойынша ең жоғары жалақы алатын спортшылардың бірі. 

Криштиану Роналду мен жұбайы Джорджина Родригес қазір Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта тұрады. Атақты жұп португалдық футболшы Аль Насрға ауысқаннан кейін Таяу Шығысқа көшкен еді.

Өзгелердің жаңалығы