Министр соңғы айларда азық-түлік бағасы 0,3 пайызға ғана өскенін айтты

11 Сәуір 2023, 11:25
802
Бөлісу:
Министр соңғы айларда азық-түлік бағасы 0,3 пайызға ғана өскенін айтты
VIDEO
Фото: автордан

Биыл жазда қандай әлеуметтік маңызы бар тауарларда тапшылық болуы мүмкін? Үкімет отырысынан соң осы сауалға Премьер-министрдің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ешқандай тапшылық болмайды деп есептеймін. Қазіргі таңда біздің сақтандыру қорымызда тауар жеткілікті көлемде. Оның ішінде де картоп, сәбіз және асқабақ та бар. Сол себепті ешқандай мәселе жоқ деп есептеймін. Соңғы 5 аптада баға  0,3 пайызға өсті, - деді Жұманғарин.

Премьерден журналистер бензин бағасының азық-түлік бағасына қаншалықты әсер ететінін сұрады.

Оның әсері азық-түлікке айтарлықтай көп емес. Жалпы, азық-түліктен бөлек басқа да тауарлар мен қызметтерді есептеу қажет. Әрине, белгілі бір әсері болады, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы